Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет15/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
30 
Келуі ауылды азан-қазан қып, бала-шағаның көбін тысқа еріксіз шығарған. 
Бұл шудың басы тентек Оспан болған. 
Жиренше тазысымен конақ үйдің сыртына тақай бергенде, Оспан 
анадайдан көріп қалып: 
-Айтақ, айтақ, жеңдер. Ойбай, жеңдер, әне Жиреншенің тазысын! Жолдаяқ, 
Бөрбасар, Бөрбасар! - деп Құнанбай үйінің көп сары аласын ұран шақырғандай 
ғып өре тұрғызған. 
Жиренше Оспанның бүлдіретінін алыстан біліп: 
- Өй, Оспан! Айналайын! Қалқатайым... қой! Қоя ғой! - деп сонша 
тоқтатпақ болып еді, Оспан: 
- Бөрбасар... һайт! - деп сақылдап күліп, секіріп ырғып, бар итін тарғыл 
тазыға қарай қаптатқан болатын. 
Осы кезде қонақ үйге жетіп қалған Жиренше атын тастай беріп, тазы итін 
мойнынан ұстап тұра қалған. Бірақ жеті-сегіз сарыала, әрбір үйдің ығынан 
құлшынып, құтыра шығып, «гүр-гүр» етіп кеп, қоршап алды. Үйге де кіргізбей, 
табан аудырмай да қойған еді. Оспан Жиренше «қой» деген сайын сақ-сақ күліп, 
иттерін өшіктіріп: 
- Ыр-р! - деп, өзі тап-тап беретін. Бірақ, өңшең кексе тартқан иттер 
Оспанның күнде осындай сан рет жоқ шатаққа бастай бергенінен мезі болған ба, 
тазыны жұлмады. Құр ырылдауы мен арсылдауын ғана молайтып тұр. 
Үлкен үйде отырып, осы шуды естіген Үлжан бәйбіше, таңертеңгі асын 
ішіп отырған Абайға: 
- Шықшы, Абайжан! Қушы анау иті құрғырды! Тағы бүлдіріп жүрген әлгі 
жынды неме ғой! - деп, Абайды тысқа шығарып және үйге кірген бір жас әйелді 
де жұмсаған. Абай Жиреншені айырып алып, тазысымен екеуін қонақ үйге 
қарай алып жүрген. Бұлар сонда кіре бергенде, жаңа тапқан қызығы шұғыл 
біткенге наразы боп қалған Оспан арттарынан бұғып кеп, дәл үйге кіре берерде 
Жиреншені қылтадан қатты шымшып алды. Анау ит екен деп, ытқып, шошып 
кеткенде төбесін маңдайшаға соға-моға қонақ үйдің төріне барып бір-ақ 
шыққан. Оспан оған да сақылдап күліп: 
- О, қорқақ, қорқақ, - деп мазақ еткен. Мойнында сылдырмақ қарғысы бар, 
қара ауыз, тарғыл қаншық Абайға біртүрлі сұлу көрінді. Жұтынып тұр, жылмаң 
қағады. 
- Аты не? - деді Жиреншеге. 
- Желқұйын. 
- Аты да әдемі екен. 
- Аты емес-ау, өзі де қоян дегеніңді тап кұйындай ұйтқытып соғады! - деді. 
Бұл Желқұйын туралы өз аулындағы бір үлкен аңшының айтқан сөзі еді. 
Жиренше осыны үнемі айта жүретін. 
Абайды сол сөзбен Желқұйынның жаланып тұрған түрі қатты қызықтырды. 
- Қоянға шығамысың? -деді. 
- Жүр, атың бар ма? Мен сол қоянға шығып барам. Осымен екеуі, Абайдың 
құла бестісі ерттелгенше қымыз ішіп алды да, күнбатыс жақтағы Қызылшоқы 
деген ұсақ адырға қарай желе жортып, тартып кеткен. 
Бұлар Қызылшоқыға кіре бере, алғаш келген екпінімен бір коянды бездіре 
қуып еді. Алыстан қашқан қоян оңай жеткізбей, екі-үш қырқадан асқанда ғана 


 
31 
Желқұйын талдырып жетіп еріксіз алған-ды. Осыдан басқа қоян тез көрінбеген. 
Соны іздеп табамыз деп, екеуі Қызылшоқының Шыңғыс жаққа қараған шеткі 
тұмсығына шейін барып қалыпты. 
Осы араға келгенде Шыңғыстың Қарашоқы тұсынан шығып келе жатқан 
бір салт атты кездескен. Ол Майбасардың тағы бір атшабары Жұмағүл болатын. 
Сол Жиреншеге қарап: 
- Сендер одан да ана Қарашоқыға барыңдар. Бүгін сонда Қодарға бір сын 
болады. Жұрт жиналып жатыр! - деген. 
Жиренше қатты ентелеп: 
- Е, немене, Қодар мен келіні қайда? - дегенде: 
- Жаңа, Қамыспай бар, бес жігіт боп ұстап әкелгелі кетті. Жиын Жексен 
аулында, - деді. Жұмағүл атын қамшылап, асыға шауып кетті. Жиренше осыны 
естіген соң Абайға: 
- Барайық, көрейік! Жүр! Ал жүр! - деп, ойландырмастан еліктіріп, алып 
кеткен... 
Көргені әлгі. Енді қайта беттеп, тоғайлы өзенді құлдилап желе шауып 
келеді. Абайдың іші мұздап, жүрек қаны, жан тамыры дір-дір қағып қалтырап 
үріккендей. Кімнен, неден үркеді? Әсіресе, әке... әке істеген мінез, әке 
қолындағы қаннан үркеді. Өз әкесі... қатал, кәрлі әкесі!.. 
Абай Жиренше сөздеріне жауап та айтпайды. Өзенді бойлап бөктер таудың 
ішінен жуықта шыға алмады. Жол болса, жалғыз аяк. Екеуі қатар жүре алмайды. 
Абай алға түсіп, желе шоқытып келеді. Әлі қалмай жүрген Желқұйын екеуінің 
алдында. Жолдың ыңғайсыздығы әңгімені тыятын жөні бар еді. Бірақ Жиренше 
Абайдың артынан өкшелеп қалмай отырып, сөйлей берді. 
Ол жаңағы Жексен аулында бір-екі кісімен тіл қатып, оны-мұны естіп 
алған екен. Соны айтады. Ауырған адамдай қалтырап, жүрегі қатты қобалжып 
келе жатқан Абай Жиреншенің бар сөзін ұқпаса да, бір-екі жерін анық аңғарды. 
Тегі жиын ішінде бүгін екі сөз ауыздан ауызға көшкен тәрізді. Екеуі де 
Қодар сөзі деп айтылған. Біреуі бұрып алған сөз де, береуі дәл өз сөзі. Соның 
алғашқысы Қодарды кінәлаушы сөз. Бүгінгі қатал жазаның дәлелі, тірегі. 
Ол: «Құдай маған қылса, мен құдайға қылам!» - депті деп, өлтірушілердің 
қайта-қайта айтатын сөзі. 
Екіншісі аз айтылған. Бірак, о да жиынға тегіс жеткен. Тегіс іште, есте 
калған сөз. «Мен көк ит болсам, сендер көп ит... Таларсың да жерсің!» деген 
сөзі. 
Абайды қатты толқытқан осы сөз болды. Ол жаңағы қатындардың 
жасырын зарын да еске түсірді. Жиреншенің алдында келе жатып еңіреп коя 
берді. 
Артта келе жатса да Жиренше Абайдың жылағанын байқап қап: 
- Өй, өй, Текебай тентек! Сен неғып келесің! - деп қатарласқысы келді. 
Абай жасқа толы көзімен Жиреншенің торы қасқа атының басы мұның 
үзенгілік тұсына келіп қалғанын көрді де, тебініп қап шаба жөнелді. 
Бұл уақытта екеуі де бөктер таудан құтылып шығып, жазыққа түсіп еді. 
Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра бере, қамшы басты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет