Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет69/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
140 
Бала атаулының, жаз болады десе, ерекше сағынатыны - бүлдірген. Бірақ, 
Бақанастың өз өңірінде ол өспейді. Өзге кай жерде бар? Пісті ме, жоқ па? 
Онысынан да әлі хабар алысқан жоқ-ты. 
Бүлдірген дегенде Абай да елең етіп, сұрастыра бастады. Тәкежан жаңа ат 
үстінде жүріп естіпті. Бақанаспен қатар ағатын Жәнібек суы бар. Соның анау 
қара адырының ар жағында, Шыңғысқа қараған бас жағында бүлдірген тұнып 
тұр деп естіпті. 
Бүгін-ертең ол араға Жігітек, Бөкенші көшіп келеді. Ел келсе, мыналар 
тере алмай қалады. Ендеше асығыс барып, теріп қайту керек. 
Тәкежан осыны айтқанда, жаңағы көп бала алағызып: 
- Жүр ендеше барайық! 
- Барып теріп қайтайық! 
- Жүріңдер! 
- Ал, ат ұстаңдар! 
- Иә, сәт бүлдірген, бүлдірген! - десіп, бар бала ойнақ салды. 
Бүлдіргенге баруға Тәкежанның өзі де әзір екен. Ол Абайға да: «Жүр!» -
деді. Абай ойланып, баяулап тұрды да, ақырында тым құрыса атқа мініп сергіп 
келмек боп қоса көнді. 
Сонымен, бір шай қайнатым арасында Абай, Тәкежан бастаған барлық ұсақ 
бала тай-құнандарына мініп-мініп ап, желе шауып, шыға келісті. 
Араларындағы үлкендері Абай мен Тәкежан. 
Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-
екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шыққанда жұрттың бәрінің артында 
қалған Оспан болды. 
Ол биешілердің «Жуас тай мін» дегеніне көнбестен, бүгін ғана үйретілген 
қысырдың асау тайы - ақ тайды таңдаған. 
Ақ тай соңғы үш-төрт күннен бері Оспанның есінен кетпейтін құмары. 
Дередей үлкен, өзі жұп-жұмыр ақ тай - қысырдың тайы. Енесі - асау көк 
бие. Ақ тай енесінің асаулығынан былтыр байланбаған. Биыл арда емеді. Шу 
асаудын өзі. Соған жақында көзі түскен Оспан жас биеші Масақбайға жабысып 
жүріп, бүгін таңертең биенің бас сауымының тұсында бұғалықтатып, 
шынғыртып ұстатып алған. 
Масақбай осы жылқыдағы асау атаулының албастысы. Оспанның 
жалынғаны еріксіз көндіріп, Масақбай таңертеннен бері сол тайды үйреткен-ді. 
Тайдың асаулық қияңқылығы сондай екен, біресе шапшып мөнкіп, біресе 
шыңғыра тулап кетіп, Масақбайдыда екі рет жыққан. Бірақ өзге асаудан 
көрмеген ызаны көріп, екі жығылып алған Масақбай, ақ тайға қатты ызаланып 
алған. Құлақтан басып, бұғалықпен буындырып, екі езуін шұрайлап, тайды 
өлердей жазалаған. Үстіне үлкен жабу салып, оны басқұрмен шандып-шандып, 
қарғып мініп алған. Басқа-көзге төпелеп, шапқылатып, қан сорпа қып кеп
бағана желі басына байлап тастамақ болған. 
Бірақ Масақбайдың өнеріне қызығып, өзі де қызып алған Оспан, тай 
әлсіреп келген кезде, жұрттың: «Тоқта!» дегеніне болмастан қарғып мініп 
алған-ды. Екі езуі қан боп жыртылып қалған тай әлі де өлердей қияңқы екен. 
Оспан мінген жерде тағы да қайтадан шапшып секіріп, кәп қияңқылық етті. 


 
141 
Өзі жеңіл балаға оңай көнгісі келмей, қанша қырсық жасаса да Оспан 
жығылмай қойған. Оның бағана Смағұлға мақтанғаны да сол. Қазір желі 
басында қалғанда, Оспанды бөгеген сол ақ тай болатын. 
Тай ежелгі асаулыққа салып, тағы мөңкіді. Бірақ Оспан жығылып, 
қорқудың орнына, құшырланып сабай береді де, езу тартып күліп қояды. 
Баланы жыға алмаған тай, ақыр аяғы ала қашып, шаба жөнелген. Оспанның 
тілегені сол. Ол өзі ағызып келе жатқан тайды онан сайын борбайлап, басқа-
көзге төпеп: 
- Аруақ! Аруақ! - деп ұран салып, жосытып отырып Абайларды қуып жетті. 
Ақ тай Оспанның ырқына әлі көніп болған жоқ екен. Ағызган күйінде 
сыңар езулеп, мойнын бұрып, қырындай шауып кеп, бар денесімен Тәкежанның 
құла бестісін қойып кетті. 
Жұрттың бәрі де ығысып, бөгелеңдеп қалды. Оспан тайын бұрып, көптен 
сытыла бергенде, ақ тай тұра қалып, мойнын ішіне алып, шыңғырып жіберіп 
жаман мөңкіді. 
Абай Оспанды аяп: «Мерт бола ма?» деп қорықты. Жалғыз-ақ Оспанның 
пішініне көзі түскенде қайран болды. Баланың үлкен көздері от шашып, өрттей 
жанып алыпты. Асаумен алысқан арпалысты жаны сүйгендей. Қоркыныштан 
биттей елес жоқ. Қайта: «Тулай түс» деп, қызыққан сияқты. Тай бұдан 
құтылмақ боп, нелер қиястық жасаса, соның бәріне де сол секундта Оспан 
қолма-қол тәсіл жасайды. 
Бұл кезде Оспанның балалық жындылығы, ұрдажықтығы бір жолата 
жогалғандай. Ол Абай көзнде - алыс-жұлыстың бір балуаны сияқтанды. 
Жұрттың бәрі амалсыз иіріліп тұра қалып, ақ таймен Оспанның арпалыс 
майданына қарады. 
Тәкежан да таңдайын қағып, Оспанды боқтай түсіп, сүйсініп тұр. 
Тайдың мөңкігенінен сескеніп, Оспанға болысайық деген ересек балалар 
болып еді. 
Оспан асығып айғайлап, шолақ бұйрық етіп: - Тиме! Аулақ! - деді. 
Осы кезде ақ тай мойнын ішіне алып, басынан асырмақ боп ортқып мөңкіді. 
Оспан екі аяғын тайдың қос қолтығына тығып ап, шалқалап жатып алды. 
Түсіре алмаған тай лезде екі артқы аяғын аспанға сермеп тепкіленді. Онда 
Оспан тағы да тақымын жазбастан еңкейіп ап, тайдың мойнын құшақтап жатып 
алды. 
Тағы бір сәтте ақ тай оқыс шапшып қап, таласқан иттей қос аяқтап 
шаншылып еді. Оспан мынау қимылға тіпті сүйсініп кетті білем. Екі беті қып-
қызыл боп, қайратты шаштары үдірейіп, жалт етіп Абайларға қарап сақ-сақ 
күліп жіберді. 
Жағалай үнсіз тұрған жұрт та тегіс сүйсіне күлді. Тәкежан, өз басы 
өмірінде мұндай қимыл жасап көрген емес еді. 
Оспанның ерлігіне қайран қап: 
- Түу, сарамас. Мынау неткен көз жоқ бетбақ еді? - деп, құла бестіні 
қамшымен бір салды да, желіп кетті. Барлық балалар қоса қозғалған. Ақ тай да 
қайтадан көндігіп, шаба жөнелді. Оспан тағы да қамшылап борбайлап: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет