Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет21/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
 
 
 
 
 
 
ҚАТ-ҚАБАТТА 
 

Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күземді елден 
ерекше ерте алды. Және бұрын күзеуден бір қар жаудырмай көшпеуші еді. 
Қазірде қарашаның ортасына жетер-жетпесте қыстауға қарай тартты. 
Маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған, 
аталас елдерге көші-қон туралы жөн-жосығын айтпады. 
Сүйіндік осыған қайран боп, Бөжейдікіне түстене келіп отырып: 
- Туысқаныңның бұл сырын ұқтын ба? Бұл неғып биыл дедектеп кетті, ә? - 
деп еді. 
Үйде Бөжей мен Сүйіндіктен басқа Түсіп бар. Кесек мұрынды, шоқша 
сақал, зор дауысты. Түсіп, Жігітектің Бөжейден соңғы басты адамының бірі 
болатын. Ол: 
- Бүйтпеуші еді. Бұл неғып жүр? Әлде, күзеуінің оты тозды ма екен? - 
дегенде, Бөжей бұған барлай қарады да, мырс етті. 
- Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр, - деп Сүйіндік, 
«Бөжейде бір сыр бар-ау» деп соған бұрылды да: - Бәсе, тіпті мал тойыны да 
төтенше. Құлқын сәріден қыстауға барып, кыстыгүні несін жейді? Мұның 
күземді ерте алғаны да осы көші-қон есебі болды! - деп дағдарып қап, Бөжейге 
қарап: - Әлде сен білдің бе? Айтсаңшы, - деп еді. 
- Ақылдаспаса да соның көмген көмбесін сен табасың. Күпті қылмай, 
мүлдем, айтсаңшы! 
- Құнанбай көктемде ерте көшсе, Уақтың жерін шаба торитын. Жайлауға 
ерте көшсе, Керейдің қонысын кездейтін. Бірақ қысқа қарсы оның аты жетпес 
алыс жоқ. Әлде, Тінейдің сар құсындай өзіңе түсіп жүрмесе? - деп, Бөжей бір 
қауыптын шетін шығарды да, тоқтап қалды. Сүйіндік Бөжей сөзінен тіксініп 
қап еді. Бірақ, ешбір жердің қисыны жоқ. 
- Жаным-ау, айрандай аптап, күбідей күптеп болды ғой. Жуантаяқты қуды. 
Әнеттен алатынын алды. Көкшені де сырып салды. Енді кім қалды! Күзектегі 
Тақыртұмадан сонау жайлаудағы Байқошқарға шейін отыз көш жерде ылғи 
соның көктемі, күзеуі, қыстауы мен жайлауы! Қоныс-қонысының арасында
тіпті, түйенің қолтығы терлеп көшетін жырағы жоқ қой! - деді. 
Ырғызбаймен салысса, Жігітекте де қоныс аз, өріс тар. Ел ортасының өзге 
сөзі бір төбе болғанда. Түсіп үшін осы жай өзі бір төбе болатын. Сүйіндік 
айтқан Құнанбайдың қоныстарын есіне алды. 


 
44 
- Тіпті қозы көш жер сайын бір қоныс қой! - деді. Сүйіндік бұл жөнде 
Жігітекпен, әсіресе, мұңдас. 
- Және қоныс болғанда қандай! Тұнып тұрған көкбастау, торғындай тұма
қасқа бұлақ, көк үйірім көл. 
- Жайлауға барса ғой, өзге бір ру ел бір бұлаққа үйіліп отырса, мұның әр 
ауылы ұзын аққан әлденеше өзеннен үлеседі. 
- Осының бәрін аз жылдың ішінде басып отыр. Енді тағы қай сыбаға!! 
- Бәсе, қай сыбаға десеңші?! 
Бөжей мына екеуін құр тыңдаумен отыр еді. Енді ыза болғандай бұрыла 
берді де: 
- Е, е, сыбаға үлестіруші сен екеуің болсаң, айтарсың? - деп, қолын сілікті. 
Бұл сөзді тыңдағысы келмеді. 
- Айта берсең арман көп. Осы сары аурудан не таптың? - деп біраз қабағын 
шытып, Түсіпке түйіліп отырып: - Дәрменсізде арман көп. Бірақ арман азық боп 
па еді? Айла таппас болғанда, айттың не, айтпадың не! - деді. 
Түсіп енді түйсініп отыр. «Арман» дегені Бөжейдің өз ішін де жеп болған. 
Ши бойында осы Түсіп пен Бөжейдің атақты атасы Кеңгірбайдың бейіті бар. 
Соның тұсындағы мол қорық - Жидебай, Барақ болатын. Құнанбай қыстау етем 
деп соны да алды... Бөжей сонда қатты қорланған. Өлісіп те көрмек боп еді. 
Бірақ, Құнанбай дәл осы Түсіпті шақырып ап, ебін тапты. Түсіп Бөжейге кеп 
басу айтып, қолын бөгеп қалды. Соңғы жылдарда іште жүрген наразылығының 
көп себебі сол болатын. Со да өндімеді. Кейін Түсіпке талай рет зығыры қайнап, 
шынды айтысқанда: 
- Құнанбаймен сөз біткен. Істен басқа айла жоқ. Ер болсаң іске шыда! Ол 
болмаса дағдыңа бас, ұсына бер! - дей беретін. 
Мұны Сүйіндікке де сездіретін. Және Жігітек ішіндегі бір таянышы 
Байдалыға да айта жүруші еді. Әрқайсысына осындай оңашада көзбе-көзде ғана 
сездіретін. 

Күзеуден жеті көшіп отырып Қызылшоқы, Қыдырға, Көлқайнарға жеткен 
Құнанбай ауылдары енді осы аралардағы қыстау-қыстауына тарамақ болатын. 
Бірақ, кеше танертең Құнанбай бұйрық етіп: 
«Хабар алмай көшпесін, тарамасын!» депті. Өзі қасына Майбасарды ертіп 
Шыңғысқа кетіпті. Жер алыс болмаса да, Құнанбай күнұзын ат үстінде жүріп, 
кешке ғана қайтты. 
Келіп тускені, үлкен бәйбішесі Күнкенің ауылы еді. Мұнда бүгін сыбаға 
әкелген әйел қонақтар көп екен. Ішінде Құнанбайдың тоқал шешелері 
Таңшолпан бар. Ақбердінің шешесі бар. Және кәрі жеңгесі Бопай да келіпті. 
Күнкеге бірі келін, бірі абысын есепті Ырсайдың шешесі, Жұманның шешесі
Жортардың шешесі сияқтылар да бар екен. 
Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл бір топ ауылдар - шетінен Ырғызбай руы. 
Ұзын саны жиырма шақты ауыл. Көпшілігі Ырғызбайдың тоқалдары мен 
Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар болатын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет