17
Бөжей - қалың Жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Қеңгірбайдың теріс
азу, мықты биі шыққан ел. Бертінде, ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы
жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар Жігітек. Байсал да сондай мол
ру Қөтібақтың тұрғысы. «Тоқпақ жалды торы» деп атағанда үйірі қалың
айғырдай, көптігінен атанған. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп,
жерді мол қамтуға
тырысатын, көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша қысылып, қымтырыла
қоймайтын ауылдар. Сүйіндік осы ағайынды елдер ішінде ең азы Бөкеншінің
кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы Борсақ.
Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар - сол Борсақ болатын.
Құнанбай болса - Ырғызбай руынан. Бұл, бас жағына келгенде Жігітектен
де, Қөтібақтан да аз. Бірақ, әрі малды, әрі көптен бері Тобықтыны билеп-төстеп
келе жатқан ауылдар.
Туыс
жағын алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен көрі, Құнанбайға Байсал
жақын. Сойыл соғарға келгенде, қолға, санға келгенде Құнанбайдың мықтап
сүйенетіні сол Байсал елі - Қөтібақ. Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес.
Қаратай болса, бұлардың барлығына алыстау. Ара ағайын тәрізді Қөкше
деген рудың атқамінері. Аз да болса, пысық және шөре-шөреде жүргендіктен
бір мүшеден қалмай ілесіп отыратын.
Осы отырған ру басылардың мінезі, артта жүрген үлкенді-кішілі атқамінер,
ақсақал, қарасақалының бәріне де мінез, тәсіл бола жүреді.
Құнанбай
қасындағы қой көздеу, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз
достарынан да, Құнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады. Қазір,
Құнанбай алдында, жастан бергі дағдысы бойынша үндемей отырғанмен, бұл
ерен бүлік, сотқар адам. Құнанбайдың ұлықтығына бақ масы болған
Ырғызбайдың басы осы.
Бүгін Бөжейлердің Құнанбаймен іштей суысуына себепші болған да осы
Майбасар.
Бұдан екі ай бұрын зықысы әбден шыққан ел Бөжейді салып, Құнанбайдан:
«Майбасарды орнынан түсір» деп тілеп еді.
Құнанбай Майбасар мінезін білсе де түсірмеді. Ол өзінің қара күші, зілі
сияқты болатын осындай бір Майбасардың жүруін мақұл көрді. Үлкен бір есебі,
«Анау жұртты шақар айғырдай мойын салып қуып ықтырған уақытта, ел
арыз
айта өзіме келеді, өз бауырыма қайырып беріп отырады» деп топшылаған.
Қодар жайындағы сөздердің артын Құнанбай ашып шешкен жоқ.
Аналардың емеуірінін есітті де, қалғанын үндемей бітірді.
Аздан соң сөзді басқа жаққа көшіріп, осы көктемде мал тойыны қандай,
шәп шығымы қандай, көші-қонның мезгілі қандай болатынын айта бастады.
Биыл да, бұл отырған барлығының кеңесі Шыңғыс сыртындағы Бақанас,
Байқошқарға шейін көшіп барыспақ. Ол, Керей қонысы болса,
сол Керейге
мінбелей барып қонып, екі өзенді тағы да жылдағыдай баурай бермек болысты,
Тобықтының осы жуандары малы аз ғана Керейден сол екі өзенді, жылма-жыл
қона жүріп, тартып алмақ ниетте болатын.
Бұл әңгімелерге келгенде барлық бағанағы томсарған жиын шешіліп,
жазыла сөйледі.
Осы кезде Жиренше Абайға ым қақты да, тысқа шығып кетті. Абай,
Қодардың қылмысы не, өзі кім екенін білмеген қалпында болатын. Ол жалғыз-