41
деп, өз жайын термелеп кетеді.
- Қайғысы не? - деп Абай кейде шешесінен сұрайды.
- Әйтеуір, үлкен қасиеті - болымсызды дардай ғып мақтай беретін әдеті
жоқ екен. Ел ақтаған ақын емес қой. Сөзін ұғып ал осынын! - деп қоюшы еді
Ұлжан.
Тындай келе, Абай Барластан тағы бір соны сөздер есітті. Ол осы
заманның ұлығы мен бегін айтқан, сынап-мінеп айтқан сөздер.
Бір терменің
ішінде Барлас:
Аға сұлтан ұлық бар,
Елге мәлім қылыктар,
«Өл» дегенде өлмесен,
«Жүр» дегенде жүрмесең,
Малы құрым құрықтар
Кісен салып құлыптар! -
деп бір кетті.
Абай әкесінің үйде жоғын еске алып: «келмей-ақ қоя тұрса екен», «қыдыра
түссе екен» деуші еді. Шынында да Барластар келгелі Құнанбай бұл үйіне көп
қонған емес. Ол бір топ үлкендермен ел аралап, жолаушылап кеткен.
Ұлжанның Барласты жібермегені де сол. Ақын мен әнші Құнанбай жоқта
болмаса, мұның аулына онша үйір боп, бой жазып жата алмайтын.
Барлас «ұлық пен бек» дегенде кімді айтады? Онысын ашпайды. Бірақ
Абай оның мұндай жырларын ылғи өзінше ұғады. Мысалдың көбін жақыннан
іздейді. Бірақ бұл бала да сырын, ойын ешкімге ашпайды.
Старшын дейтін әкім бар,
Пайдасын көрер жақындар.
Қалың елі тек жемі,
Боранды күн тиіскен
Аш қасқырдай тақымдар...
Бұл - «старшын Майбасар» деп ойлайды Абай.
...Жарлы, зарлы демейді,
Кеңінен ашып көмейді
Түгіменен түйесін
Жұтам десе кай сорлы
Калтқы болып бөгейді?
Соны көріп ақынның
Аса түсіп ағы да
Ажымы да көбейді, -
деп «аһ ұрғандай» боп кеткенде, Абай Барластың қайғысын да танығандай
болады.
«Ел ұйтқысы шайқалды» дейді. Бұрын Абайдың естімеген зар-шері сияқты.
42
Беті-түсі айқын болмаса да,
әр заманда, әр жерде күңіреніп, қайғы шеруін
тартып жатқан кәрі әжесі сияқты, көп жасаған, көп қайғыны көрген, үлкен бір
шері бар. «Ол кім?..» дәлін, барын Абай біле алмайды.
Осы жолы Абай әрі өзі ысылып,
әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас
пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермеді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас,
Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Бертін келе түнде ол Барластың
қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Мұның ұғымтал зеректігіне
қатты ырза боп, шын сүйсінген Барлас, бір оңашада, жай ғана тақпақтап:
Шырағым, ержетерсің,
Ержетсең сірә нетерсің.
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң шыңға жетерсің. –
деп кеп Абайға домбыраны ұсынды.
- Міне, балам, осы менің батам болсын. Тіпті шынымен мейірім түсіп
айтқызып отыр, - деді. Абай ыңғайсызданып қысылды да, үндемеді. Бұл,
«Барластар ертең жүреді» деген түнде, ас алдында болған сөз еді.
Ертеңінде ақындар аттарын ерттеп, жүрерге тақағанда,
Абай шешесін
тысқа шығарып алып:
- Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы, - деді. Ұлжан
үндеген жоқ.
Қонақтар қымыз ішіп болып, енді қоштасарға келгенде Ұлжан Барласқа
қарап бір сөз айтатындай пішін білдірді. Қонақтар іркіліп қалған еді.
- Мынау балам оқудан қайтқылы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді.
Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар. Қадамы құтты
қонақ болдыңдар! - деді.
Абай шынында да дәл осы кезде өзін-өзі
бар сырқаттан құлантаза боп
арылғандай, нық бір қайрат жиып алғандай сезді. Шешесі үндемесе де, ашып
айтпаса да, «білгіш, танығыш, сыншы» сияқты көрінді. Ол бөгелсе де сөзін
бітірген жоқ-ты.
- ...Тағы да келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер.
Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала
кетіндер... Риза, қош боп аттаныңдар! - деді.
Абай тысқа шығып, Барластарды аттандырып жатып, енді көрді. Осы үйдің
екі жылқышысы Беркімбай мен Жарқын Барласқа арнап бір семіз көк атты,
Байкөкшеге арнап бір торы құнанды ноқталап ұстап тұр екен.
Екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да «қош, қош» айтып, жүріп кетті.
Абай шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі
еркелігіне басты. Ұлжанның мол денесін қапсыра құшақтап, қатты қысып,
бетінен, мұрнынан, көзінен қайта-қайта сүйді.