Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет8/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
16 
- Барлық байлау осы болғаны ма? Ит те болса, бауыр емес пе еді? - дегенде, 
Құнанбай қынжыла түсіп. 
- Оны бауыр дегеннің бауыры езілсін! Шариғатпен шарпыспақпыз ба? 
Қодар емес, құтпаным болсын, қайтпаспын да, тынбаспын, - деді. Енді бұғалық 
әкететін, бойлауық жеріне жеткен екен. Бөжей іші мұздай отырып: 
- Қөзің жетсе, мейлің білсін, - дей салды да, ойдағысын ішке бүгіп қалды. 
Байсал үн қатпаған күйде жым-жырт. Құнанбайды ақтамаса, Бөжейді де 
құптаған жоқ. 
Сүйіндік те осы топтың дағдылы мінезіне басты. 
- Ел де сенікі, ел ішіндегі тентек те сенікі. Қашқанның да, қуғанның да 
келетіні өзіңсің. Тек, не бұйырсаң да тергеп алып бұйырғайсың. Қалғанын өзің 
біл, - деді. Бұл Бөжейдін қабағын баққан болатын. Өзі қалай көшерін айқын 
біле алмай, «соның бір білгені шығар» деген есеппен жалт берді. 
«Тергеп алып, білгеніңді қыл» дегенді, аяқтап келгенде әрқайсысы да бір-
бір қайырған-ды. 
Бірақ бұл сөздері - сүйей салды. Бағанадан бергі сөзде Құнанбаймен 
аралары арбасып боп, айтыспай-ақ іштей жер танысып қалған. 
Бөжей білсе, Қодар жайы Құнанбайдың тағы бір қыры. Осал емес, үлкен 
қыры болғалы тұр. Қайда беттер екен? Неге соғар екен? Не де болса, енді 
салмағын Құнанбай өзі көтеріп алатын болады. Бұлар жалпылдап қостаған жоқ. 
Оны Құнанбай білетіндей болды. Түбінде, дәл осы отырған кісілер осы жөнде 
ұстасса да қисыны бар. 
Сүйіндік, Бөжей жағының ойы осы болса, Құнанбай да өз есебін алдын ала 
өзі өлшеген бетпенен ішіне ірікті. Жаңағыдан әрі жазылған жоқ. «Пәлен етем» 
деп кесікті байлауын да айтпады. 
Осы отырған бес-алты адам дәл қазіргі күйінде пәлен мың Тобықтының 
талай түйін, шытырман жайларын осы араға жиып әкеп отырған адамдар. 
Іштерінде: көп қалтаға көп есептер салып кеп отырған атқамінерлер. 
Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда 
әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. 
Әрі қолы ұзын, малды. Сөзге жүйрік, мінезбенен іске де алғыр. Осының 
бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. 
Бірақ Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы 
Тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады». Сол қанаты 
мен құйрығы ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер. 
Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық жарқын емес. Іштей 
Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай 
қып қосарына ілестірсе болғаны. Түбі, бәрінің де бағатын таразысы - ел. Сол 
елдің алдында байлауды, Құнанбаймен бірге байласқан осылар болған соң 
жетті. Қүйсе Құнанбаймен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. 
Олай болса, Құнанбайдың да сырты, бұлардың ішін білмеген, елемеген кісі 
тәрізді болатын. 
Тобықты көп рулы көп ел болғанымен барлық үлкен шеңберінің таразысы 
осы отырған бес-алты адамның руларымен өлшенеді. Әсіресе, ру басы осы 
адамдардың өздерімен салмақталады. 


 
17 
Бөжей - қалың Жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Қеңгірбайдың теріс 
азу, мықты биі шыққан ел. Бертінде, ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы 
жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар Жігітек. Байсал да сондай мол 
ру Қөтібақтың тұрғысы. «Тоқпақ жалды торы» деп атағанда үйірі қалың 
айғырдай, көптігінен атанған. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға 
тырысатын, көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша қысылып, қымтырыла 
қоймайтын ауылдар. Сүйіндік осы ағайынды елдер ішінде ең азы Бөкеншінің 
кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы Борсақ. 
Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар - сол Борсақ болатын. 
Құнанбай болса - Ырғызбай руынан. Бұл, бас жағына келгенде Жігітектен 
де, Қөтібақтан да аз. Бірақ, әрі малды, әрі көптен бері Тобықтыны билеп-төстеп 
келе жатқан ауылдар. 
Туыс жағын алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен көрі, Құнанбайға Байсал 
жақын. Сойыл соғарға келгенде, қолға, санға келгенде Құнанбайдың мықтап 
сүйенетіні сол Байсал елі - Қөтібақ. Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес. 
Қаратай болса, бұлардың барлығына алыстау. Ара ағайын тәрізді Қөкше 
деген рудың атқамінері. Аз да болса, пысық және шөре-шөреде жүргендіктен 
бір мүшеден қалмай ілесіп отыратын. 
Осы отырған ру басылардың мінезі, артта жүрген үлкенді-кішілі атқамінер, 
ақсақал, қарасақалының бәріне де мінез, тәсіл бола жүреді. 
Құнанбай қасындағы қой көздеу, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз 
достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады. Қазір, 
Құнанбай алдында, жастан бергі дағдысы бойынша үндемей отырғанмен, бұл 
ерен бүлік, сотқар адам. Құнанбайдың ұлықтығына бақ масы болған 
Ырғызбайдың басы осы. 
Бүгін Бөжейлердің Құнанбаймен іштей суысуына себепші болған да осы 
Майбасар. 
Бұдан екі ай бұрын зықысы әбден шыққан ел Бөжейді салып, Құнанбайдан: 
«Майбасарды орнынан түсір» деп тілеп еді. 
Құнанбай Майбасар мінезін білсе де түсірмеді. Ол өзінің қара күші, зілі 
сияқты болатын осындай бір Майбасардың жүруін мақұл көрді. Үлкен бір есебі, 
«Анау жұртты шақар айғырдай мойын салып қуып ықтырған уақытта, ел арыз 
айта өзіме келеді, өз бауырыма қайырып беріп отырады» деп топшылаған. 
Қодар жайындағы сөздердің артын Құнанбай ашып шешкен жоқ. 
Аналардың емеуірінін есітті де, қалғанын үндемей бітірді. 
Аздан соң сөзді басқа жаққа көшіріп, осы көктемде мал тойыны қандай, 
шәп шығымы қандай, көші-қонның мезгілі қандай болатынын айта бастады. 
Биыл да, бұл отырған барлығының кеңесі Шыңғыс сыртындағы Бақанас, 
Байқошқарға шейін көшіп барыспақ. Ол, Керей қонысы болса, сол Керейге 
мінбелей барып қонып, екі өзенді тағы да жылдағыдай баурай бермек болысты, 
Тобықтының осы жуандары малы аз ғана Керейден сол екі өзенді, жылма-жыл 
қона жүріп, тартып алмақ ниетте болатын. 
Бұл әңгімелерге келгенде барлық бағанағы томсарған жиын шешіліп, 
жазыла сөйледі. 
Осы кезде Жиренше Абайға ым қақты да, тысқа шығып кетті. Абай, 
Қодардың қылмысы не, өзі кім екенін білмеген қалпында болатын. Ол жалғыз-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет