Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет85/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
172 
- Ал, қалқам, жер тар, уақыт тығыз болды. Бірақ тілеулес достарың бар 
екенін көрдің ғой. Еске ала жүр! Тек мына судан байқап өт! Қош! - деді. 
Абай жеңгенің екі қолын қапсыра ұстап тұрып: 
- Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығыңды! - 
деп қоштасты да, кішкене есікті ақырын ашып, жай салмақпен басып жүріп 
кетті. 
Абай ойы жаңағы өзімен қоштасқан ғазиз жандармен бірге болды. 
Солардың жүздері көз алдында. Көкреғі толған нұр сәуледей, шексіз бір 
қуаныш, анық бақыт тынысы бар. 
Алдынан қатты гүрілдеп соққан өзгеше тасқын естіліп жатса да, оны 
елемеген. 
Енді міне сол тасқынның қасына келді. Тау өзені бұзылып, тентек құла су 
шарасынан шығыпты. Кейде тас сатырлап, кейде мұз күтірлеп, сусылдай түсіп, 
жөңкіліп кетіп жатыр. 
Жағада біраз тұрып, халды аңғарды. Жаяу өтем деуге болатын емес. 
Байқаса, таң қылаңдап атып қапты. Өзенді құлдап селдір тоғай ішіне кіріп, 
арлы-берлі жүріп көрді. Табар айла жоқ. Бөгелген сайын таң шапақтап атып, 
айнала айқын көрініп келеді. Ел тұрып, тысқа шығысымен, мынау өзеннің 
ағысын көргелі келе бастайды. Әсіресе, малқорада аз ұйықтайтын үлкендер, 
еркектер алдымен келеді. Сүйіндік аулының маңынан жаяу жүрген Құнанбай 
баласын тапса, сезігі біреу-ақ болады. 
Абай сонда да қорыққан жок. Жүрегін кернеген қуаныш бір сәтке де мұны 
тастап, қауіп астына батқан жоқ. Жас басына әлі күнге мұндай қысылшаң хал 
түсіп көрмеген болса да, Абай өз-өзіне ғажап болды. Тіпті көп жүріс алып, 
ысылған кісідей саспайды, қымсынбайды. 
Сирек талдың арасына шала жасырынып, далдалап тұрып, Ербол қыстауы 
жаққа көз тастады. Байқаса, біреу арғы жағадан ербеңдеп, асығып келеді екен. 
Беті қисықтау, жоғары таман. 
Абай дауыстап: - Ербол! Е-ей, Ербол! - деп үн қатты. 
Келе жатқан Ербол екен. Абайға қарай қолын сілкіп: «бұқ» дегендей белгі 
жасады. Абай бұққан жоқ, тосып қалды. 
Қарауыл суы қатты тасып жатқанмен, енсіз болатын. Ербол арғы жағаға 
құп-қу боп, қорқып жүгіріп келді. Өзі ұшыратқандай жаман қысылған екен. 
Абай шошыды ма деп те қиналған. 
Бірақ Абай мұның тұсына таман кеп тұрып, ақсия күлді де: 
- Ал, кұтқар енді! Мына Қарауыл қолға түсірейін деп тұр! - деді. 
Ербол жардың биік жерінен бір-ақ секіріп, өзен жағасына жетті де, Абайға 
айғайлап: 
- Сен осы талдың ішінде тапжылмай тұра тұр. Қазір келем, қорықпа! -деп 
қайта жөнелді. 
Аздан соң Ербол өз үйінің бір дәу қызыл өгізін мініп келді. Абай оның ат 
әкелмегеніне таң қалды. Ербол келді де, өгізді қамшылап кеп суға түсті. Өгіз 
мұзды суға басқысы келмей көп тартысып еді, Ербол ырыққа көнбеді. Бір түсіп 
алған соң, өгіз ілгері баса берді. Су терең емес. Бірақ мұзы бар, ағыны қатты. 
Сол мұз бен суға өгіз мықты екен. Ықтамай, бет бұрмай жай басса да, ілгері 
тура басып келеді. Жағаға жақындай бергенде Ербол өгіздің бас жібін 


 
173 
лақтырды. Абай жабыса түсіп, тарта берді де, Ербол қамшылап отырып жиекке 
шықты. Жанын ортаға салып, қатерге басып, Абайға шын достық көрсетіп 
шықты. Екі етігін қонышына шейін су басып кеткен екен. Абай Ерболды 
құшақтай алып: 
- Өй, ат қайда? Өгізің не? Атпен неге келмедің! - деп еді. 
- Ат болғанда, сенің атыңды әкелмедім. Анау ауыл қазір тұрады. Біз 
өткенше көріп қойса, қаптап кетеді. Ал өзіміздікі әлсіз байтал. Және сол құрып 
қалғыр түнде қорадан шығып, тауға жайылып кетіпті. Бағанадан бөгелгенім сол 
емес пе? - деді. 
Екеуі мінгесіп ап, қызыл өгізді қайта бұрып еді. Енді кесел қыңыр өгіз 
баспай қойды. Қатты әуремен жарым сағаттай етті. Барынша қапа болған Ербол 
қызыл өгіздің тұқым-тұғиянын, жетпіс жеті ата-бабасын санап, боқтап-боқтап 
діңкесі құрыды да, бір кезде өгізді тастап, тал ішінен бойлап байқап атрапқа 
қарады. Бұл уақытта күншығыс қызарып ап, бар дүние күндізгідей көрінетін 
болған. 
Бір тәуірі ауыл тұрмаған екен. Ербол маңайды болжап ап, жүгіре жөнелді. 
Абай азғантай тосқан еді, бір сәтте Ербол әлдеқандай семіз қара көк биеге 
мініп жетіп келді. Абай таң қалды. 
- Ой, бұны қайдан алдың? 
- Үндеме, Сүйіндіктің қойшысының биесі. Мына жерде жайылып жүр екен. 
- Е, қойшысы қайтеді? 
- Қайткенінде не жұмысың бар? 
- Қойын қайтеді? Қойшысы жаяу қалады ғой! 
- Өй, тәйір, қойшысы түгіл, құтпаны жаяу қалсын! Сені жау қолына 
қалдырушы ма ем? Не айтып тұрсың? 
Кел, мін! - деп, бір-ақ байлады да, Абайды аяғынан алып көтеріп, жайдақ 
биеге мінгізді. Досының мына мінез, мына сөзіне Абай аса қуанып кетіп, қатты 
риза боп: 
- Шіркін, Ербол! Неткен жақсы едің? Дос жақсысы сен екенсің ғой... Естен 
кетпес іс еттің-ау! - деді. 
Сүйткенше Ербол өзі қызыл өгізге мініп ап, бас жібін Абайға ұстата беріп: 
- Абай, сөзді қой, тарт! - деді. 
Көк бие мұз ішінде пысқырып, толқып, тайғанақтап отырса да, жығылмады. 
Қызыл өгіз де қара тартып еріп отырып, аман шықты. 
Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен, өгіз бен биені қоя берді де, жарды 
жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер ұзап барып, қыратқа 
шықты. Содан Ерболдың үйіне келді. 
Қораның алдына жете бере, Ербол Сүйіндік қыстауының жанында, төбе 
басына шығып, биесін көздеп жүрген қойшыны көрді. 
- Өй, көк биенің бүгінгі еңбегі жетеді. Ол қойға бүгін бармайды. Бүгінше 
қойыңды жаяу бақ! - деп, қылжақтай күлді. 
Абай үйге кірген жоқ. Далада тұрып, атын ерттетіп алды. Ерболмен 
соншалық ырзалықпен, шын досша қоштасты да, өзенді құлдап, желіп жүріп 
кетті. 
Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қалған. 
Әр қыстаудың жанындағы тақыр көгалдарда аздаған ақ үйлер, қоңыр үйлер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет