Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет66/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
133 
Зере жалын атып, зор күйінішпен күрсініп қойып, кесек-кесек жас 
ыршытты. 
Абайдың екі өкпесі аузына тығылғандай боп, тынысы бітіп, жүрегі қатты 
соғып кетті. 
Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы айрықша 
хабаршы келер деп күтті. Ағайын арасының ежелгі айнымас заңы бойынша, 
жаназаға шақырар деп еді. 
Әншейінде қаншалық қиян-кескі араз боп жүрсе де, «Торқалы той, 
топырақты өлім» дегенге келгенде, араздық ұмытыла тұратын. Әсіресе, 
Бөжейдей кісінің өлімінде жыласпаған, қойыспаған ағайын болу мүмкін емес. 
Құнанбай да, Зере, Ұлжан да осы сәскеге дейін хабаршы келмегенін түсіне 
алмай, аса дағдарған еді. 
Жаназаға деп саба, сойыс, үй қамдап, өз жолымен барудың жайын да 
шолақ-шолақ сөйлескен болатын. Бірақ кешке шейін тосса да хабаршы келмеді. 
Сұмдық көрінсе де, көнбестеріне шара жоқ. Бөжейдің өліміне Құнанбайды 
шақырмапты. Әдейі алалап тастапты. 
Бұл не Бөжейдің өлердегі есиетінен немесе артына ие боп отырған Байдалы, 
Байсал, Түсіптердің мінезінен. Қайсысы болса да осал соққы емес. Кеудесіне 
араздықтың қаны қатқан ағайын, енді міне, өлім екеш өлімімен де оқ атып 
кеткендей! Аталас жақын Олжай іші былай тұрсын, тіпті қалың Тобықты 
ішінде, алыс аталардың арасында да дәл мынадай алалау, кеудеге түрту болған 
емес. 
Құнанбай қатты қипалып, ақыр аяғы ызаға кетті. Кешпес қатал ызаға кетті. 
Өліге шара жок. Әсіресе исі Тобықтыдан бері істелмеген қатыбас, жат 
сұмдықты шығарып отырған Байдалы, Байсалдарға кінәсі көп. 
Бірақ сонымен қатар енді бүгінге шейін келген әзірлік, жаулыққа, 
жұлысуға беттеген әзірлік өзгеретін, іркілетін болды. Оны Құнанбай анық түйді. 
Сондықтан Бақанастағы ауылдардың басшы кісілеріне және Ұлжан үйіне: 
- Жай, шаруаларыңды бағып, тек тыныш тұра беріңдер! - деді де, өзі 
Жұмабайды ертіп, Байқошқар суының басына кеп қонған Күнкенің аулына 
кетті. 
Майдан болғалы тұрған ауылдардын үстінде енді майдан болмайды деген 
сөз. «Аласапран болар, әлек-алқын жазы болар» деген бұл жаз, енді, тіпті 
басқаша болатын тәрізденді. Қандай болар? Онысы анық мәлім емес. Бірак 
қалайда мынандай өлім үстінде ат мініп, аспап асынып жұлқысу жоқ болатын 
шығар.
Жаназаға, Бөжейдің жаназасына шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей 
күйіп, өзгеше шерлі боп қалған еді. Бірақ істер шара жоқ. Кінәсіз екі мейірбан, 
жазықсыз екі жан Бөжейге деген көз жастарын үйлерінде отырып төкті. 
Бөжейге арналған құрандарын, «тие берсінін» өз үйлерінде, өз балаларына, 
Абай мен Ғабитхандарға оқытты. Шелпектерін пісіртіп, дастарқандарын 
жайғызып, бір жеті бойында өз үйлерінде аза қылып отырысты. 
Бұл күндерде Қаршығалыдай кең қонысқа жайыла қонған Жігітек, Бөкенші, 
Көтібақ атаулының сансыз көп ауылдарының үсті қалың нөпір, қара нор еді. 


 
134 
Ол өлкеге Бөжейді жоқтап, ертеңді-кеш, күндіз-түні «бауырымдап» 
аңыраған, аңдыздап, ат қойып, ағылып кеп, төгіліп түсіп, жыласып жатқан 
әйел-еркек, жас-кәрінің ұшы-қиыры жоқ. 
Алыс-жақындағы Бөжейдің бастас, тілеулес ағайындары бөлек-бөлек, 
үлкен-үлкен үйлері мен сойыстарын, сабаларын, күтуші еркек, әйелдерін түгел 
алып келіскен. Өлімді күтудің ерекше бір көптен бері болмаған салтанаты туып 
еді. 
Алыс жайлауға, Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете 
алмай қалды. Ең болмаса Бөжейдің жетісіне шейін, немесе тіпті қырқына шейін 
«жыласатын ағайынды», «бата оқырды» осы кең қоныс – шалқарда тоспақ 
болды. 
Бөжей өлген күннің ертеңінде Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік боп, 
ертемен байласқан байлау осы еді. Сол жаңағы адамдарға бейім ауыл-аймақтар 
тегіс бір-ақ күн ішінде осы Қаршығалыға кеп Бөжейдің ауылдарын айнала 
қоршал, ортаға алып қонысқан-ды. 
Бөжей ұзақ ауырған жок. Жиыны бір-ақ жұма ауырды. Бірақ қатты 
жығылған бетінен бері қарай алмады. Алғаш төсек тартып жатысымен-ақ 
денесін жер тарта бергендей болды да, бетін суыққа салды. Науқасының 
үшінші күнінде тыныштық, тақат таба алмай, тынысы бітіп, жанталасып, өне 
бойы оттай күйіп жатты. 
Өлімді көп көрген Байсал Бөжейдің тамырын ұстап, үнсіз, ауыр күдіктің 
үстінде отыр еді. Қастарында Байдалы, Түсіп, Сүйіндіктер бар болатын. 
Азғана достарынан басқа бөтен жан жок. Бөжей осы сәтте айтып қалғысы 
келді ме? Әйтеуір бір орайда Байсал отырып: 
- Науқасы соқпа ғой! Соқпаның осындай қатқыл келетіні болушы еді, со 
ғой! Бір тер шықса, қалың тер шықса, айығар еді! Буып тұрған тер ғой! -дегенде, 
Бөжей қабағын түйіп, тістеніп, бар қайратын жинап алғандай болды. 
Қаны қашқан, сарғылт, жүдеу жүзіне көкшіл таңбадай ашу келді. Әр сөзін 
бөліп, бірде қатты, бірде сыбырмен айтып, қылғынып, демігіп отырып: 
- Соқпа! Сырттың соқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасы ма? Әйтеуір... 
келді ғой толайым. Құнанбайдың жері кеңір!.. Мен кешермін бұл дүниеден!.. 
Кетермін! Бөгет болмай кетермін!.. Бірақ... күндерің не болар? - деді. 
Мынау отырған төрт досының ішінде сыр беріп жылаған - жалғыз Сүйіидік. 
Анау үшеуі үн қатқан жоқ. Тастай түйіліп сазарысты да, жым-жырт қалды. 
Бөжейдің арыздасқаны да, тіл қатып сөйлегені де сол. Осыдан кейін бір 
жанға бір ауыз сөз айтқан жок. Арада тағы төрт күн еткен соң қайтыс болған. 
Құнанбайға хабар бергізбеген Байдалы мен Байсал. Ел жатар кезде 
Бөжейдің тынысы бітті де, түн ортасына дейін естерінен айрылғандай боп, 
барлық қатын-қалаш, бала-шағамен бірге жаңағы үлкендер де өкіріп, өксіп 
жыласып отырды. Байсал бір рет қалын жиын жылап кеп, жағалай көріскен 
кезде, түрегеп тұрған қалпынан тәлтіректеп, жығылып та кетті. Сүйеиіп тұрган 
таяқ та тіреу болмады. Талып кеткен уақты еді. Осыны көрген соң Байдалы 
Түсіп пен Сүйіндікті ертіп, Байсалды жиыннан, жылаған шудан оңша алып 
шығып, оқшау барып отырып: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет