11
Бұрын ондай сөздеріне Абай араласып та, тыңдап та көрмеген. Бүгін
бірінші рет әдейі алғызып отыр. Бір ойдан Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен
деп ойлады. Бірақ еш нәрсенің қисынын таба алмады.
Абай келіп отырысымен анау үлкендер бұдан:
қала жайын, оқу жайын,
саушылығын сұрастырды. Өзге үлкендер ішінде Абайға, әсіресе, көңіл бөлген
сөзуар, жарқын жүзді Қаратай. Ол Абайды көре отырып, Құнанбайдың өзге жас
балаларын да еске алды.
- Осы, ана ЬІсқақ бір жошын! Біртүрлі пысық та, сергек неме! – деді.
- Ол әлгі Күнкенің қолыңдағы ма? - деп сұрап алып, Бөжей:
- Рас, құлдырап тұр! - деді.
- Иә, рас-ау, соның оты бар! - деп, Байсал да қостады. Мұның бәрі қиялап
айтқан Құнанбайдың қошеметі.
Үндемей түйіліп, сұп-сұр боп отырған Құнанбай ол сөздерге көп
шіміркенген жоқ. Қайта, теріс көргендей мойын бұрып, Абайға қарап:
- Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! - деді.
Құнанбайдың мына баласын осында
шақыртып алып отырған және
жаңағыдай етіп бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған.
Ол, дағдылы, майысқақ ептілікке салып, енді Құнанбайдың жаңағы бетімен
Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап:
-
Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенін естіп пе едіңдер? -
деп, аз күліп алды. Абай өзінің балалық, шалалық мінезінің бірін, мынадай
суық пішінді үлкендердің ортасына салғалы келе
жатқан Қаратайға тіпті ырза
емес еді. Қысылып, ұяла бастады. Бірақ тоқтатар шарасы жоқ. Сондықтан, бар
тапқаны - ол бала өзі еместей, үндемей сазарып қалды.
Қаратай күле отырып:
- Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жатып: «Құдай-ай, бұл
қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың!..» депті. Сонда шешесі:
«Ақылсыз-ау, қыз болсаң бала таппас па едің, содан қиын боп па?» десе, мынау:
«Ойбай, онысы тағы бар ма еді?», деп жылауын тыя қойып, шыдай беріпті, -
деді. Үлкендер акырын мырс-мырс күліп қойды.
Құнанбай
естімеген сияқты, ешбір белгі бермеді. Бұл сияқты сөз оны мен
Байсалдардың қабағына қарағанда ұзаққа бармайтын тәрізденді. Абайға
жайлысы сол болып еді. Әйтпесе үлкен адамша орталарына шақырып ап,
ақымақ бала қып қойып күлгендеріне ырза болайын деген ойы жоқ.
Сөйткенше, сырттан Оспан кіріп келді. Қішкене інісі. Ауылға келгелі көп
сұраса да, көре алмаған тентек, содыр інісі.
Ол сәлем беруді ұмытқан жоқ. Бірақ, әкесі мен өзге ешкімге қарамастан,
келе Абайды құшақтай алды. Өзінің де ең жақсы көретін туысқаны Абай еді.
Екеуінің арасы 5-6 жас. Сондықтан Абай қазір де оған аға есепті.
Оспан келе
бергенде бұ да құшағын жайып бетінен сүйді. Үлкендер бұлардың жаңа
көріскенін сезіп, мына мінездерін кешіргендей. Бірак, келесі минутта-ақ Оспан
өзінің тентектігін танытып, абыройдан айрыла бастады. Ол, «кайда жүрдің» деп
ақырын сұраған Абайға жүресінен отырып, ағасының мойнынан күшақтап,
өзіне карай тартты да, құлағына бірнәрсе сыбыр етті. Бұнысы бір қатты нашар
боқтық сөз еді. Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті. Сағынған
ағасымен ең алғаш тіл қатқанының өзі осы. Абай сескеніп, кұлағын тартып қап: