Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет96/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
195 
- Байлауын байладың. Енді, түге, жат жиынның алдында жас 
балаларымның жақсы талабын жер қылмаңдар. Өліге еткен қызметтен 
бастарың кішіреймес. Араз-құразды ұмытыңдар адам болсаң! Тірісінде алғыс 
алмасаң, енді тым құрыса, өлі аруағынан қарғыс алма. Балаларым мен 
келіндерім, сендер де төбеңмен жүр! Отымен кіріп, күлімен шық қонағының! 
Ердің сыны шабуыл мен шаптығуда емес - кішіпейіл, мейірде! Шалдықсаң да 
қабақ шытпа! Қуанып, жарқырап жүріп күт! Дабырайып, желігіп те кетпеңдер! 
Жым-жырт, момын жүріп күтіңдер! Болмаса мынау ағайынның төрт көзі түгел 
отыр ғой міне, өл де маған! Бірі қырт, бірі дарақы мақтаншак, бірі ұр да жық, 
даңғой атанғанда - осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, 
сондай атақ алатын! - деді. 
Соңғы айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері осы арада 
шынымен төрт көзі түгел отыр еді. Мылжыңы мынау - сары сақалды Жұман. 
Даңғойы анау - Майбасар. Мақтаншағын айтса - Құнанбайдың ұлықтығын бу 
көріп, осы Ырғызбай шетінен бөспе болатын. 
Зереге дау айтуға батылы бармаса да, Майбасар ішінен қыжалданып, 
мойнын сырт қайырып отыр. Бар Ырғызбайдың анасы. Өзінің ашуы әлі қатты. 
Томырылып кетсе, тіпті Құнанбайды да қорқыту қолынан келеді. Оны 
Майбасар талай көрген. Енді, ыза болса да, амал жоқ. 
Зере сөзін бітіргенде, Майбасар қасындағы Ұлжан жеңгесін түртіп қойып, 
ақырын күңкілдеп: 
- Қап, мына тентек кемпір ме! Исі Ырғызбайдың ақсақал, қарасақалын 
жиып ап, қылып отырғанын қарашы. Енемізді әбден ұрды-ау, масқара-ай! 
Даңғой дегені ғой дәл мен осының! - деп еді. Қасында отырып, сөзін естіген 
жұрт күліп жіберді. 
Майбасар Ұлжанның тасасына бұғыңқырап отырып, қуланып көзін қысып: 
- Әне біреу айтқаны кім екен десеңші, тағы бұның? Ана «мылжың» дегенін 
айтам! Ондай да бар ма еді? - деп, тоқтай қап, Жұманды көзінің астымен бағып 
отыр. 
Сағал көз, сары сақал Жұман бұның мысқылын сезген жоқ екен. 
- Ой, сығыр мұндар, білмей отырмысың? Мылжың деп, қырт қып, жазған, 
мені айтат та! - дегенде, жұрттың бәрі ду күлді. Енді сөз бітіп, жұрт қысыр 
кеңеске кететін тәрізді. Абайлар іске асығып, тұрып кетісті. 
Топтан шыға бере, Абай Жұман мінездерін еске алып, күліп жіберді. Бұл 
туысқанның қырттығы, шынында, дау-дамайсыз-ақ айқын. Өткен күзде 
біреулер: 
- Жидебай мен Мұсақұлдың арасы қанша шақырым келеді екен? - десіп 
отырса, осы Жұман: 
- Жидебай мен Мұсақұлдың арасын мен айтайын. Былтыр айт намазынан 
қайтып келе жатып, қолдан санағам. Дәл бір мың екі жүз отыз жеті «Лә илаһа 
илалла» болады екен! - депті. 
Абай осыны еске түсіріп, ішінен Жұман үшін жаман ұялды. Мырс етіп: 
- Құдай-ау, неткен көк мылжың? «Илалламен» жер өлшеу неше атасынан 
қалды екен мұның. Оны әрі айтып, әрі санау неткен бейнет? Не деген мылжың 
тауандылық? - деп ойлаған. 


 
196 
Осы түнді тынымсыз қарбаласпен өткізген үлкен ауыл, таң сарғайып 
атысымен, тағы бір үлкен көшті жөнелтті. Арасында үлкен үйлері, қостары, 
ұранқайлары бар - жиыны сегіз үй, ас ошағының басына тігілетін боп кетті. Ас 
пісіргіш еркектер мен қатын да, отыншы, сушы қызметшілер - баршасы да осы 
көшпен жөнелді. 
Күн шығып, ел тұрған соң, кең пәуескені үш атқа жеккізіп, қасына Айғыз, 
Сары апаң, Қалиқаларды алып Ұлжан да жүрді. Артта қалған ендігі іс - 
сойыстың малы. Соны таңдап ұстатып алып, Қазбалаға тез жеткізу бар. Абай 
мен Ызғұтты қастарына үш-төрт жігіт алып, сол шаруаға қалған. 
Бойдақ жылқыны ауыл қасына ерте айдатып келіп, Құдайберді, Ызғұтты, 
Абай -үшеуі ат үстінеи түспей жүріп, түндегі аталған он байталды іріктеп 
таңдады. 
Әрқайсысы әр айғырдың үйірінен белгіленген. Бұл байталдың бәрі де, 
өмірі жүген, құрық тимеген шу асаулар. Көп мықты жігітті қашаған қуғыш 
бедеулер мен жүйрік ат-айғырға мінгізіп, қолдарына ұзын құрық, мықты 
бұғалық беріп, асауларды ұстауға кірістірді. 
Жайын құландай безіп қашқан байталдар оңай ұстатқан жоқ. Бірнешеуі 
жеткізбей жосып, әлек етсе, кейбіреулері мойындарына түскен құрықтарды 
жұлып әкетіп, бар жылқыны үркітті. Ауыл үстінен қашқандарын иттер куып
Ботақан бойы азан-қазан болды. 
Жігіттердің көбі астарындағы аттарын қан сорпа қып, өздері де талған 
кезде, жеті байтал ұсталып болды. Енді, бір жирен, екі құла байтал шығанға 
шығып, мойындарындағы бұғалығымен босып жүр. 
Олардың соңына Масақбай түсіп, сойылдап ұрып жүріп, қорқытып әкеп, 
қалың жылқының ішіне тықты. Сол кезде барлық аттылы-жаяу тұрған жиын 
байталдардың мойнында сүйретіліп жүрген арқандарға үштен, төрттен 
жабысып, табандап жатып алысты. Сүйтіп, соңғы қашағандар да тегіс ұсталды. 
Шыңғырып бұлқынған жас асаулар, түздің тағысындай арпалысса да, 
бастарына тегіс ноқта киіп, мойындарынан қосақталып, Қазбалаға қарай кетті. 
Жиырма еркек қой да бұл кезде жарым жолға барып қапты. 
Керегінің бәрі түгелденген соң, Абай мен Ызғұтты да жортып отырып, ас 
басына келді. 
Аталған жерлерге қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен. Іштері де 
реттеліпті. Әр үйдің күтуші жігіттері өз үйлерінің жанынан табылды. Үй 
басына екі босағаға екі-екі үлкен саба орнаған екен. Абайдың артын ала, ілес 
келіп жатқан қымызшылар үлкен-үлкен мес пен сүйретпелерді толтырып әкеп, 
жаңағы сабаларды кезек-кезек күрпілдетіп пісіп жатыр. 
Ұлжан да өз міндетіне сыбана кірісіпті. Ол ас ошағын Қазбаланың суына 
жақындатып қаздырып, мал сойғызуға кіріскен екен. Жиырма шақты жігіт 
биелерді ақтармалап сойып жатқанда, Ұлжан тағы бір топ жігіттерді алып, 
жиырма қойдың он шақтысын Қазбаланың жағасына апарып, әр жерде қалың-
қалың от жаққызып, үйіткізіп жатты. Мұнысы ас пен тойда көп қонаққа 
істелмейтін сый. Бірақ, Ұлжан семіз жылқы еті мен жас қойдың етіне үйіткен 
қойдың дәмді құйқасын да араластырмақ бопты. Бейнет те болса, Абай 
үйлерінің ажарын арттыратын болды. Дәл нағашылардың ішіндегі үлкендеріне 
арнап, екі кебеже сүр де әкелгізген. Қыстан қалған бар ескі иіс осы болатын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет