92
Жалғыз-ақ бір тәуірі бөтеннен ешкім жоқ екен. Бұл үй тегі кісі отыратын
үй де емес, дала сияқты еді. Бөлменің
едені мен іргесі толған, жапырлап
тізілген кебіс, калош, саптамалар екен.
Осы кіреберіс бөлмеден төрге қарай және оң жақ, сол жаққа қарай бірнеше
бөлме бар еді. Дәл оң жақтағысы Құнанбай жататын үлкен бөлме... Сол үй
жақтаң зор дауыспен көңілдене сөйлеп отырған Алшынбай, Майыр үндері
келеді... Тұтаскан қатты күлкі де естіліп қояды. Кеңінен кесіліп, күлдіргі сөздер
айтып отырған Алшынбай сияқты. Төрдегі бөлмелер екеу еді. Онда да жағалай
тізіліп, малдас құрып, сығылыса отырған қонақтар екен. Бұндағы қонақтың көбі
каланың татар саудагерлері, қазақ байлары және тап ортада жаңа мешіт имамы
Хасен молла көрінді. Бұл бөлме әлгідей емес, ақырын сөйлеп, аз күледі. Ылғи
бір бой тежеп сыпайылық бағып отырған ауыр кісілер тәрізді. Сол жақтағы
бөлмеде Бошан, Қарашор руларының жуан-жуан
атқамінерлері мен бірнеше
төрелері бар екен. Ол бөлме де даурығып сөйлегіш, бірін-бірі мысқылдағыш,
күлегеш, қызу бөлменің бірі көрінді.
Абай қонақүйлердің есік-есігінен бір-бір қарағаны болмаса, ешқайсысына
кірген жоқ.
Бір есептен, осы аралық бөлмеде қалып,
жан-жағының бәріндегі
өзгешеліктерді ести тұрудың өзі жақсы. Тек ашуланшақ Ызғұтты тағы
қақпайламаса болғаны.
Бір бұрышта ұмыт қалғандай боп, жалғыз серейіп қалған орындық бар екен.
Абай соған отырып, табақшылардың асығыс, қарбалас қимылдарына қарайды.
Жеті-сегіз жігіт бағанадан бері әлі күнге шейін табақ тасудан дамыл алған
жоқ.
Үлкен-үлкен төрт бөлменің бұл сағаттағы мешкейлік қарекеті қалын топыр,
қан жайлаудағы бәс пен астан бір кем емес. Бағанадан бері бірнеше ту бие,
қысыр тай, төл емген жабағы, талай-талай ісек, ту қойлар жұтылған болар.
...Бір уақытта табақшылардың әбігері қайтадан қыза жөнелді... Бос
табақтар бөлме-бөлмеден сумаң-сумаң шығып, тағы да асүйге қарай тайпия
қалқып келе жатыр... Сол бос табақтардың ең соңғылары Құнанбай бөлмесінен
шығып бола берген кезде асүй жақтан тағы-тағы қайқайма табақ палау
қаптады... Оның да беті булана түсіп, қызара бөртіп: «Мені
қайтіп жемейсің,
мені қайтіп тастайсың?» деп келе жатқан сияқты. Ауызүйде ешкім үн шығарып
сөйлемейді. Құнанбай жігіттеріне Ызғұтты үйреткен тәртіп сол болу керек. Үш
есіктің тұсында қазірде Жақып, Майбасар, Ызғұтты - үшеуі тұрып ап табак
жақындай бергенде, қонақүйдің есігіне қарайды да, табақшыларды үндемей
нұсқап, рет-ретімен кіргізіп жібереді.
Палау... Палаудан соң үзім суы, одан әрі шай...
Әйтеуір ел жататын
уақыттан асып, қалың ұйқының бір мөлшеріне барғанша төрт бөлме дамыл
алмай, болдым демей жеп, жұтып, ішіп жатты.
Абай есінеп, түрегеліп, енді Майбасар пәтеріне қайтпақшы еді. Әлі күнге
мұнымен бірауыз тілге келер ағайын жоқ. Күтушілер әлі де сол алғашқы
қарбаласта.
Тиін ішігінің түймесін салып, енді сыртқы есікке қарай баса бергенде Абай
Құнанбай бөлмесінен шырқай шыққан үн есітті.