Гамета– көпжасушалы ағзаның репродуктивті гаплоидты жасушасы.
Ген – тРНҚ немесе рРНҚ функционалды ақуызын көделейтін хромосоманың транскрипцияланатын бөлігі.
Гифа - саңырауқұлақ мицелийінің жекелеген жіпшелері.
Грам әдісі бойынша бояу -грамоң және грамтеріс бактериялардың тобын идентификациялауға мүмкіндік беретін микробиологиялық препараттарды бояу әдісі. Бактерия жасушасының мембраналарының биохимиялық құрамының ерекшелігіне негізделген.
Диазотроф– азотты сіңіруге қабілетті ағза.
Екінші метаболит (Secondary metabolite) – жасушаның өсуі мен қызмет етуіне қажет емес, бірақ стационарлы фазада синтезделетін заттар.
Жеміс денесі– жынысты көбеюде спораларға немесе конидийлерге бастама беретін ірі, күрделі құрылым.
Зигоспора – зигомицеттердің екі, негізінен ұқсас гифтерінің ұштарының қосылуынан тұратын тыныштық күйдегі зиготасы.
Конидий -жыныссыз көбеюдегі экзогенді спора.
Культура - in vitro жағдайында өсірілетін микроағзалардың немесе жасушалардың популяциясы.
Культуралды орта - in vitro микроағзаларды өсіруге үшін қолданылатын қатты немесе сұйық орта.
Лигноцеллюлоза– өсімдіктердің жасуша қабырғасының қаңқасын құрайтын лигнин, гемицеллюлоза және целлюлоза жиынтығы.
Лизис – лизосомаларда немесе басқа агенттерле болатын ферменттердің әсерінен жасуша қабығының ыдырауы.
Литикалық тұйық тізбек– жасушаның лизисімен аяқталатын қожайын жасушасында вирустардың көбеюі.
Мезофильді микроағзалар – 20-50 °С температурада өсуге қабілетті ағзалар. Өсуге оңтайлы температура - 37 °С.
Метаболизм– ағзаның тірішілік етуін қамтамасыз ететін физикалық және химиялық үдерістердің жиынтығы. Метаболизм өнімдері метаболиттер деп аталады.
Мицелий (бұтақталған жіптер) — гифатерден тұратын саңырауқұлақтардың вегетативтік денелері.
Муралды спора– вертикалды және горизонталды септалары бар спора (аскоспора немесе конидий).