Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет10/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
20 
үйіне қарай беттеді. Жиренше басқа да бірдеңелер сөйлеспек боп, бөгемек еді, 
қайрылған да, үндеген де жоқ. Кете берді. 

Келіні жаңа ысытып әкелген, құрт қосқан қонақ көжені анда-санда бір 
ұрттап отырып, Қодар: 
- Қарағым Қамқа, бүгін күн жұма ғой осы? - деді 
- Жұма, бейіт басына барып, құран оқып қайтайықшы, - деді де, Қамка 
күрсініп алып: - құданың құдіреті, бүгін түсіме балаңыз біртүрлі боп кірді, - 
деді. 
- Пәке паруардигар! Паруардигар! - деп, мол келген батыр кеудесін қақ 
жарған шерді Қодар да шығарды. «Түс шіркін жұбаныш па, тәңір-ай!» Бүгін өз 
түсіне де Құтжаны - жалғызы кірген еді. Бірақ Қамқа түсті кәдімгідей медеу 
көреді. Айтсын. Бала көңілі тым кұрса, сонысымен уанған болсын. Тындайды. 
- Осы дәл өңімдей, үйдің сыртына кеп аттан түсіп, асығып, жайраңдап кіріп 
келді. Қелді де: «әкем екеуің жылай бересің... Зарлай бересің. Мені шын өлді 
деймісіңдер? Ал мен, міне келдім... Тіпті өлгем жок... Қойшы, Қамқа! 
Қабағыңды ашшы!» деп, осы бір түрлі сай-сүйегімді босатты!.. - деді. 
Осы кезде Қамқаның да, Қодардың да көздерінен үнсіз жастар біртін-біртін 
сорағытып ағып отыр еді. 
Жым-жырт үйде Қамқаның құлағына тыс жақтан бір ызың естілді. 
Қазіргідей таңертеңгі уақытта, мұның құлағына осымен бірнеше рет, бір ызың 
естіледі де тұрады. 
Қаны қашып, аппақ сұр болған бетін төр жаққа, атасы жаққа бұрып, қадала 
тыңдады. 
Екі көзі жасқа толып, қызарып тұр. Аш бетінде көк тамырлары білінеді. 
- Шыңғыстың бөктер желі ғой, қарағым. 
- Ызыңы несі? 
- Қораның төбесі ашылып қалыпты. Оның да тозығы жеткен емес пе? 
Тесіктерден сорайып шығып тұрған ескі қамыстар бар. Сол құрғыр, жел соқса 
ызың салады ғой, - деді. 
Аздан соң екеуі де тысқа шықты. Тозығы жетіп калған жалғыз қоңыр үй, 
жапа-жалғыз кішкене, ескі шым қораға ықтап тұрғандай. Маңайда басқа не 
қыстау, не бірде-бір киіз үй де, тірі жан да жоқ. Көшерлік өз көлігі жоқ болған 
соң, Қодар ешкімнен көлік те сұрамаған, кыстаудан да ірге аударып 
жылжымаған. 
Бұрын баласы: «жатақ боп жатамыз ба?» деп көлік әкеп, көп ел ойға көшсе 
- ойға, қырға көшсе - қырға ілесе беретін. Мал тойыны, шаруа есебі дейтін емес. 
Әйтеуір құр жас болған соң дүрмектен қалмау сияқты. 
Онда Қодар өзі де, «тым құрыса, аққа тәуір болармыз, біреуден там-тұм 
сауын сауармыз» деп, елге ергенге қарсы болмаушы еді. 
Ал, биыл ағайын өзі білмесе, балам өліп еді деп, енді жатқа телміргендей 
көлік сұрап жүруді лайық көрмеді. 


 
21 
Қамқа да, өзі де Құтжанның жас қабырын құлазытып, жалғыз тастап, 
«жайлау бар еді, сайран бар еді» деп кеткісі келмеді. Күндіз-түні егілген жаспен 
еңіреген зарлылар арысын тастап кетерлік дәрмен де таба алмас еді. 
Бұларда мал дейтін мал да шағын. Азын-аулақ болса, осы қыстау маңын 
қысы-жазы жесе де, Бөктер шөбінің тұмсығын сындыра алмайды. Жалғыз үйдің 
қолындағы бары: жиырма-отыздай ешкі, лақ, қой-тұяк пен бір бұзаулы сиыр, 
екі торпақ болатын. Осы малды бағарлық, бұт артары бір ғана қоңыр ат. 
Құтжанның қоңыр аты. 
Баласы өлген соң Қодар қыстыгүні, осы ел ішінде кірме боп, әркімде жалда 
жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді. Жәмпейісте қатын да, 
бала да, баспанада да жоқ. Өмірі шыр бітпеген сорлы еді. 
«Екі жарты бір бүтін болайық. Қімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейіқ» 
деп, Құтжанға құран оқи келгенде, Қодар Жәмпейіске зарын шақты да, қолына 
ұстай қалды. Қазір қоңыр атпен бар қара-құраны қосып жайып жүрген сол 
Жәмпейіс. 
Малда алаңы жоқ. Үйде де мінбелеп тұрған шаруа жоқ. Сондықтан, өмір 
мен уақыт бүгілдірген бір кәрі, дерт пен зар бүгілдірген бір сорлы боп, екі 
шерлі баяу басып, бейіт басына қарай аяңдады. 
Жарқыраған май күні біртүрлі боп нұрланып, тамылжып тұр. Аспанда ұсақ 
қана ақ мамық бұлттар қалқиды. Айналадағы жазық пен төбешіктің бәрі де 
алқара көк. Аласа, тықыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Қызғалдақ, 
жауқазын, сарғалдақ, бәйшешек дегендер қызыл, сары, көкшіл түстермен 
құлпырып жайнайды. Гулеп ұшқан көбелектей көп бояулы, неше алуан... 
Бөктер желі таңертең әрдайым Шыңғыс аса соғатын қоңыр салқын күйінде. 
Қазірде де күн қызуын жеңілдетіп, майда қоңыр лептей үріп тұр. Бірақ, бұл 
жарастық, бұл жастық кімдер үшін? 
Әлдекімнің рақаты, әлдекімдердің қызығы, сайраны үшін болар. Жалғыз-ақ, 
мынау екі қаралылар үшін ол жоққа тән. 
Бұлардың алдында, кішкене көк төмпешік үстінде, құбла жақтағы серек 
тасы шошайған жалғыз бас бейіт кана тұр. Көздері де, көңілдері де сонда. 
Дүниенің көктемі Құтжанның былтыр ғана осындай кезде, күліп жайнап 
жүрген аман шағын, сау шағын еске түсіреді. Еске түсіреді де, тағы да толқып 
келген құсамен басады. Жүрек басынан запыран, зәр төгілгендей болады. 
Қодар батыр денелі, алпысқа жаңа кірген, бурыл қарт еді. Жалғыздық пен 
осы қаралылық иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар өзге күші жоқтай. 
Ол жасында найзагер батыр болған. Осы жасына шейін өз қасиетін жоятын 
жаман аттан да аулақ. 
Жуан кім, көп кім, бақ масы есер кім? Ешбірін де ол білмейтін. Өз өмірі, өз 
үйішімен, өз айранын ішіп күн кешетін. 
Үйден шығып, әлдебір сөзге, сыпсыңға да араласпаушы еді. Сондықтан 
алысты қойып, ағайын ішінде де бұны білетін жан аз. Өзі де азғана Борсақтан, 
Бөкеншіден басқа жұртты танымайтын. 
Соңғы алты ай ішінде, барлық жалын атқан кайғысы - жалғыз баласы 
Құтжан жайы. 
Ендігі үміт не? Құлазыған қу өмірде тірек не? Ойланғанмен тапқан емес. 
Таппасын білген соң, соңғы кезде оны ойламайтын да. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет