Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет9/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
18 
ақ «дарға асу» деген жерде, ішінен біртүрлі тіксініп қалды. Әкесіне сене алмай, 
сескене қарап, «соны істейді-ау» деп бір ойлады. Бірақ байқап, болжап көрсе, 
дар деген қырда, бұл елде әсте болмаған нәрсе. Естіп көрген де емес. Ол мұның 
түсінігінде, Һарон-Рашит халифа заманында, әлдеқайдағы Бағдат, Мысыр, 
Ғазнада ғана болатын жаза сияқтанады. Сондықтан, «дарға асу» деп жай 
айтылған болар. Ол болмас, болмайды!» - деп байлаған еді. 
Сонымен бірге, әкесі Жұмабай жайын айтқанда да, Абай қайран болды. 
Қала мен жолда талай күн бірге болған уақытта бірде-бір сездірсеші! 
«Фатуа», «Дарға асу» деген үкімдерді жасырып алып келе жатып Абаймен 
жарысады. Қалжыңдайды, ойнайды. Енді түк көрмегендей, үндемей отырған 
түрі де мынау. Бүгін күн ұзын Абаймен құрбысындай жарысып келгеннің де 
бірде-бір белгісі жоқ. 
Соған қарап Абай үлкендердің осындай іші қатпарлы, қиын жататынын 
ойлады. «Үлкен болсам, осылардың мінезін әрдайым біліп, танып тұратын 
болсам» деп, сол үлкендікке тағы да бір қызыққан, асыққан еді. Абай үлкен 
болуға тегі көп асығатын, қызығатын. 
Енді есіне түсті. Жұмабай қалада бұған түсініксіз біраз мінездер істеген. 
«Хазіретке сыйға апарам, Құнанбай жіберді» деп, қысырдың бір семіз қара көк 
құнаншығарын жетектеп жүрген-ді. 
Абайдың молдасы және мешіттің имамы Ахмет Ризаның үйін сұрап алып, 
артынан Абайға «молданың үйіне ертіп жүр» деп, бұны бірге де ала барған. 
Екеуі асау көк құнанды жетектеп бара жатқанда, бір төбелесқой, тентек 
Сағит деген баланың бұларға істеген қырсығын да есіне алды. Қазір нығызсып 
отырған Жұмабайға қарап, жымиып күліп қойды. 
Бұлар қақпасының жанынан өте бергенде Сағит терезеден көре сала 
жүгіріп шығып, тас лақтырып, айғай салған. Асау құнанның үркетінін көріп 
алған соң, онан да жаман құтырып еді. Қақпаға қайта жүгіріп кіріп шыбық алып 
шығып, бұғып келіп асау кұнанды шаптан да түртіп қалған. Сонда көк құнан 
ышқына шапшып, безе жөнелгенде Жұмабай айырылмаймын деп тырысып 
көріп еді, тай сүйреп, дедектетіп әкетіп, Жұмабайдың аяғы тарп-тарп етіп 
қаздаңдап, тымағы, тақиясы да ұшып түсіп қалған-ды. Басының жалтыры да 
көрініп, Абай еріксіз күлген-ді. Асау тоқтамаған соң, шылбырды беліне орап 
алған Жұмабай, шалқайып табандап тартып, көше бойының құмын боратып, 
тағы да рәсуа болған. Бұл тұста Сағитқа қосылып Абайдың да шексілесі қатып 
еді. 
Жұмабай көк құнанды зорға тоқтатып алған соң, Абай Сағитты 
маңайлатпай қуып жіберіп, сол бәледен Жұмабайды да, құнанды да өзі 
құтқарып шыққан. 
Бұлар хазіреттің қорасына кіріп, асау құнанды ат қораға байлағанда, 
хазірет өзі көріп сыйлық екенін іші біліп, үн қатпаған болатын. 
Кейін үйге кіргенде, Жұмабай Құнанбайдан сәлем айтты да: 
- Мына баласына - өзіңіздің шәкіртіңізге фатихасын сұра деп еді, - деген. 
Хазірет: 
- Бәрәкалла, бәрәкалла... бирахматика я арха-мәррахимин, - деп отырып, 
Абайға қол жайып бата берген-ді. 


 
19 
Содан әрі хазіретпен не деп жауаптасудың бабын таба алмаған және тіпті 
шүлдіреген, кітапшылаған тілін ұға алмаған Жұмабай тағы бір ойдағы әңгімесін 
тұпа-тура, қолма-қол бастап еді. 
Онысы Құнанбайдың айтқан сәлемі екен. Сұрап кел деген бір үлкен сөзі 
екен. Осы жөндерін айтты да, Жұмабай Абайға бір, хазіретке бір қарап: 
- Бірақ ол жайын оңаша, құпия сөйлес деп еді. Балам, сен... - деп Абайға 
оқтала бергенде, хазірет те сезіп, Абайға: 
- Ибраһим, сіз хазір мәдрәсәгә қайтыңыз, балам. Бәс ауылға қайтмас бұрын 
мюңға кіріп, фатихамны алып кетіңіз, - деді. Абай шығып кеткен. 
«Соқалап отырып, ойдағысын жеткізіп, жаңағы фатуаны сонда алып 
шыққан екен-ау, бұл» деп ойлады. 
Өзін керек еткен сөз бен шырайды көрмеген соң, енді Абай да Жиренше 
кеткеннен кейін біраздан соң ақырын сусып, тысқа шықты. Бұл уақытта 
Жиренше соңғы атқа шідер салып, отқа жіберіп жатыр екен. Есік ашылған 
жерден Абайды көрді де, ақырын дауыспен: 
- Абай, бері кел, мұнда кел... - деді. Абай бұған жетер-жетпестен: 
- Өй, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім? О не қылған? Айтшы, - деді. 
- Қодар жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Борсақ. 
- Ол қайда? 
- Е, ол мына Шыңғыстың ет бөктерінде, Бөкенші асуының бауырында. 
- Ал, ол не қылған? 
- Сол биыл қыстыгүні жалғыз баласы өлгеннен кейін, келінімен жақын 
бопты дейді. Ана кісілердің сұмдық деп отырғаны сол. 
- Жақын? Қалайша? 
- Не қалайшасы бар? Шөккен дейді... 
- Не дейсің? 
- Е, сығыр, шөккенді білмеушімен?.. Бура мен іңгенше?.. Білесің?.. - деп 
Жиренше өте бір тұрпайы қозғалыстар жасады. Ол үлкендер арасынан әбден 
іші иысып шығып, енді салқын далада азырақ ойнақы күйге кеп тұр еді. 
Абайды күлдірмек болатын. Бірақ Абай күлер емес. Көңілінде қатты қобалжу 
бар. 
- Сол рас па екен? - деп, Абай қадала сұрады. 
- Бәсе, сол анық-танығы мәлім емес... Бірақ ел өсек қып әкетіпті. 
Сүйіндіктің, жаңағы, анығын білейік деуі сол ғой, - деп Жиренше салмақты 
болып сөйлеп еді. 
- Ендеше, бекер жала-дағы? 
- Тіпті солай десетіндер де көп. Бірақ әнеугүні Құнекең мына Сыбан ішіне 
топқа барса, сонда Солтабай төре осыны бетіне салық қыпты. Мына кісі төреге 
насыбайды тастасаңшы дегенде, апау: «мен насыбайымды тастайын, бірак, 
Шыңғыстың бөктеріндегі шашты сайтаныңды сен де тыйсаңшы!» деп бетінен 
алыпты дейді. Соған намысы келіп, Құнекеңнің қатуланып отырғаны әлгі ғой, - 
деді. 
Абай әкесінің жаңағы «дарға асу» деген жердегі аяздай суық пішінін еске 
алды. Үндемей біраз тұрып, қабағын шытып, қатты күрсінді де, айналып жүріп 
кетті. Күрсінуі ауру дененің киналған ыңқылына ұқсағандай болды. Шешесінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет