Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет61/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
 

Жидебайға 
қайтардың 
алдында 
Абай 
әкесінен 
көші-қон 
жайын 
сұрастырған. Құнанбай үлкен аулына тез көшсін деп бұйрық берді. Бірақ 
биылғы көш жолы жылдағыдай емес. Бұрын Құнанбайға қараған ауылдар осы 
Қарашоқы тұсына жиылып ап жайлауға қарай жөнелгенде, Шыңғыс тауынан 
Бөкенші асуын басып асушы еді. 
- Қазір бұл тұсқа келмей, Қарауыл өзенін өрлеп барып, Ақбайтал асуынан 
асыңдар! - деді. Және жазғы жайлау сол асудың тұсымен баратын Бақанас суы 
болды. 


 
124 
Бақанас, Байқошқар - бұл өңірдегі Тобықтының ең үлкен өзені. Шыңғыс 
сыртындағы мол жайлаудың ең арғы шеті сол екі су. Бірақ Құнанбай ауылдары 
бұрын Байқошқарды қоныс ететін де, Бақанас өзені Көкшеге тиісті еді. 
Қаратаймен қырбай болғандықтан, Құнанбай Көкшенің жайлауына ортақ 
болғысы келгендей. 
Бұның аржағында бірталай есеп бар. Осы жазда Жігітек, Бөкенші, Көкше 
боп тағы да қайтадан бас құрасатын сияқты. Кешегі Байдалы айтқан сәлем тегін 
емес. Астыртын шеп біріктіріп жатқан елдің дақпырты тәрізді. Ендеше 
солардың әралуан шиырын, сыбыр-жыбырын біліп отыру үшін Құнанбай өзіне 
қараған елдің біразын, дәл сол елдің арасына таман кірістіріп жіберу керек. 
Жайлау аралас болса, қыдырыс-жүріс аралас болады. Сыбаға, қонақасы 
аралас болады. Сүйтіп мал басы түйісіп отырса, ел тарту оңай. Ал, мұндай 
есепке Зере отырған үлкен үйдің барғаны жақсы. Бұл көп Тобықтының үлкен 
санайтын, күтетін үйі. Және Күнкедей емес, Ұлжан қонағуар, кең бейіл, мырза. 
Оның асы мен көлігі, ең шырайы адамды дос етеді, тарта біледі. Ішіне қан 
қатқан, сонау қатты жаулық болмаса, ет пен терінің арасында жүретін уақ-
түйек өкпені жуып-шайып отырады. Осының бәрі Құнанбайға ел әпереді.
«Ақбайталды басып, Бақанаска қарай көшіңдер! Бөкенші, Көкшеменен 
қоныстас болыңдар!» - дегендегі Құнанбайдың ішкі есебі осы болатын. 
Абай әке есебін білген жоқ. Тек өз аулының жекеленіп көшкенін 
лайықсыздау көрсе де, іштен аса құпия түрде бір куаныш сезді. Қарауылды 
өрлеп көшу, Бақанасқа шейін бару жаз бойы Сүйіндік ауылына жақын жүру 
деген сөз. «Өмірі қосылмас-ау, жуықтамас-ау!» - деген өмір соқпағы енді мұны 
күтпеген кезде Тоғжан ұясына жақын апарды. 
Соңғы күндердегі барлық жеңіл, ауыр сезімдердің баршасының қатарында 
Тоғжан бейнесі жас жігіттін көз алдынан кеткен емес-ті. Абай толқыған 
қуанышын жасыра алмады. Әкесіне белгісіз себептен қып-қызыл боп өзгеріп 
кетті. Құнанбай бұл өзгерісті байқаса да себебін сұрамады. Әрине, Ақбайталға 
қарай көшуге Абай қарсы болған жоқ. Жалғыз-ақ өз топтарынан бөлегірек 
жайлайтын болған соң, жалғыз ауыл кету тағы қолайсыз. Соны ғана ескеріп еді. 
Құнанбай бұл жағын да топшылап қойған екен. 
- Жалғыз ауыл болмайсыңдар. Неге жалғыз ауыл боласың? Тіпті сол 
Жидебай, Мұсакұлдағы Көлқайнар, Шүйгінсудағы Ырғызбай, Жуантаяқ, 
Қарабатырдан кем қойса, он ауыл сендерге ере көшеді. Бәріне де сәлем айтам! - 
деді. 
Жуантаяқ, Қарабатыр дегендері Құнанбай ауылдарын жағалап жүретін, 
қысы-жазы бірге көшетін момын көршілер еді. Абай оны да мақұл көрді. 
Осымен Жидебайга қайтып кетті. 
Тоғжанды тағы көру үміті Абайдың Қарашоқыдан алып қайтқан зор 
олжасы сияқты. Жол бойында бар дүниені ұмытып, бір Тоғжанның елесін көз 
алдына келтіріп, нелер ыстық қиялға батты. 
«Өмірдегі ең бірінші жалғызым, барым» дегендей нешетүрлі еркелеткен 
нәзік сөздер өз-өзінен сан рет айтылып келеді.. Жас жүрегі соғып қана 
қоймайды, қазіргі Аймаңдай аттың асығыс дүсіріндей дүбір шығады. Бұл 
шақтағы барлық сезімі кұр ғана жас тіршілік белгісі емес, кеуде тола лаулап 
жанған жалындай. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет