Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет79/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
160 
да, кеше Жігітектің жасағына келмей қалған Көкше - Қаратай. Ара ағайын деп 
осы екеуін алу керек. Байдалыға соларды салу қажет. Байлау осы болды. 
Тегінде бұл екеуінің қиыны Қаратай еді. Оның Құнанбайға дос боп жүріп, 
қатты өкпелеп кеткені бар. Сол Қаратайға айт деп, Құнанбай бір сәлем жолдады. 
Сәлемі: 
- Өлмесек әлі талай көрісерміз. Тіріге тірінің ісі түсетін күндер болар. 
Көрісуге күн жақсы болсын! Айтарым сол-ақ, - деген. 
Келесі күн Құнанбай ауыл, ауданымен, бала-шағаларымен үндемей көрісті 
де, ұлықтарға еріп, атқа мінді. Қасына ерткен бес жігіті бар. Соның ішіндегі ең 
сенімдісі Мырзахан. Бұл бала күннен Құнанбайдың жігіті боп, қабысып кеткен 
адам. Аянар жаны жоқ. Тұқымы Ескене деген алыс ру болса да, қысталаңда 
Құнанбайдың анық сенетін жігіті осы. 
Құнанбай ел ішінен жүріп кетті. Ұлықтар да тегіс кетті. Бірак, кешегі осы 
елдің ұлығы болған аға сұлтанға енді не істейтінін айтпай кетті. Түсіре ме, тіпті 
орнында қалдыра ма? Онысын да сездірген жоқ. Байдалылар барын салып, тым 
кұрса осы жағын білмек еді. 
Бірак, әйтеуір, кеше ел шауып ығыр қып отырған Құнанбай өз 
ықтиярынсыз дуанға шақыртылып кетіп отыр. Соғысқан, белдескен күнінде 
жеңе алмай қалғаны тағы бар. 
Осының өзі де Жігітек, Бөкеншіні қатты қуантқан. Қазіргі күндер - ол 
рулардың үсті наурыз күніндей мәра-сәра. Айтшыласқан елдей ойнақ салу, 
бала-шаға емес, үлкендердің өздеріне де пайда болды. 
Бірлесіп қарсылық көрсеткен үш ру ел біржолата қойындасып, құшақтаса 
араласып жатыр. 
Осымен қатар: «Құнанбайды елге қайтартпаймыз, айдатамыз, үстінен 
арызды айдап, су түбіне біржолата кетіреміз, Бөжей кегін аламыз! Өлі аруақ 
қарғысын мұның басына жеткіземіз!» деген ызғар, қайрат та күшті. Арыз, 
піргауарларын қамдатып, тағы сол Түсіпті жөнелтпек болысып та жатқан. 
Бірақ осы кезде Қаратай, Байғұлақ кеп килікті. Арлы-берлі көп ырғап, көп 
қажап кеп, арыз дегенді тоқтаттыратын болды. 
Жігітек сөзінің иесі Байдалы еді. 
Қаратай соған ауыр салмақ салып, асылып кеп: 
- Тынбаймын дегенді мақұлдамаймыз. Ара ағайын біз келіп отырмыз. Бұл 
тынымсыздық Құнанбайды өкіндіріп отыр, әнекей! Одан жер ал! Есесі кетіп 
ойсырап қалған елдеріңнің қызылын толтыр! - деген. 
Осы сөздер екі-үш күнге созылып, көп ырғаққа түсіп жүрді де, ақыры сол 
Қаратайдың дегені болды. 
Байдалы, бірақ жер жағынан ойдағысын бұйырды. Құнанбайдың он жыл 
бойында, тірнектеп жүріп тартып алған жерлерінен дәл он бес қыстау қайтып 
алды. Жігітек, Көтібақ, Бөкенші, Торғай - бәрі де, әлденеше қоныс, 
қыстаулардан алысты. Алғанмен, сол төрт рудың ру басылары және малды, 
жуан ауылдары алатын қыстаулар боп шықты. «Көптің дерті, көптің жоғы» 
деген «мұңның» бәрі, тоқырау жерде сол Байдалы, Байсал, Сүйіндіктердің 
өздерінің қыстау басуымен аяқталған. Оған орай көпті малмен, сойыспен, ат 
майы және тайынша-торпақ, соғыммен ырзалаған болысты. Бұл ретте берілетін 
мал-мүлікті Ырғызбай түгел бөлісіп көтерген. 


 
161 
Құнанбай кеткен соң он шақты күн өткенде, бұндағы елдің арасы осылай 
боп, өзінше тыныштана бастады да, арттан қуа кеткен арыз болмады. Қыстау 
алып, мал алған ру басылар енді елдеріне осы жеңістерінің өзін де қуаныш деп 
қайта таратты, мол таратты. Арада тағы да әлденеше көкқасқа айтып, күндіз-
түн кәл-көсір қып мал сойып, қалжыңға, күлкі айғайға, ән, жырға бөленіп, ұзақ 
қызық көріп жатты. 

Ұрыс-қағыс басылып, тіршілік сабасына келгелі жұрт Жидебай, Мұсақұл 
сияқты қыстаулардан кетіп, ойға қарай ілгерілеп, көшіп келе жатқан. 
Әр ру, әр ауыл өзді-өз күзектеріне қонып жатыр. Жайлаудай, қыстаудай 
емес, енді, тарап қонысатын болған. Бұл кезде, оқта-текте болмаса, қалың 
ауылдар азырақ кездеседі. 
Құнанбай ауылдары да бір-бірінен шанжау-шанжау болатын. Тобықтының 
кең өріс, мол дала, көп адырлары осы «бауыр» деген күзекте. Күзектің ақ от, 
қара отын қыс түспей малға жақсылап жегізіп, тойынта түсу үшін, ауыл-
ауылдар шашырай қонғанды тілейді. 
Зеренің ауылы биылғы күзекке жылдағыдай ұзап кетпеді. Жидебайдан үш 
көшіп Есембайға жетті де «Күземді осында алып, қыстауға ерте қайтамыз» деп, 
жұрттың бәрінен кейіндеп қалған. 
Биылғы күз аса салқын. Қара суық желі де, бұлыңғыр жауыны да ерте 
иектеп, мезгілсіз бүрсеңдеп тұр. Қыс ызғары ерте білінетін болса, қыстауға 
жақын отырған артық. Ұлжан кәрі енесі мен балаларының жайын ойлап, әдейі 
осылай тартынып қалған. Қастарында көрші елден үш қана шағын ауыл бар. 
Абай әкесі кеткелі үйден шаққан жок. Бірақ Жігітек жағының желігін, 
асыр-сауығын, мәз-мерекесін естіп жүрген. Ырғызбай жағынан тиген он бес 
қыстауды азулы мықтылар басқанын бір есітті. Артынан тағы да сол 
жуандардың өздері, ішін-ара әлі ұғыса алмай, енді бірінен бірі қызғанысып, 
қырбайласып қалып жүр дегенді де есіткен. Бұндай хабарларға Абай біртүрлі 
сыншы үлкен жанша қарап, наразы боп күлуші еді. 
Бөжей намысын қуғандары шын болса, ол намыс, ол ар деген нәрселер 
оңай ма еді? 
Сондай кірсіз, шетін, ақ нәрсені жермен, қыстаумен емдеуге бола ма екен? 
«Ел жылады... Елдің белі талды. Көп қысылды» дегендері кәні? Абай осыны да 
көп ойлап, аса бір қиналып, қысылушы еді. Ақыры ол шерудің барлығы осы 
адамдардың өз жемсауын тойдырса тыпа-тыныш басыла қалады екен. 
Осындайларды қазып ойлап, Абай осы күзде бар үлкеннің шама-шарқын 
танып алды. Таныған сайын басын шайқап, қыжалданып қояды. Көбінесе, тани 
тыңдап, мысқыл ете күледі. Сол себепті: «Жігітек масайрап, шат-шадыман боп 
жатыр. Біз мырзаның артында жабырқап, уайым ойлап отырғанда, олар 
сүйсініп, ойнақ сап жатыр!» - деп Ырғызбай кісілері қорланған уақытта, кіжініп, 
күйген уақытта да Абай оншалық шіміркенбейтін. Әсіресе, күйік шегіп, 
қызғанбайды. 
Көбінше үндемей, езу тарта береді. Осындай, бір оқ өтпес сауыт тауып 
кигендей. Көптен бөлек, өзінше оқшау, қатаң өсіп келе жатқан тәрізді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет