194
туысқандардың аппақ үйлерін жықтырды. Сонымен, кешкі жылқы суға келетін
кезде, Қазбалаға қарай салқар көш боп жөнелген үйдің бәрі бірдей үлкен,
шетінен аппақ, келісті үйлер болатын.
Әр үйдің ішіне ұсталатын кілем, тұскиіз, сырмақ, тексмет, көрпе-жастығы
да бірге жіберілді. Көбінің ыдыс-аяғы да сай болған. Дастарқан, орамалдың да
олқы болмай, жаңа болуын, таза болуын, Ұлжан әз көзімен атқарып, қадағалап
жіберткен.
Әр үйдің тігушілері қазір бірге кеткен жігіттер. Кейін қонақ күтетін
күтушілер де солар болмақ.
Өңшең пысық, елгезек, сергек жігіттер екен. Бәрі де Бөжей ісіне бұл
ауылдардың бет бергенін іштей шынымен мақұлдаған жастар сияқты.
Тегіс
көңілденіп аттанысты.
Қонақ үйлер жөнелумен Абайлар істейтін істің басы ғана басталды. Үлкен,
ауыр жұмыстар әлі алда жатыр. Көшті жүргізіп жіберіп, енді күн батар шақта
тыста үлкен үйдің алдында, Зерені ортасына алып отырып, төртеу-бесеуі
ақылдасқанда, қалған істің қиынын Абай енді түгел түсінді.
- Не керек? Қайтпек керек? - дегенді кезек-кезек айта бастаған Ұлжан мен
Ызғұтты еді.
Қазір енді ас ошағының басына тігілетін үйлерді де жөнелту керек. Оған
Абай бір-екі үйі жетер деп ойлап еді. Жоқ сойылатын малдың еті үйде болу
керек екен. Ендеше, бес-алты үй керек.
Оның бәріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халык керек. Ең алдымен
сойыс не болады! Құнанбаймен ақылдасуға болмайды. Не де болса, өздері
шешеді.
Бірақ кең қолдық, шығымдылық болса, осы жерде көрінеді. Оған
Ызғұтты іркіліп, ешнәрсе айта алмады. Абай әйтеуір сараң болмау керек
дегеннен басқа, не лайық екенін дәлді білмейтін. Бұл арада Құдайберді көмек
етті.
- Енді сенің бетің іркілмесін. Барған соң, басқаша боп бар! Он үйге арнап,
он сегіз байтал апарыңдар. Үй басы екі еркек қой барсын! - деді. Осы айтқаны
байлау болды.
Ұлжан ас ошағының басында үлкен қиындық барын, ақыл керек екенін
айтып келіп, ертең өзі бармақ болды. Қасына Айғызды, Қалиқаны, Сары
апаңды және бірнеше күтуші қатындарды ерте баратынын айтты. Осы кеште ұн,
шай, тәтті-дәмді дегеннің бәрін де бар ауылдан тығыз қамдатты.
Өзге
жайдың бәрін ақылдасып, шешіп келгенде, бәрінен қиыны қымыз
болды. Сауын биені ол араға апарып байлауға болмайды. Жер тар, ел тығыз.
Қымызын анау басқа күтуші ел де күнбе-күн жеткізіп тұрмақ Ботақан
ошағынан Қазбалаға қымызды мол қылып, қалет қылмай, кешіктірмей жеткізіп
тұру үшін бір Абайлар емес, осы артта қалған ауыл-ауданның, кәрі-жастың бәрі
кепіл болуы шарт.
Ел жатқанша, осы маңдағы жиырма ауылдың бар үлкендерін Абай мен
Ұлжан тегіс шақыртып ап, тағы кеңес жасады. Астың басы бір басқа. Осы
ауылдын өзінде қалып, үнемі айдаушы боп отыратын
аса мықты кісі осында
керек. Құдайберді ол міндетті өз мойнына алды. Оған Жақып, Жұмағұл, Ырсай
сияқты үлкен туысқандар айғайшы болмақ.
Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі: