Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет77/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
156 
- Уай, қара бет! Көрінде өкір шетіңнен, қаралы көшке шапқан қара бет! - 
деді. 
Бәжей көші екенін Құнанбай білісімен: 
- Ендеше көшті шаппаңдар! Бірақ сол тұрған жерге қонсын, ілгері 
баспасын! - деді. 
Бөжей көші іркіліп иірілді де, Мұсақұлға қонып қалды. Құнанбай қолы 
қайта серпілді. 
«Бөжейдің қаралы көшіне шауыпты! Өлі аруақты да қорлапты!» деген 
хабар осы күні ана жақтың барлық ауылдарына тарады. Көштен бастап, түн 
бойы барлық еркек кіндікті аспап сайлап, атқа қонды. Жасақтың жиылатын 
ортасы Мұсақүл, дәл сол Бөжей аулының үсті, Құнанбайға қарсы белдесуге 
шыдап, қол жиғызып отырған Байдалы, Байсал болды. 
Осы түнде Құнанбай қолы да дамылсыз ағылып кеп, Жидебайға жиылып 
жатты. Мұсақұл, Жидебай арасы үш-ақ шақырым. Осы екі қорық үлкен 
майданның орны болуға айналды. Кұнанбай жақын маңдағы рулардан басқа, 
Қыдыр мен Шұнай, Доғалаң сияқты тауларды мекен еткен Тоғалақ, Әнет, 
Бәкенді де шақыртып, қос-қос атпен шапқыншылар ұшыртқан. 
Байдалы, Байсал болса: Жігітек, Көтібак, Бөкеншіні түгел атқа мінгізумен 
қабат, Қаратайдың елі Көкшеге де, одан арғы бір қалың ру - Мырза, Мамайға 
кісі шаптырған. Жасағына бұл шакырғаны Тобықты ішінде алыстап барып 
туысатын ағайын. Тобықтыдан бірер ата бері «Қоңыр» деген шеше ұранын 
шақырғанда барып, мыналармен туысушы еді. 
Байдалының бір қамы осы болса, екінші үлкен ісі дәл осы түнде Түсіпті 
Қарқаралыға жөнелту болды. Қасына бес жігіт қосып, қалталарына қалыңдап 
ақша салды. Қос-қосардан сәйгүліктер жетектеп, әсіресе өз руларының мөр иесі 
адамдарына мөрлерін бастырып, отыздан аса «пірғауар» жасатып, Құнанбай 
үстінен мықты шағым сайлатып берді. 
Осының бәрін тығыз әзірлетіп, Құнанбайды: «Ел бүлдірді, қаралы көшті 
шапты. Тобықтыны калың соғыс қырғынға салып отыр!» дегізіп кезеп берді де, 
Түсіпті жедел жөнелтті. 
Байдалы міндеті енді не де болса, қайыспай қасарысу, қайтпай соғысу. 
Таң атысымен Құнанбайдың Жидебайға жиылған қалың қолы атой беріп, 
жүйткіп жосып, шандата шапты. Бұл колдың молдығы ерсі екен. 
Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер де аттарына лезде мініп, өз қолдарына ұран 
салды. 
Бұл жақ та қамсыз емес. Ат белдеуде, сойыл, шоқпар әзір болатын. 
Кұнанбай қолына қарсы бұлар да жасқанбай, таймай шапты. 
Екі жақ шаңдатып шулап, сойыл, найзаларын зор айдынмен көтерісіп
бетпе-бет шабысып келді де, жапыр-жұпыр бір-бір араласып, шарт-шұрт 
ұрысып өтті. 
«Мұсақұл соғысы» деп ат алып, кейін Тобықтының талай заман есінен 
кетпейтін осы соғыс екі жақтан ең кемінде мың-мыңнан әскер шығарды. Кісіге 
ден болмаған Құнанбай жағы талай рет қаптаса да тойтарылып қайта қайтып 
тұр. Әрбір шабуылдаған қақтығыста оннан, бестен құлап түскен жаралыларды 
екі жақ жиып әкетіседі. 


 
157 
Алғашкы күн көп қаржасса да, жеңісе алмаған қолдар кешке жақын кейін-
кейін шегіністі. 
Келесі күні, тағы осындай, бірін-бірі қашыра алмаған, жеңісе алмаған 
шарпысумен өтті. 
Көптен бүйтіп насырға шауып көрмеген үлкен жойқын соғыс, үшінші 
күнге қарай кетіп еді. Дәл осы күннің түс кезінде Құнанбай жүз елудей атпал 
азаматқа ең жүйрік аттарды мінгізіп, қолдарына, тегіс сойылдарын тастатып, 
айбалта, найза бергізді. Екі күндей жеңгізбеген Жігітекке қаны қайнап, өшігіп 
өршеленіп алған. Енді қан шығара соқтықпақ болды. Қолы қатты, кегі күшті 
Құнанбай жеңгенде осымен жеңбек.
Әуелі сойыл, шоқпарлы кісілерін күндегідей жіберіп, әдейі қаша ұрыс 
салдырып тұрды. Ана жақтың өлермендерін екілендіріп, қоздырып алмақ. 
Айтқандай, Жігітек, Көтібақпен екшеліп шығып, екпіндей қуатын айнымас 
топтар айқынданып қалды. Оның басы Балағаз, Құлыншақтың «бес қасқасы». 
Көтібақтан Пұшарбай, Қареке дегендер. Осылар бір рет Құнанбай тұрған төбеге 
таман аса басымдап етпет-теп келген кезде бағанадан тасада ұстап тұрған ірікті 
тобын Құнанбай қаптатып кеп қосып жіберді. Өзі де шауып еді. 
Айбалталы, найзалы топтың басы ер Ызғұтты болатын. Бұлар араласты да, 
Жігітек жағын еріксіз қашырып, бастыра жөнелді. Қуа соғысқанда он шақты 
жігітті шаншып түсірді. Ызғұтты өз қолындағы айбалтамен Пұшарбайды кезей 
қуып еді. Арадан қорғамақ болған Қареке кеп киліккенде, Ызғұтты соны 
құлаштап кеп, бастан шапты. Жасқанып қалған Қарекенің дәл басына айбалта 
тимеді, бірақ мұрнын шауып түсті. Омырауының бәрін ағыл-тегіл қан жапқан 
Қареке Пұшарбайдың көз алдында шауып келе жатып, жұмарлана кұлады. 
Жігітектер құтқара да алмады. Жасқанып қаша берді. Жау қаштының алды осы. 
Құнанбай енді бастырып омыраулап, «Бар Жігітек қолын қашырамын» деп, 
екпіндеп келе жатыр. 
Бірақ дәл осы кезде Жігітек қолының арт жағындағы Ақадыр жақтан қалың 
будақ шаң шықты. Шаң ғана емес, адырдың құлай берісінен селдей қаптап, 
жосытып келе жатқан қалың қол екен. 
Алдында «Жігітек Қоңырға кісі шаптырыпты. Мамай көп жасағымен 
келеді деп дәмеленіп тұр!» деген сыбысты Құнанбай жағы бір жансыздан 
есіткен-ді. Мамай келсе, Жігітек жағы басымдап кеткелі тұр. Бүгінгі күннің 
үлкен қаупы сол. Жаңа ғана Құнанбай айласы іске асып, жауды жыпыра 
бергенде, мына Мамайдың қолы көрініп қалғаны қуғыншылардың жүрегін 
қатты шайлықтырды. Ызғұттылар еріксіз іркіліп тартына берді. Үйткені анау 
таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес жүзден кем емес. 
Құнанбай қолы тоқтап қалды. Тоқтасымен кейін сырги берді. Бірақ бұған 
орай, Жігітек те өршеленіп қайта құмады. 
Қызып соғысатын кезде екі жақ жай ғана айрылысты. Құнанбай бұл күні 
қатты алданғанын білген жоқ. Білсе, ол жаңағы қаптаған бетінде Жігітекті 
жеңетін еді. 
Үшінші күнгі соғыста, Құнанбай тәсіл ойлаған кезде, Байдалы да бір есеп 
тапқан. Осы үшінші күнді ол да жеңіс күніне айналдырам деп ойлаған. 
Сонымен, бір жактан «Қоңыр келеді!» деген дақбыртты таратып жатып
екіншіден, өздерінің жақын ауылдарының барлык түйесін жиғызып ап, қырғын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет