24
- Түсіңдер! - деп бұйырды да, бәрін аттан түсірді. Борсақтың да оны
қостайтын біреуі табылды. Ол Жексен дейтін дәукес шалдың інісі - Жетпіс еді.
- Қөрден бас бұрмауын, көрде басы қалғырдың! - деді Жетпіс те.
Қодар мыналардың әдейі келген жәйін байқап бұрылды да, сабырлы суық
жүзбен:
- Нелерің бар, жандарым? - деп еді. Қамысбай тепсініп кеп:
- Неміз болушы еді? Сендерді ұлық шақыртып жатыр. Мына Қарашоқыда
елдің игі жақсысы жиналып отыр, тосып отыр! – деді.
- Жақсың кім? Ұлығың кім өзі?
- Ұлығым старшын Майбасар, бастығы Құнанбай. Мына келініңмен
екеуіңді жауапқа шақыртады. Тұр, жүріңдер!
- Сандалып жүрмісің? Не ақың бар?
- Не дейсің? Әкім шақырса, ақың не деймісің?
- Құдай жүзін көрмегір, мынау кім өзі әкіреңдеген! - деп Қамқа қаны
қайнап, қатты ашуланды.
- Құдай жүзін көрмейтін сендерсің, қос қара бет! Сенсің, шашты сайтан! -
деп, Қамысбай бастырмалатып, қамшы үйіре бастады. - Жүр, ал! Алып жүр!
Мінгіз ана атқа екеуін де! - деп, қастарындағы жігіттерге бұйрық етті.
Төрт жігіт әуелі Қодарга қарай ұмтылды. Қодар:
- А, құрыған құдай, нең бар еді? - дей беріп, қасына бұрын барған екі
жігітті қойып-қойып жібергенде, біреуі мұрнын басып ұшып түсті. Бірақ
сүйткенше болмай, қалған төртеуі жабыса кетіп, даяр шылбырмен қолын
сыртына қайырып, байлап алды. Қамқаны да сүйретіп отырып, аттың жанына
алып кеп, Қамысбайдың алдына мінгізді.
Қодардың артына Жетпіс мінді. Ол да еңгезердей мықты жігіт. Жалма-жан
аттарына тегіс міне сап, күншығыс жақтағы Қарашоқыны беттеп, тұмсық аса
шаба жөнелісті. «Шабар қылыш, атар оқ, бұлармен сөйлесер сөз де жоқ. Не де
болса ұлығымен бір тілдесермін» деп ойлап еді Қодар.
Өзімен аталас болса да, жол бойы артындағы Жетпіспен де бір ауыз тіл
қатқан жоқ.
Шынында Қодар мен Қамқаның осы сорына себепкер болған да дәл осы
Жетпіс пен соның ағасы даукес, бәлеқор Жексен.
Олар Қодардың ең малды ағайыны болатын. Басында Құтжан өлген соң
осы көктемде жұрт Жексенді кінәлай бастады.
Қодар аталас жақыны еді. Әрі кедей, әрі жалғыз, жетім-жесір боп қалды.
Соған қолы ұзын Жексен қарайласса нетуші еді? «Қөшерге көлік бермей, бір
кораға жалғыз тастап кетті» деп кінәлаған-ды. Осы сөзді бір емес, екі емес есіте
берген Жексен, ең әуелі өзінің болыспауына сылтау етем деп:
- Сол құрғырдан көңілім тіксініп жүр, болыспайын демеймін, бірак,
шошып қалдым, - деп, Бөкенші - Борсақтың жиынында ең алғаш бәле сөздің
басын бір шығарған.
Артынан Сүйіндік осы сөздің мәнісін сұрағанда:
- Келінімен жақын екен ол кәпір... Маған не қыл дейсің? Қасыма алып
жүрсем, ертең бетіме түкірмеймісін? - деп ақталған-ды.
Алғашқы бір дақпыртты осымен жұртқа жайып жібергеннің бірі, енді
Сүйіндік те болды.
25
Бірақ басында өздері жайып жіберіп, кейін осы өсек, еріккен қызыл
ауыздың бәрін кернеп кеткен уақытта, Сүйіндік тағы бір келіп Жексеннен енді
анық дерегін сұраған. Жексен қыстыгүні - Құтжанның жетісі болған күні,
Қодар айтқан бір сөзді дәлел қылды.
Қодар қайғыдап сандалып, жаны күйіп отырып:
- Маңымда тұлдыр жоқ. Құдай маған қылды ғой. Кәпір өтсем де енді
кәрінен аянарым жоқ. Құдай маған қылса, менің құдайға қыларым сол... - деген.
Осыны Жексен өз бетімен топшылап, «бұл кұдайға не қылады?» деп жүріп-
жүріп кеп, ақыры: «мұнысы келіні болды!» деп байлаған-ды.
Содан бері өсекті өзі таратуына тағы бір себеп: Қодарда біраз жер бар.
Мұның қыстауына ең жақын, жерлес адам сол. Әйтеуір жәйі біткен неме ғой.
Елден қудырып жіберіп, жерін де басайын! - деген арғы түкпірде жатқан есебі
еді.
Осыдан ұшқындаған сөз Құнанбайға жетіп, одан Сыбанның жиынында
Солтабай Тобықтыны мазақ етіп сөйлепті» дегеннен бері қарай, Сүйіндік
бәленің ұлғаятынын біліп, Жексеннен қайта кеп сұрастырған. Жалғыз Жексен
емес, маңайдан да сұрау салды. Қөрші ағайын, бастығы Әйтімбет қойшы боп,
өз еркімен осының анығына жетуді ойлады. Сөз бақпаған момын ағайынның
бәрі де Қодарды қараламады. Қайғы шеккен, дертті күйін ғана айтушы еді.
Бірақ Жексен мен мына Жетпіс болса, сол қайғының өзін де:
- Әдейі істеп жүрген сырты. Сүйтпей қоя ма? Бәлені түн жамыла бастайды
ғой, - дескен-ді.
Өзі анығын білмеген және ол анық болса, осыны сылтау қып Құнанбай
Борсақ, Бөкеншіге бір нұқсан келтіреді деп есептеген Сүйіндік, сырт кісімен
сөйлескенде:
- Осы сөз бекер болар, - деген. Құнанбай алдында да соны нық ұстармын
деп еді. Бірақ Құнанбай ырық бермеді.
Оның үстіне, жақында Қодарға өзі әдейілеп жіберген Бектен көсе
жолшыбай Жексен аулына сөғып, тіпті бүлдіріп қайтты.
- Қодар: «Құдай да, Құнанбай да керек емес. Не қылсам өз еркім, менде не
ақыларың бар?» - деп қуып шықты. «Құдай маған қылса, мен құдайға қылдым»
- дегені дәл сол бәленің өзі болды! - деп ентелетіп, төндіріп келген-ді.
Құнанбай жағынан ықтап қайтқан Сүйіндік, көзі жетпесе де байлау етті.
Сонымен ақыры Қодар күйі кеп бұған соқты.
Жолшыбай «келінімен тілдестірмеймін» деп, Қамысбай Қодарды алдына
салып, өзі әдейі оқ бойы жер артта, іркіле жүріп келе жатыр.
4
Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес. Шыңғыстың үлкен биігінің бірі.
Соның бауыры әдемі, тоғайлы өзен болатын. Тал-терегі болсын және тау
қайыңы қисықша қызыл қайың болсын, барлығы да көктеп, жайнап тұр. Бұл ара
бір құйқалы, жақсы қыстау. Бөкенші, Борсақ ерте кеп, осында орнап қап, әлі
бауыр басып келеді.
|