Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет46/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
93 
Табақшының біразы да бұған елең етті. Абай да барып, есікті біраз 
ашыңқырап қарап, көз салды... Шоқша бурыл сақалы бар, жал тұмсық, сұр 
жүзді бір кісі екен. Домбырасын безілдете ойнақшытып, зор қайырманы басып 
ап, содан әрі домбыраны көлденең салып қойып, тақпақтай соғып, желдірте 
жөнелді... 
- Бұл кім?.. 
- Бұл қайсысы?.. 
- Қай ақын?.. - дескен үндер өзге бөлмелерден де және табақшылар 
арасынан да естіліп еді... 
Құнанбай бөлмесінен ауызүйге қарай басын шығара беріп, Қаратай: 
- Балта, Балта ақын! - деді. 
Жанынан шығарып, сілтеп отырған, Алшынбай қасында жүретін Балта 
ақын екен... 
Алған жарын жамандап, 
Асқанды қайдан табарсың? 
Ақ тоныңды жамандап 
Атылас қайдан табарсың? 
Өз басыңды зор етіп, 
Теңдес қайдан табарсың? 
Ағайынды жат біліп 
Жақынды қайдан табарсың? 
Араз болсаң еліңе 
Жамандық айтар хабаршың. 
Тату болсаң, ағайын, 
Сонау қатын-балаға 
Сүйінші айтар хабаршың, - 
деп тоқтады. Үй ішінен: 
- Пәлі, пәлі сөзіне!.. 
- Бәрекелде, әбзел сөз!.. 
- Уа, сөз төресі осы да!.. - деп, даурығып, мақтау айтып жатқан Алшынбай, 
Қаратай, тілмәш үндері келді. 
Осындай үлкен ауыр жиынға мынадай суырып салма сөз және аразды 
табыстыратын бітім, жамау сөз Абайға бір алуан қызық сияқты көрінді... Ол 
тағы: тыңдай түсейінші деп, ентелеп, бағанағы орындығын әкеліп, осы арада 
отыруға бейімдеп еді... Бірак ақын жыры қайта шықпады. 
Үй іші қайтадан томсарыңқы қоңыр әңгімеге кірісті. 
- Абай Бөжейдін пішінін жаңа жақсылап көрді. Ажарында ашу жоқ. Бірақ 
соншалық ашық-жарқын, сауық, қызық та жок. Салқын, тыныш қана, тартымды 
сабыр бар екен... 
Құнанбай пішініне Абай көзі түсіп еді, ол жинақы боп, әр нәрсеге сергек 
қарап отыр екен. Күлкі, сауыққа ол да оншалық бой ұрайын деп отырған жоқ. 
Бұл үй әңгімесін қоңыр кеңеске айналдырған Алшынбай мен Баймұрын. 
Еңгезердей үлкен бойлы, сары Баймұрын Бөжейді татуластыра әкелген кісі 


 
94 
болатын. Қазір Алшынбай екеуі ғана сөйлейді. Өздері үшін емес, Құнанбай
Бөжей сияқты екі жақ үшін сөйлейді. 
Абай Балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталғанын көрген соң есіктен 
қайта бұрылды. Осы уақытта Қаратай ауызүйге шығып, Ызғұтты мен 
Майбасарды шақырып ап: 
- Татулық болды, татуластырды! Алшекең мен Баймұрын екі жақтын да 
бар сөзіне ие боп өздері сөйлеп, өздері шешіп отыр. Осылай етіңдер деп мырза 
да, Бөжей де ерік беріп еді! - деді. 
- Ал, байлау не болды?.. Тынымы не болған екен?.. - деп, Майбасар 
ентелей түсті. 
- Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, 
құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың 
қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, 
бауырына салсын. Сөйтіп, иістерің аралассын! - десті... 
- Осыған тоқтасты ма?.. 
- О не қылған бала?.. Өзінен туған бала ма?.. - деп, Майбасар, Жақып 
қайталай сұрасып еді... 
- Тәйірі айттым ғой!.. Өз баласы!.. Асырауға алады!.. - деп, Қаратай асығып 
қайта кетті... 
Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бірге, ішінен біртүрлі 
түршігіп қалды. 
- Қай бала?.. Кім беріледі?.. Оспан ба, Смағүл ма?.. - деп, еркек балалар 
беріледі екен деп ойлады. Жаңағы атаған екі інісінің ешқайсысын да ана 
қойнынан алып, өзге жаққа жіберуге қия алатын емес... 
Ана қойнында уайымсыз, жазықсыз жатқан інілерінің біреуінен әлі 
айрылғандай көрді. 

Осы кештен жиырма күндер өткен мөлшерде Құнанбай елге қайтатын 
болды. 
- Құдай бұйырса ертең аттанамыз. Жол жарағы сай болсын! Ошарылып 
бөгеп жүретіні болмасын!.. Атқа ерте қонайық! - деп, Құнанбай, Қарабас, 
Жұмағұлдардан хабар таратты. 
Осы сөз шығысымен Құнанбайдың өз қасындағылар да және Жақып, 
Қаратай пәтерлеріндегі Тобықты атаулының барлығы да соңғы бір күнді 
қарбаласпен өткізді... 
Елге қайтудың хабары бұл топтың жас-үлкенін тегіс сергітіп, қуантқан еді. 
Әсіресе, елді қатты сағынған Абай болатын. 
Ол соңғы уақытта Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре 
беретін. Барлық пәтерлерде бүгін әбігермен қатар, күлкі, қалжың, қуаныш та 
көп. 
Жүреміз... Жақында қайтамыз! - деген сөздің естілгеніне бес-алты күн 
болғандықтан, бұл жұрттың ат-тұрманы әзір-ді. Жалғыз-ақ Қарқаралыда ұзақ 
тұрғаннан бері мінілмей, жемде ғана тұрған семіз сәйгүлік аттары майланып 
кеткен болатын. Соңғы бір жұма бойында сондай аттардың аз-аздап терін алып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет