26
Ырғызбай ішінен, әсіресе, осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын.
Бұнда отырған ауылдар Борсақ, Жексен ауылы. Ол, Борсаққа әлдеқандай
көрінгенмен, өзге жұрттың келесінде бұта құрым болатын.
Жиын осында екен. Жексен ауылы төрт үй. Өзенге мінбелеп, төніп тұрған
бір тіп-тік жартастың түбіне қоныпты. Осы араға Қодар мен Қамқаны алып
келе жатты. Тыста:
- Қеле жатыр. Алып келе жатыр... Әне Қодар... - деген үндер естілген соң,
Жексен үйінде отырған Құнанбай бастаған топтың бәрі тысқа шықты. Тұмсық
асып келе жатқан Қамысбайлар келгенше, мұндағы барлық жиын бір араға
қарай екшеліп, ауылдың сыртына барып топтанды. Сол арада қазыққа бұйдалап
байлап, шегеріп қойған бір үлкен, биік қара атан жатыр. Беліне шом салып, екі
өркешінің арасын жоталап биіктепті де, сонын, үстінен бастыра бір ашамайды
орнатып, мықтап шандып, таңып тастапты.
Қамқа жиыннан шошып кетті. Жолшыбай сұрамаса да, енді ауылға тақала
бергенде Қамысбайдан:
- Жаным-ау, адам баласысың ғой... Осы айыбымыз не? Не қылмақсыңдар?
Айтып өлтірсеңші? - деген.
Бұған шейін «ләм» деп жауаптаспай келген Қамысбай енді ғана тіл қатты.
Бірақ тілі зәрдей еді:
- Анау атаңмен - Қодармен жақын болғаның үшін, қазір екеуің де
жайрайсың! - деді. Ол осыны айтып, «Қамқаны не дер екен?» деп еді. Байқаса,
Қамқада үн жоқ. Бір ғана ыңыранды да, сылқ етіп, аттан құлап барады.
Қамысбай өзі де аттан жығылып қала жаздады. Қамқаны құшақтап, қысып алды
да, желіп отырып, жиынның алдына келді.
Алдыңғылар Қодарды түсіріп жатыр екен. Бұ да кеп Қамқаны сүйемелдей
ұстап тұрып, өзі бұрын түсіп, артынан келіншекті түсірді. Қамқа түскен жоқ.
Былқ етіп құлап жығылды да, талған бойында жерде сұлқ жатып қалды.
Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Ортасында: Құнанбай, Бөжей.
Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар - бәрі бар. Алдағы осылар да, артынан
ентелеп тұрған ақсақал, қарасақал. Әр рудың, көп рудың адамдары. Ылғи
атқамінері ғана. Ішінде жұпыны киімді біреу жоқ.
Қодар сәлем бермеді, өзі таңулы. Ішінде удай қайнаған ыза мен ашу бар.
Жиын ортасында, жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбай ды
танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырып:
- Уәй, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұ не қырсығың?.. -
дей бергенде Майбасар бастаған әулекі жуандар:
- Тарт тіліңді!
- Қысқарт!
- Жап аузыңды! -деп арс-арс етті. Құнанбайға жаңағы Қодарша зекіп
сөйлеген қарсылық сөздерді олар естіген емес.
Қодар аз үндемей тұрып, аналар басыла бергенде:
- Ел-жұртқа масқара етіп, қор етіп, анау соқыр көзіңнің құнын менен
алайын деп пе едің! - дегенде Құнанбай:
- Шығартпа үнін! Жоғалт көзін! - деді. Майбасар да ілесе:
- Өй, қуарған көктөбет! - деп, қамшы үйіріп кеп қап еді.
Қодар саспастан тұрып, қарсы ақырды.
27
- Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да
жерсің! - дегенде, Қамысбай мен бағанағы төрт жігіт Қодарды сүйрей жөнелді.
Сүйретіле бара жатып, Қодар зор дауыспен барынша шырқап:
- Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұткан, қара бет?! - деп,
қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жібергендей қарады.
Бірақ, осы кезде мойнына шылбыр түсіп қалып еді. Төрт жігіт жетектеп
жылдам тартып, анадай жатқан қара атанның оң жағына апарды. Басына қап
сияқты бірдеңені жаба салды. Бес-алты кісі тапжылтпай, түйенің қабырғасына
басып, жығып ұстап тұрды. Қодар тағы лағнат айтып айғайлай беріп еді,
сыртынан бір қатты күш тарпып, серпіп жібергендей болды. Тұрып бара жатқан
түйенің қабырғасы қаққан екен. Осыдан әрі мойнынан «лық» етіп, темірдей
қысып, жанын суырып әкетіп бара жатқан таудай ауыр күш басты. Жалған
жапырылып, үстіне кеп құлады... Қөзінің оты жарқ етті де, сөніп бара жатты.
Жиында үн жоқ. Түйенің ар жағына Қодармен тең қып асқан Қамқа, түйе
тұрысымен, бір сәтте үзіліп кетті. Оны бәрі көріп тұр. Қодар бір жиырылып, бір
созылып, тез өле алмады.. Батырға біткен зор денесі, созылған уақытында,
бұрынғысынан да ұзарып нар түйенің бойына теңелгендей, аяғы жерге тиер-
тиместей болды. Түйені тұрғызып бірталай ұстап түрғанда, жиын әлі үн
қатпады. Екі жанның өлім азабын өз үстіне арқалап тұрған түйе де үнсіз.
Дәті шыдамаған Байсал кейін бұрылып, шетке шығып кетті. Сөйлегендер
болса, сыбырмен ғана сөйлейді. Қаратай Бөжейге күбір етіп:
- Өле алмай қиналды-ау, бақыр! Бишараны жаңа білдім, арыс екен ғой! -
деді.
Бөжей мұның бетіне қатты сұрланған жүзбен, ажырайып қарады да:
- Арысыңды, ендеше, арыстан жеді, - деп сырт айналып кетті.
Жұрт сыбырлап:
- Өлген жоқ, әлі әлген жоқ... - десе берді. Қодардың денесі шынында әлі де
тітіркенгендей дірілдеп қап, кейде тартыла түсіп қояды.
Құнанбай жұрттың күбірі көбейіп бара жатқанын енді сезді. Өлтіргеннен
де қинау бататын тәрізді. Ол қолымен қатты ишарат қып, түйені шөгер деп
бұйырды.
Түйе шөккенде Қамқа серейіп сұлқ түсті де, Қодар өлмеген екен, бүктетіліп
түсті. Сол арада жұрттың есін жиғызбастан, Құнанбай қасындағы құзды
көрсетіп:
- Шық алып, мынаның басына! Құлатындар содан кәпірді! Бітсін сонымен!
- деді.
Бағанағы Қамысбай мен сол жігіттер, үнсіз Қодарды түйенің үстіне
көлденең салып, арқанмен байлады да, тау басына тарта жөнелді.
Бұл құздың арғы сырты жазаң. Көлбей біткен бетегелі жазаң болатын.
Тосып тұрған жұрттың ішінен бірен-саран дәті шыдамағаны сусып, кетейін деп
еді, Құнанбай :
- Ей, тарқама түге! Тоқта былай! - деп саңқ етіп зілді бұйрық берді. Жұрт
қайта иірілді.
Аздан соң құздың басына ереуілдеген жаяулар шықты да, ойдағы жиынға
қарады. Құнанбай түрегеліп, оқшауырақ шығып, қолын төмен сілікті, «таста»
дегені. Жоғарыдағы төрт жігіт, Қодар денесін қаумалап, ілгерілі-кейінді
|