Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет4/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 

шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жұманның қатыны, Қалиқа деген бір 
жеңгесі: 
- Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! - деп, 
мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. Тағы бір жеңгесі - Ызғұттың қатыны 
Тобжан да сүйді. Содан кейін үлкен қатындар және осы топтағы үлкен еркектің, 
ағалардың да бір-екеуі сүйіп жатыр. Абайды шын балаға айналдырып жіберген 
осы сүйістер еді. Ол қысылып қызарғанмен қашып та құтыла алатын емес. 
Наразы боларын да, құптарын да білмеді. Бірнеше үлкен қатындардың көзінен 
жас та көрінді. 
Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып, 
шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу 
жүзді - Айғыз қатар тұр екен. 
Бала топтан шыға бергенде, Айғыз күліп: 
- Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де 
қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді. 
Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына 
басып тұрды да, мандайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық 
шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ, 
баурына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір 
өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ. 
- Әжеңе бар, әнеки! - деп үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кәрі 
әжесі Зере бәйбіше, таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен. 
- Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! - дей 
беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан ілезде: - 
Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналып 
кетті. 
Әжесі құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай, ымырт жабылғанша 
осында болды. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай 
ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. Жөндеп ішкен де жоқ. 
Күні бойғы аштығы да ұмытылған сияқты. 
Ас бере отырып, бойлары үйреніскен сайын, шеше, жеңгелері баладан: 
- Елді сағындың ба, кімді сағындың? 
- Молда болдың ба? 
- Оқып болдың ба? - деген сияқтыларды қайта-қайта сұрады. Абай өзге 
сұрақтарға жөнді жауап берген жоқ. Жалғыз-ақ кімді сағындың дегенде: 
- Оспан қайда? Ол қайда жүр? - деп өзінің кіші інісі, тентек Оспанды 
бірнеше рет сұрап еді. 
Ұлжан басында ол сұрауын елеусіз қалдырып, артынан тағы бір айналғанда: 
- Е, жүр-дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң әжең екеуміз 
қуып шыққамыз, - деп әжесіне нұсқады. 
Әжесі өзіне байланысты бір нәрсеге ишара қып отырғанды көріп: 
- Не дейді? Не деп жатырсыңдар, естімедім, - деп еді, Абай Оспан жайын 
айтып кеп, қатты сөйлеп: 
- Әже-ау, былтыр мұндай емес ең... Құлағыңа не болған, неге естімейсің? - 
деді. Көптің ортасында отырса да, еріксіз жапа-жалғыз боп оқшауланып қалған 
әжесіне жаны ашып, құшақтап алдына жантайды. 


 

Әжесі түсінді де, аз ғана босаңсып: 
- Балам-ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды? - деп, өзінің 
дағдылы мұң-шыңына қарай беттеп еді. Баласы қимады. 
- Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? - деді.
Үй іші де, әжесі де құр күліп қана қойды. 
Кәрі шеше күле отырып, баласының талабы қайтпасын дегендей қып: 
- Үшкірсе, кейде ашылып қалады. Үшкірген жағады, - деді. 
- Үшкірсе, мына балаң молда боп келді ғой. Үшкірт балаңа, - деп, Айғыз 
күлді. 
- Үшкірсін, баласы үшкіріп берсін. 
- Сорлы кәрінің көңліне о да болса демеу ғой!.. - деп үйдегі үлкендер, 
әсіресе, жеңгелер Абайдан шын бірдемені дәметкендей. 
Абай бұған ішінен ыза болды. «Үшкіру, ішірткі жазу, қасида оқу» 
молдалықтың ел үйренген дағдысы екені рас. Бала көңліне қатты жиренішті 
көрінетін балгер, құшынаш сияқты, бақсымен тең молда, қожа аз емес. Абай 
соны еске алып, өз жайын мысқылдағандай болып, аз күлімсіреп отырды да, бір 
кезде оқыстан, әжесінің басын құшақтай ап, сыбырлай күбірлеп, бір нәрсені 
шұбырта жөнелді. Жұрт аңыра қарап отырып, басында дұғалық оқып жатыр 
екен деп еді. Кәдімгі молдадай шарт жүгініп алып, түсін томсартып жіберіп
шешесіне төніп отырып: 
Юзі раушан, көзі гауһар, 
Лағылдек бет ұшы ахмар. 
Тамағы қардан әм биһтар 
Қашың, құдрәт, қоли шиға. - 
деп, көпшілік ұға қоймайтын өлеңді шұбырта беріп, даусын «тәбәрәк» 
оқыған молдаларша ұзайта созды. 
Мұбада болса ол бір кәз 
Тамаша қылса юзма-юз... 
Кетіп қуат, юмылып көз, 
Бойың сал-сал бола нига? - 
деп кеп көзін жұмып, ернін жыбырлатып, әжесінің құлағын ашып «су-ф!» 
деп қойды. Бұл өзінің, биыл осы көктемде Науаи, Фзулиді оқып жүріп жазған 
өлеңі болатын. Отырғандар әлі де дел-салда. Күдік етушіден де шын дұғалық 
екен деушілер көп. Бала солардың шама-шарқын танып, мысқыл еткендей боп 
алдаңқырап келді де, енді шынын танытпақ боп, даусын ашық етіп қатайтып 
алды. Тағы да көзін жұмып, түсін томсартып, құран аударған молдадай, ілгері-
кейін теңселе беріп: 
Ұшады бозша торғай көдені ықтап, 
Басасың аяғыңды нықтап-нықтап, 
Кәрі әжем естімейді, нана берсін, 
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап... - 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет