Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет100/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
203 
Екінті кезінде Бөжей үйінен ет жеп болып, енді үлкендермен қоштасып, 
жүруге рұқсат тілеп еді. Сол уақытта Байсал Абайды қасына шақырып алып, 
маңдайынан йіскеді де: 
- Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылыұшырап көріскен 
жоқ ем. Бірақ, барлық көрген-сезгенім есімде. Ана бір жыл Қарқаралыда сенің 
ажарыңды ұнатып, мейірі түсіп кетіп, Бөжікең бата беріп еді-ау! Сондағы сөзі 
есіңде болар. Сенен үлкен дәме ғып, бата берген еді. Мен онда жақтырмап ем. 
Ағайынға әділет ойлап айтқан жақсы лебізіңді есітіп жүрмін. Бүгін мынау 
күндерде Бөжікеңе адал іні боп, бетіңді аштың. Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе 
өстіп ақтағайсын! Ақтарсың деп білемін! Ақтар-ақсын, шырағым. Тек өмір 
деген ит, жаңсақ бастырмаса екен! Өрісің алда! Бетің дұрыс! Дәл осы бетіңнен 
жарылғасын! - деп бата берді. 
Байдалы, Сүйіндік, Құлыншақ та жақсы бейілмен қостап, бірге бата 
қылысты. Абай ешнәрсе айтпады. Тек қана үлкендерге еріп бата қылып: 
- Рақмет! Батаңызға рақмет! Дегеніңіз келсін. Байсал аға! - деді. Осыдан 
соң үй ішімен қоштасты да, Ерболды ертіп атқа мінді. Бұл уақытта Ұлжан да 
арбасына мініп, жүріп кеткен екен. 
Абай мен Ербол желе жортып, ат жүрісіне зорға шыдап отырып, Ботақанға 
жетті. Ұлжан бұлардан бұрын келіп, қонақ үйді оңашалап, сонда екеуіне де 
қалың төсек салғызып қойған екен. 
Абай келіп үлкен үйге кірген жерде, әжесімен амандаса сала, Ұлжанға 
қарап: 
- Үйқы, ұйқы! Апа, жалғыз ғана ұйқы! - деп төрдің алдына жантая кетті. 
Өмір бойында Абайдың ең алғаш рет ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы 
қатып, қажыған жолы осы еді. Қазір шешесінің үйіне кірісімен дәл ерке 
баланың күйіне келді. Ұлжан Абай мен Ерболға бір-бір кесе қымыз ішкізді де, 
өзі ертіп барып, қонақ үйге жатқызып, үстерін жауып салды. 
Осы кезде жастыққа бас қойған екі жігіт осыдан осылай ұйқтап 
жарысқандай боп сілтесті. Келесі күн түсте бір оянып, қымыз ішіп алып, кешке 
шейін қайта ұйқтады. Ымырт жамыла және бір оянып алып, тағы қалғып 
отырысып, елден бұрын тағы ұйқыға кетті. Екінші күннің сәскесінде ғана 
барып бұл екеуі ел қатарына кіріп, анық сергіп тұрды. Екі түн, бір күн ұйқтаған 
Абай осы қалың ұйқының уағында өзінің қандайлық абыройлы, атақты жақсы 
жігіт атымен оянғанын білген жоқ еді. 

Бұл күндерде бір жайлауларды кернеген жалғыз әңгіме - Бөжей асы туралы. 
Ас берген ел, асқа барған ел және үйде қалса да, барғандардан көп әңгімеге 
қанған ел, - тұтасымен бір жайды аңыз етеді. Сол лақап бір Тобықтының іші 
емес, алыс-жақындығы, ой мен қырдағы қалың рулардың баршасына да тарап, 
селдей жайылып кетіп жатыр. Абай өзі ас ошағы мен қонақ үйлердің арасында 
соншалық бейіл салып, сарп ұрып жүргендіктен, бұл астың қаншалық 
ұлаңғайыр уақиға болғанын байқамапты. 


 
204 
Анығында Бөжейдің асы бір Тобықты емес, тіпті бұл өңір, бұл атрапта 
талайдан болмаған ас делінді. Молшылық, сый-сипат, рет сыпайылық, барлығы 
да үлгі-өнеге берерлік бопты. 
Бүгінгі күн осындай ғып, дақпыртын көрген кәрі-құртаң, жігіт-желең, 
қатын-бала, әрине, бұл уақиғаны оңайлықпен ұмытпайды. Әңгіме етулері жаз 
бойы емес, күзге де, қысқа да созылады. Дағды бойынша, мезгіл өтіп, уақыт 
алыстаған сайын, бұл астың айналасына талай қоспа әңгіме, жаңсақ жамаулар 
да жабысады. Сүйтіп, келесі жылдарда осы аста жыққан балуан, осы аста 
бәйгеден келген жүйрік, осы аста жақсы айтылған қалжың, жақсы сөзбен 
көрінген шешен жандардың аты оқшауланып. ұмытылмай ере жүретін болады. 
Бұлай болатын себеп бар да, себепші бар. Ол сол ас берушілерден шығады. Ас 
өлік үшін ғана емес, әсіресе, тірілер үшін керек. Олар өлімді сылтау етіп 
өздерінің абыройын, атағын, мақтанын, айдынын да асырады. Сондықтан асты 
кім болса сол жасамайды, тек жуан, бай, құдіретті күштілер ғана жасайды. 
Өмірде кедейдің асы деген ас болмайтын себебі де сол. 
Ал атақтыға, жуанға, мықтыға жасалған ас сол өліктің артқы тобын тағы 
нықтап, мықтай түседі. Сол үшін ас бергендер өз әрекетін жаңағыдай көпке 
әшкерелеуге ынтық болады. 
Солардың данқ беріп дәріптеуі бойынша Тобықты ортасы бұдан былай осы 
жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болады. Ас 
жылы туған бала ғана емес, астан бірер жыл бұрын туған, бірнеше жыл кейін 
туғанды да сол астың «аржақ-бержағы» деп, асқар белден бастағандай, 
межелейтін болады. Бөжей асының атағы сондай. Енді осы жыл түскен келін, 
осы жыл елген жас-кәрі, осы жыл болған құдалық, бала сүндеттеу, күйеу келу 
де, баршасы да астың жылымен саналды. Тек адам жайы емес. 
Кейде кейіндеп барып атақ алатын бәйгелер болса, солар да Бөжейге ас 
берген жылы тай еді, құнан еді, немесе, іштегі құлын еді деп сөйленетін болады. 
Ұлы дүбір, үлкен астың осындай боп, уақыт өлшеуіне айналып кететіні 
анық. Бірер буынға шейін ұмытылмастай есте қалатыны бар. 
Ерте күнде болған төренің асы, Бопының асы дегендер дәл осындай боп, 
ұмытылмай келген. 
Тобықты ішінің қазіргі мол дабыры да сондай боп, ен жайлаудын барлық 
тау-сеңгірін, ой-өлкесін қатты жаңғырықтырды. 
Міне, осындай ұлы дүбірдің арасында, сол асқа жақсы қызмет етіп, жақсы 
атақ алған жандардың аттары да қазіргі күнде көптен көп айтылып, ауызға 
ілініп кетті. 
Асты жақсы басқарған Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер бір төбе. 
Бірақ көп аузына олардан да бұрын ілінген - жас қана жігіт Абай аты бопты. 
Айтушылар Абайды ең әуелі Құнанбаймен шайқастырады. Тоңы 
жібімейтін, зәрі қатты қырыс әкені Абай қатты кінәлапты-мыс. 
Талай мың қонақтың ішінде Абай күткен қонактар өзгеше бір естен кетпес 
сый көріпті. 
Барлық жиынның мейрімін түсіріп, тегіс баталарын алыпты. Сондай бір 
жұртқа жаны ашитын, жақсылықты көксейтін, ақылы кемел бір бала шығыпты. 
Бірталай үлкендер Зере мен Ұлжанға да көп алғыс айтады екен. «Бет 
нұсқайтын Зере. Ел анасы боп, көптің тілеуін, көптің амандык, тыныштығын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет