9 – залалсыздандырылатынматериалдарды
орналастыратын зат.
Пастеризациялау – толық емес немесе бөлшектеп зарарсыздандыру (70 - 80°С температурада 30 минут бойы, соңынан 10-11°С дейін тез суыту). Әдісті Л.Пастер ұсынды.
Ұсақ тесікті сүзгіден сүзу арқылы зарарсыздандыру (салқын зарарсыздандыру).Қыздырғанда оңай сынатын немесе құрамы өзгеріп кететін сұйықтықты өңдеуде қолданылады. Ұсақ поралар арқылы тек ультра микроағзалар (вирустар, батериофагтар) өте алады.
Көбінесе фарфор балшығынан жасалған сүзгіштер қолданылады. Мұндай сүзгіштерден сұйықтық өту үшін цилиндрдің екі жағындағы қысым әр түрлі болу керек. Қысымды майлы ауа үрлегішпен (насос) ауа үрлеу немесе ауаны шығарып тастау арқылы өзгертеді. Сүзгішті сұйықтықты қабылдағыш - Бунзен колбасымен қосады. Ұзартылған ұшын мақталы тығынмен жауып қояды. Қоректік ортаны сүзгіш орнатылған сосудқа құйып, ал мақталы тығыны бар Бунзен колбасын ауа үрлегішпен (майлы немесе сулы) қосады да ауаны үрлейді. Себебі сүзгіштің ішіндегі қысым оның жоғары бөлігіне қарағанда төмен болады, сондықтан сұйықтық қысыммен сүзгіштен сүзіліп, сұйықтықты қабылдағышқа өтеді. Бактериялар сүзгіштің сыртқы жағында қалады. Бұл әдістің тиімсіздігі сүзу баяу жүреді және үнемі сүзгішті тазартып отыруды қажет етеді.
Пысықтауға арналған сұрақтар: 1. Ыдыстарға нелер жатады, оларды қалай зарарсыздандырады?
2. Құралдарға нелер жатады, оларды қалай зарарсыздандырады?
3. Қоректік ортаны қалай зарарсыздандыру қажет?
4. Ыстық бумен қысымда зарарсыздандыру деп нені айтады?
5. Кох қайнатқышында зарарсыздандырудың ерекшелігі?
6. Пастеризациялау әдісімен нені зарарсыздандырады?
7. Салқын зарарсыздандыру дегеніміз не? Ол қалай жүзеге асырылады?
Тақырыбы: Микроағзаларды өсіру әдістері.
Жұмыстың мақсаты: студенттерді аэробты және анаэробты микроағзаларды өсіру әдістерімен, сондай — ақ, қоректік орталардың құрамыман (жай, элективті, дифференциалды — диагностикалық, табиғи және жасанды) таныстыру.