25
Бірақ басында өздері жайып жіберіп, кейін осы өсек, еріккен қызыл
ауыздың бәрін кернеп кеткен уақытта, Сүйіндік тағы бір келіп Жексеннен енді
анық дерегін сұраған. Жексен қыстыгүні - Құтжанның жетісі болған күні,
Қодар айтқан бір сөзді дәлел қылды.
Қодар қайғыдап сандалып, жаны күйіп отырып:
- Маңымда тұлдыр жоқ. Құдай маған қылды ғой.
Кәпір өтсем де енді
кәрінен аянарым жоқ. Құдай маған қылса, менің құдайға қыларым сол... - деген.
Осыны Жексен өз бетімен топшылап, «бұл кұдайға не қылады?» деп жүріп-
жүріп кеп, ақыры: «мұнысы келіні болды!» деп байлаған-ды.
Содан бері өсекті өзі таратуына тағы бір себеп: Қодарда біраз жер бар.
Мұның қыстауына ең жақын, жерлес адам сол. Әйтеуір жәйі біткен неме ғой.
Елден қудырып жіберіп, жерін де басайын! - деген арғы түкпірде жатқан есебі
еді.
Осыдан ұшқындаған сөз Құнанбайға жетіп, одан Сыбанның жиынында
Солтабай Тобықтыны мазақ етіп сөйлепті»
дегеннен бері қарай, Сүйіндік
бәленің ұлғаятынын біліп, Жексеннен қайта кеп сұрастырған. Жалғыз Жексен
емес, маңайдан да сұрау салды. Қөрші ағайын, бастығы Әйтімбет қойшы боп,
өз еркімен осының анығына жетуді ойлады. Сөз бақпаған момын ағайынның
бәрі де Қодарды қараламады. Қайғы шеккен, дертті күйін ғана айтушы еді.
Бірақ Жексен мен мына Жетпіс болса, сол қайғының өзін де:
- Әдейі істеп жүрген сырты. Сүйтпей қоя ма? Бәлені түн жамыла бастайды
ғой, - дескен-ді.
Өзі анығын
білмеген және ол анық болса, осыны сылтау қып Құнанбай
Борсақ, Бөкеншіге бір нұқсан келтіреді деп есептеген Сүйіндік, сырт кісімен
сөйлескенде:
- Осы сөз бекер болар, - деген. Құнанбай алдында да соны нық ұстармын
деп еді. Бірақ Құнанбай ырық бермеді.
Оның үстіне, жақында Қодарға өзі әдейілеп жіберген Бектен көсе
жолшыбай Жексен аулына сөғып, тіпті бүлдіріп қайтты.
- Қодар: «Құдай да, Құнанбай да керек емес. Не қылсам өз еркім, менде не
ақыларың бар?» - деп қуып шықты. «Құдай маған қылса, мен құдайға қылдым»
- дегені дәл сол бәленің өзі болды! - деп ентелетіп, төндіріп келген-ді.
Құнанбай жағынан ықтап қайтқан Сүйіндік, көзі жетпесе де байлау етті.
Сонымен ақыры Қодар күйі кеп бұған соқты.
Жолшыбай «келінімен тілдестірмеймін» деп,
Қамысбай Қодарды алдына
салып, өзі әдейі оқ бойы жер артта, іркіле жүріп келе жатыр.
4
Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес. Шыңғыстың үлкен биігінің бірі.
Соның бауыры әдемі, тоғайлы өзен болатын. Тал-терегі болсын және тау
қайыңы қисықша қызыл қайың болсын, барлығы да көктеп, жайнап тұр. Бұл ара
бір құйқалы, жақсы қыстау. Бөкенші, Борсақ ерте кеп, осында орнап қап, әлі
бауыр басып келеді.