«Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П. Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зрттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды. Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б.Т. Лихачев, Ю.К. Бабанский, В.М. Коротов және т.б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарлары эмпирикалық жолмен жинақталған педагогикалық процестің әртүрлі жақтары жайлы білімдер болдады.
Сонымен, педагогикалық процесс дегеніміз – білім берудің міндеттерін шешу мақсатындағы қоғамның, сондай-ақ жеке тұлғанң қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқыту мен тәрбиенің құралдарын пайдалану арқылы білім берудің мазмұны төңірегіндегі педагог пен тәрбиеленушілердің арнай ұйымдастырылған әрекеттестігі.
Педагогикалық процестің заңдарын білу оқытушы іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға мүмкіндік береді. Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді.
Қандай да болмасн қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін мұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар-оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Әлеуметтік жүйенің кез келген түрі сияқты педагогикалық процесс те ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесс те солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т., Афанасьев В.П., Блауберг И.В., Содовский В.Н. және т.б.):
Қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатқа ие, оның қызмет атқаруы мақсатқа сәйкестік сипатты білдіреді;
Жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) тұрады;
Жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;
Жүйенің белгілі бір өоры бар, ол оның қызмет істелуімен тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
Жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен байланысын көрсетеді;
Жүйенің ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
Жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады.
Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі так қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасындағы оның орнын анықтауғы және «ұстаздар-студенттер» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса, қандай да шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның prosessis - қозғалыс) «алға басу» 1) «жағдай»; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-студенттер» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді.
Процесс ұғымының мәні «педагог-студент» жүйесіндегі оқытушыға бірізді ұйымдастырылған әрекеттер жиынтығы негізінде соңғы нәтиже қандай болуға тиіс екендігін, ол үшін қандай өзгерістер жасау керектігін нақты білуді талап етеді.
Қазақстанда педагогикалық процестің негізін қалаған Н.Д. Хмель болатын. Сондай-ақ педагогикалық процестің мәнін айқындау оның көптеген элементтерін айқындаумен тікелей байланысты.
Қазіргі кезде біртұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбәр тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында студент және студенттер ұжымы бір жағынан, тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Тәрбиенң субъектілері мен объектілерінің арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарих. Бұл педагогикалық процесс түсінігінінің өзі бірден қалыптасқан жоқ. Ұлы танымал ғалымдардың зерттеулеріне байланысты педагогикалық процестің өз алдына түрлі қырлары мен заңдылықтары айқындалды. “Педагогикалық процесс” анықтамасын ең алғаш Каптерев П.В. анықтады. Ол оны “білім беру процесі” ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Каптерев ұсынып отырған анықтамада “педагогикалық процес” ұғымы біртұтас үлкен бір құбылысты көрсететіні, оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды.
С.Т.Щацкийдің пікірі бойынша, педагогикалық процесс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі болып саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттер мен ықпал ететін обьектінің психо-физиологиялық ерекшеліктері және ұстаздардың іс-әрекеті.
А.П.Пинкевич болса педагогикалық процестің мектептің қоғамдық өмірдегі рөлінен туатын әлеуметтік және педагогикалық, психологиялық аспектілерінің бірлігінен тұратынын көрсетеді.
А.С. Выготский педагогикалық процестің жағдайын білу деген идеяның болашағы өте зор, оны зерттеуге көңіл қою керек дейді.
А.С.Макаренко, М.А.Данилов, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, т.б. педагогикалық және тәрбиелік процесті бір мағынада түсіндіреді.
В.А. Сухомлинский “педагогикалық процестің тұтастығын мұғалім мен оқушының рухани бірлестігі және үлкен адамның басшылығы” деген ойы маңызды.
Л.Ф.Спирин, М.А.Степенский т.б. пікірі бойынша “педагогикалық жүйедегі тәрбиенің обьектілері мен субьектілерінің іс-әрекеттері бөлінбейтін біртұтас тәрбие процесі болып есептеледі”.
Педагогикалық процестің түпкі мақсаты – ол “қоғамдық қатынастардың жиынтығы” жеке тұлғаны қалыптастыруы керек. Әрбір жаңа ұрпақ өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруі керек, жеке тұлғаның қалыптасу шарты осындай. Өзіне тән әрекетсіз тәжірибені игеру мүмкін емес.
Педагогикалық процестің “ұстаздар – оқушылар “ қатынасындағы мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар айналымы үнемі жүріп отырады. Басқаша айтатын болсақ, педагогикалық процесс оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және қоғамдық өмір мен еңбекке дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Ал енді біртұтас педагогикалық процесстің бөліктеріне (компоненттеріне) келер болсақ, педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы түсінік оның теориясын жасаудан біраз уақыт бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың кейбір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е. Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев және т.б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады.
Педагогикалық процестің элементтерін алғаш енгізген А.Г. Калашников болды. Ол педагогикалық процестің құрылымын (компоненттерін) төмендегідей қарастырады:
Мақсаты;
Міндеті;
Мазмұны;
Формасы;
Әдіс-тәсілдері.
Бұл компененттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татаымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншіліктеріне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылықты даму процесінің көзіне айналады.
Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, университеттің материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының спасы жоғарылайды. Қазақстан Республикасының субъектісі «Білім беру» туралы Заңында (1992 жылғы 18 қаңтар): «Мемлекет ... білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді», - деп жазылған.
Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
М.А. Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі, тәрбиенің мақсаты болады.
Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды (студенттерді) жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзаттық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер, мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіріуінде.
Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процесс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процестегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік, экономикалық талаптарына, саясатына байланысты.
Бөліктерінің ерекшеліктерін қарастырайық. Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындағы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықталады. Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері таңдап алынатын іс-әрекеттің мақмұнын анықтайды.
Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибеде заттың өзінің жеке-дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекетті айқындау (затсыздандыру). Мұғалім бұл тәжірибе қандай іс-әрекет әдістері арқылы жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру).
Іс-әрекет педагогикалық міндеттерді шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болып табылады. Туған кещінен бастап даму кезіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.
Сонымен, педагогикалық процестегі студенттердің іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатта ұйымдастырылған іс-әрекет олардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал етуді қалыптастыру барысындағы тұлғаның ортамен (тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу маңызды.
Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бір ғана іс-әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің өзі барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде маңызды.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай отырып мынадай қорытынды жасауға болады:
Қандай да болмасын біршама аяқталған салыстырмалы оқу орны жұмысының нысаны болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, оқу орны шектері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлә құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғышарттарын көруге болады; кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралдырын қолдану мақсаты мен міндеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді.
Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбек затын» талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқытылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындау қажет. Студенттер үшін таным іс-әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады.
Педагогикалық процесс компоненттерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бқліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігін көрсетеді, оны ескермейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл, әрине, бөліктер арасындағы байланыстарды анықтаумен бірге белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларда да анықтауды шамалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |