Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет43/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
87 
Қазірде Абай соны өмірден тапқанына да дән ырза... Өз ақылымен тапты... 
Тапты да: «Осының бәрі бір жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде болмаққа 
лазым...» деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады. 
Осы оймен қатар, өзін осы Қарқаралыға келгелі қатты өсіп, ұлғайып қалған 
кісі сияқты көрді. Талай жанды көріп, талай сөздерді ұқты... Тіпті Шөже 
ақынды да өз құлағымен есітті. 
Талай ру, талай жерлерді де білді. 
Тыстан аса көңілді әсер алған Абай ымырт әбден жабылғанда 
Майбасардың пәтеріне кеп кіріп еді. Ауыз үйде, етігінің өкшесіне қатқан қарды 
Абай бүгін өзге күндерден қаттырак, ширак текпілеп түсірді де, табанын 
жылдам-жылдам сүйкеп, сүйрете сүртіп, төргі үйге кіріп келді. Екі беті кешкі 
аяздан қып-қызыл. Үлкен көзінің ақ-қарасы ап-айқын боп, жалт-жалт етіп, 
ширақ бір оттылықпен қарайды... 
Үйде Майбасар, Жақып бастаған туған-туыскандар көп екен. Бағана 
тайдың етін жей алмай кеткен жиын, енді шындап ниет қып, қайта тегіс 
жиылған тәрізді. Үлкен сары самауырды жаңа ортаға алысыпты... Шайды 
«сорап-сорап» тартысып жатыр... Майбасар Абайдың түсіне сүйсіне қарап: 
- АбайжанІ Тоңған жоқпысың, қайда жүрдің! Кел, шешін, шай ішіп 
жылыншы! - деп, қағыла беріп, өз қасынан орын босатты... Абай асықпай 
шешініп болып, шайға кеп отырды. 
Жақып шайды сілтей түсіп: 
- Бол, бол! Шайды тез-тез ішіп, әзір отырыңдар, жігіттер! - деп, барлық 
жиынды асықтырып отыр екен. 
- Рас, рас... Қаратай, Ызғұттыдан хабар келісімен, жөнелу керек... - деді 
Майбасар да. 
-Е, ас әзір, үй әзір... «Жасиғ» намазынан соң келеді, - деді ғой қонақтарды... 
- Ол намазды жаңа мешіт ішінде ұзақ оқитын да шығар... 
- Е-е, енді Хасен молла, жаңа имам болғаны осы. Бұл намазды тез бітіре 
қоймас... 
- Бәсе, «Ясин» мен «Тәбәрәктің» бәрін оқымай не бопты? Өзін мақамдап 
оқымай тоқырамас! - десіп, күле түсіп Төлепберді, Бурахан, Жұмағұл сияқты 
жас жігіттер шайдан оп-оңай шыға қойғысы келмей отыр... 
- Өй, не айтасыңдар, тәйір!.. Тез болыңдар! Өздерің жаңа мешіттегі намазға 
бармаймысың әуелі?.. Майбасар, бармаушы ма ең намазға? - деп, Жақып қайта 
дегбірсізденді. 
Майбасар дәл намаз үшін онша асыға қоятын тәрізденбеді. Мойнын бұра 
беріп күліп, Абайға қарап: 
- Е, жаңағы қалың жиынның ішінен мешіт ішінде орын тиеді деймісің, 
тәйір! Төріне кетсең конақ шыққанша үйге жете алмай қаласың... Онда Ызғұтты: 
«Қонақтан бұрын келмейсің» деп, бауыздалып өлсін... - деді. 
- Е, шығар ауызға, жақын жерден-ақ сапқа кірсең болмай ма... Бармасақ ұят 
қой! Тіпті, мырза білсе, ұрсып жүрер!.. - деп Жақып күдік айтып еді: 
- Мырзаңа «бардық, оқыдық» деп өтірік айта саламыз... - деп жұртты ду 
күлдіріп, Майбасар, - жарықтық мешіт жақсы болғанмен, босағасында қайдан 
отырам... Намаз оқимын деп, өңшең киіз төбе Бошан Қарашордың саптамасын 


 
88 
күзетем бе?.. Соның жалпақ табаны басқан жерге бас қоям ба?.. - деп намаз 
жайын біржолата қылжаққа сала бастады. 
Абай Майбасардың үп-үлкен басымен балаша қылжақтап отырғанына 
қызығып күле бастады. 
Дәл мешіт ашылғалы тұрған жерде және Қарқаралы елінің бар 
шонжарлары сонда жиылып, алғаш намаз оқып, Құнанбайға алғыс айтатын 
сағатта Майбасардың былайша қылжақ еткенін Жақып жақтырған жоқ еді. 
Ішінен: «Дағдылы, бейпіл ауыз, мінезсіздігі» деп ойлады да, өзге көпке бүгінгі 
кештің ерекше кеш екенін ескертпек болды. 
- Бұл мешіт, біле білсеңдер, біздің мырзаға да, онан соң, осы отырған 
бәріңе де зор абырой әперетін мешіт қой, жарықтық! - деді. 
Майбасар бұл тұста қайтадан нығызсып, дардия түсіп: 
- Е-е, соны айтсаңшы!.. Дұшпан атаулының аузына құм құймай ма бұл 
мешіт? Бәлем, Бөжей де осыны сезген болар. Татулықты іздеген тәрізді ғой! - 
деді. 
Татулықты кім іздегені бұларға мәлімсіз еді. Бірақ Құнанбай айналасы: 
«Бөжей ығыпты! Бөжей әлі жетпесін біліп, татулық сұрапты!» дегенді енді 
осылайша бастамай отырмайды. Ондайды алдымен айтатын, әрине, осы 
Майбасарлар. 
- Байғұс Алшекең де дос-ақ қой! Біздің мырзаның анық тілеуі, адал 
жақыны сол бақыр ғой... - деп, Жақып Алшынбайдың күндізгі мінезін еске 
алып еді. «Қызғанады... Абыройыңды төре-қараның бар жел-аузы қызғанады, 
тіпті ұлық та қызғанады. Алдымен әлгі Майыр қызғанады!» деді ғой... Дұп-
дұрыс қой, мешіт салып, абырой асып, елді алып, Еділді алып бара жатқан соң, 
өзімен иығы асып ырық бермей кетеді, - дейді ғой Майыр. 
- Майыр, піскен бас, қызғанудан бұрын әуелі Бөжей, Байсалдан параны да 
соқты ғой!.. Сол ғой оның өктеп отырғаны, құлкынын танымаймысың?.. - деп, 
Майбасар өзінің күндізден байлаған шешуін айта кеп, - ал, енді Бөжеймен 
татуласу да осы бүгін кешке болады. Осы намаз, осы астың үстіне олар да 
келеді, оны есіттің бе? - деді. 
Дәл бұл арасын Жақып та, өзге бұнда отырған жігіттер де естіген жоқ еді. 
Абай да білмейтін. Бәрі де аз аңтарылып қалып, іштерінен Бөжейдің бүгінгі 
татуласа келетін пішінін көргісі келді. 
Майбасар осы жайдың бәріне тоқмейілдене түсіп: 
- Бар жақсылықтың басында әйтеуір бір Алшекең... Берген мал адал, адал 
ғой Алшынбай аулына! - деді де, қасында отырған Абайға иіліңкіреп, төне түсіп: 
- Ұқтың ба? Бәлем, осы жолы бармай құтылшы қайныңа! - деп, Абайды 
тағы қолға ала бастады. Бірақ Абай дәл осы жолы бұрынғыдай жасыған жоқ. 
Әншейін бұндай топ ішінде Майбасардың осы қалжыңынан терлеп-тепшіп 
қысылатын болса, бүгінгі кеште олай емес. Үйдің іші Абайға қарап ақырын 
күлісе бастады. Майбасар Жақыпка қарап көз қысып отыр еді... 
- Майеке, тағы бастадың ба, бармаймын тіпті!.. - деп, үлкендерге бұрылды 
да, күліп қойды. 
- Өй, жаман!.. Жаман бола ма деймін осы шіркін! «Өлі-тірісін берген соң, 
өлі күйеу жата ма?» деп, өзің қалайсын? Иегі ителгінің тамағындай боп 
үлпілдеп келін отыр анада «Келмей кетсінші бәлем!» деп, ол сені сынап отыр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет