Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет5/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
10 
деп кеп, тағы да «су-ф-ф!» деп қойды. Үйдің іші енді сезіп, ду күлісті. 
Соңғы өлеңнің тұсында әжесі де түсінген. Ол, үні өшіп, сүйсініп күліп, баласын 
арқаға қағып, маңдайынан иіскеді. 
Абай күлместен, мысқылдай қарайды. Әжесіне жабысып отырып: 
- Қалай, құлағың ашылды ма? - деді. 
- Е, жақсы боп қалды. Өркенің өссін, балам! -деп әжесі алғыс айтты. 
Үлкендер бала мінезіне бір күліп, бір таңданып сүйсініп қалды. Қара сұр 
бала көптің көзі бір өзіне қадалғанда енді қысылыңқырап, қызарып еді. Бірақ, 
көзінде жайнай жанған от білінеді. Өзге балаларының ажарынан бөлек, қызулы, 
саналы оты бар сияқты. 
Ұлжан тартымды болумен қатар, сыншы да ана. Баласының жаңағы 
мінезіне біраз ойлана қарап отырды. Биыл денесі өскелеңдеп қалған баласы, 
мінез жағынан да ересек тартқан сияқты. Ұлжан көппен бірге күлген жоқ еді. 
Енді байқай отырып, ақырын мырс етті де: 
- Балам-ау, 
қаладан 
молдалық 
әкеледі 
десем, 
нағашыңа 
тартып 
қайтқанбысың, немене? - деді. 
Үлкендердің бәріне бұл өте түсінікті еді. Жаңағы бала мінезінің дәл шешуі 
сияқты болып, қайта күлдірді. 
- Бәсе, Шаншар? 
- Битан, Шитан! 
- Тонтекеңнің жиенімін деп тұр ғой! - десіп, Абайдың нағашыларын есіне 
алысты. Өлерінде: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмеске 
болмас!» деп кеткен Тонтай сөздері де көптің есіне түсті. 
- Апа-ай, енді бақсы-құшынаш боп, елтірі-сеңсең жинағанша, Тонтекеңе 
тартқаным көш ілгері емес пе? - деп, Абай іле жауап берді. 
- Жарайды, ендеше, ержетіп қапсың, балам, - деді шешесі. 
Дәл осы кезде Майбасардың атшабары кеп кірді. Бұл бағана, кеште 
Құнанбайдың қасында тұрған қаба сақал, қара Қамысбай еді. Келді де: 
- Абай шырағым, сені әкең шақырып жатыр, - деді. 
Үй іші де, Абай да үн қатқан жоқ. Бағанадан бергі еркін, ойнақы, бала 
мінездің бәрінен тартынып, бойын жиып шәкірт бала үндемей үйден шықты да, 
әкесі отырған үйге келді. 
Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз. Абай есіктен 
кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. 
Үлкендер де мұның сәлемін дауыстап алды. Кісі көп емес, Құнанбай мен 
Майбасар, Жұмабайдан басқа осы өңірдегі Тобықтының белгілі үлкендері: 
Байсал, Бөжей, Қаратай, Сүйіндік екен. Және осылардың жанына ерткен жас 
жолдасы тәрізді, Байсалдың немере інісі - бала жігіт Жиренше бар. Абайдан 
жасы үлкендеу болса да, ол құрбыша ашна еді. 
Әкесінің бағанағы кешке күткен кісілері осы үлкендер болды. Абайдың 
бала күнінен сезетін бір жайы: мұндай кісілермен, әсіресе, дәл осы төрт-бес 
кісімен бас қосу ел ішінде басталатын бір үлкен істің, оқшау істің белгісі 
болатын. Оларды әкесі ежелгі дағдысы бойынша әдейі шақыртып алған сияқты. 


 
11 
Бұрын ондай сөздеріне Абай араласып та, тыңдап та көрмеген. Бүгін 
бірінші рет әдейі алғызып отыр. Бір ойдан Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен 
деп ойлады. Бірақ еш нәрсенің қисынын таба алмады. 
Абай келіп отырысымен анау үлкендер бұдан: қала жайын, оқу жайын, 
саушылығын сұрастырды. Өзге үлкендер ішінде Абайға, әсіресе, көңіл бөлген 
сөзуар, жарқын жүзді Қаратай. Ол Абайды көре отырып, Құнанбайдың өзге жас 
балаларын да еске алды. 
- Осы, ана ЬІсқақ бір жошын! Біртүрлі пысық та, сергек неме! – деді. 
- Ол әлгі Күнкенің қолыңдағы ма? - деп сұрап алып, Бөжей: 
- Рас, құлдырап тұр! - деді. 
- Иә, рас-ау, соның оты бар! - деп, Байсал да қостады. Мұның бәрі қиялап 
айтқан Құнанбайдың қошеметі. 
Үндемей түйіліп, сұп-сұр боп отырған Құнанбай ол сөздерге көп 
шіміркенген жоқ. Қайта, теріс көргендей мойын бұрып, Абайға қарап: 
- Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! - деді. 
Құнанбайдың мына баласын осында шақыртып алып отырған және 
жаңағыдай етіп бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған. 
Ол, дағдылы, майысқақ ептілікке салып, енді Құнанбайдың жаңағы бетімен 
Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап: 

Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенін естіп пе едіңдер? - 
деп, аз күліп алды. Абай өзінің балалық, шалалық мінезінің бірін, мынадай 
суық пішінді үлкендердің ортасына салғалы келе жатқан Қаратайға тіпті ырза 
емес еді. Қысылып, ұяла бастады. Бірақ тоқтатар шарасы жоқ. Сондықтан, бар 
тапқаны - ол бала өзі еместей, үндемей сазарып қалды. 
Қаратай күле отырып: 
- Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жатып: «Құдай-ай, бұл 
қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың!..» депті. Сонда шешесі: 
«Ақылсыз-ау, қыз болсаң бала таппас па едің, содан қиын боп па?» десе, мынау: 
«Ойбай, онысы тағы бар ма еді?», деп жылауын тыя қойып, шыдай беріпті, - 
деді. Үлкендер акырын мырс-мырс күліп қойды. 
Құнанбай естімеген сияқты, ешбір белгі бермеді. Бұл сияқты сөз оны мен 
Байсалдардың қабағына қарағанда ұзаққа бармайтын тәрізденді. Абайға 
жайлысы сол болып еді. Әйтпесе үлкен адамша орталарына шақырып ап, 
ақымақ бала қып қойып күлгендеріне ырза болайын деген ойы жоқ. 
Сөйткенше, сырттан Оспан кіріп келді. Қішкене інісі. Ауылға келгелі көп 
сұраса да, көре алмаған тентек, содыр інісі. 
Ол сәлем беруді ұмытқан жоқ. Бірақ, әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, 
келе Абайды құшақтай алды. Өзінің де ең жақсы көретін туысқаны Абай еді. 
Екеуінің арасы 5-6 жас. Сондықтан Абай қазір де оған аға есепті. Оспан келе 
бергенде бұ да құшағын жайып бетінен сүйді. Үлкендер бұлардың жаңа 
көріскенін сезіп, мына мінездерін кешіргендей. Бірак, келесі минутта-ақ Оспан 
өзінің тентектігін танытып, абыройдан айрыла бастады. Ол, «кайда жүрдің» деп 
ақырын сұраған Абайға жүресінен отырып, ағасының мойнынан күшақтап, 
өзіне карай тартты да, құлағына бірнәрсе сыбыр етті. Бұнысы бір қатты нашар 
боқтық сөз еді. Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті. Сағынған 
ағасымен ең алғаш тіл қатқанының өзі осы. Абай сескеніп, кұлағын тартып қап: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет