Минералды шикізат кен орнына байланысты байыту әдісін таңдау
Жаңа заманының жер асты кен орындар
ІІ бөлім. Екіншілік шикізаттарды және өндірістік қалдықтарды өңдеу
Ресурсты және энергияны сақтау жаңа технологияларының ғылыми негізі
Техногенді кен орындары
Техногенді кен орындары – бұл құрамында өндірісте қолданылатын минералды шикізаты бар Жер қыртысындағы техногенді құрамдар (тау-кен кәсіпорындарының опырлары, байыту фабрикаларының қалдықтар қоймалары, металлургия өндірісінің шлактары мен шламдары, химия саласындағы опырлары мен түрлі қалдықтар және т.б.)
Тау-кен мен өндірістік орындарының дамуы салдарына техногенді кен орындарының пайда болуына әкелді (Қазақстан, Урал, Орталық Сібір). Бұндай кен орындар құрамында түрлі пайдалы қазбалардың, оның ішінде түсті, асыл және сирек металлдарды, сонымен қатар, құрылыс матереиалдардың (құмай, гравий, ұсақ тас), көздері болатын алуан түрлі минералдар болуы мүмкін.
Шикізатты алғанда, тасымалдағанда, байытқанда, өңдегенде, сақтағанда техногенді кен орындары қалыптасады. Әсіресе, табиғи қазбаларды селективті тәсілімен алғанда техногенді шикізаттың үлкен көлемі пайда болады. Сода өндірісінде химиялық әсерінен жоғарысапалы кальцит түзетін сұйық пульпадан құралған «ақ теңіз» түзіледі.
Отын-энергетикалық өндірісінде көмірді алу кезінде террикондар пайда болады. Олар құрамында болатын сульфидтердің тотығуы салдарынан өзімен-өзі жана алады.
Жану кезінде күкірт газдары мен жылу бөлінеді. Атмосфералық тұнбамен әсерлескенде террикон құрамында болатын темір сульфиді (пирит) тотығады. Пириттің тотығуы нәтиежсінде түзілген өнімдер (темір гидроксидтері мен күкірт қышқылы) жер асты суларымен ластанады.
Энегетика кешенінің техногенді кен орындары ретінде ұсақдисперсті силикат кремнезем түйіршіктеріне айналатын алтынды опырлар болады.
Мұнайды өндіру кезінде және мұнай өнімдерін қораптағанда пайда болатын ағыстар аймақтарында мұнай өнімдерінің техногенді шоғыры пайда болады.
Хромитті кен орындарында шламды қоймаларына шикізат сапасының талаптарына сай келмейтін хромқұрамды құмайлар жиналады.
Алтын мен алмасты өндіргенде өте ірі техногенді объектілер пайда болады. Олардың құрамында құрылыс кәсібінде қолданылатын құнды қоспалар мен басқа технологиялармен алынатын алтынның біраз мөлшері болады.
Техногенді кен орындары – адамзат эволюциясының шарасыз пайда болған өнім
Қазақстандағы 2002-2009 жж. аралығындағы техногенді жағдай жайлы бірінші жалпы бағасын техногенді төтенше жағдайының динамикасы арқылы бақылауға болады. Техногенді сипатта төменше жағдайлар көбінесе Қазақстанның өндірістік облыстары – Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында – байқалды. Қазақстан жеріндегі техногенді жағдайының ахуалды сипатта болуына негізгі себебі: қалдықтар түзетін және оларды қайтадан өңдемейтін өндіріс кәсіпорындарының көп болуы. Павлодар облысында да мұндай өндіріс орындарының бар болуынан ірі техногенді төтенше жағдайлар байқалған.
Техногенді аппаттар мен төтенше жағдайларын болдырмау проблемалары басқа проблемалармен өзара байланысқан бес түрін айруға болады:
геоэкономикалық;
талапты-басқарылатын;
ғылыми-техникалық;
аумақтық;
әлеуметтік-саяси.
Геоэкономикалық проблемалық блогына мемлекеттің географиялық тұрғыдан қарағанда пайда болған техногенді проблемалары кіреді. Берілген жағдайда регионалды және геоэкономикалық факторлары Қазақстан жеріндегі экономикалық және экологиялық жағдайларына тура болмаса, жанама әсер етеді.
Талапты-басқарылатын проблемалық блогына мемлекеттегі талапты-құқықтық және басқармалы ортада реттеліп отыратын техногенді жағдайлар кіред. Бүгінгі таңда техногенді қауіпсіздік ережелері әлі де тұрақталмаған.
Ғылыми-техникалық проблемалық блогына мемлекеттің техногенді қауіпсіздікті қамтамассыздандыратын концепциялық проблемалары кіреді. Бігінгі күнге экологиялық концепциялары бар болғанымен де, ортақ халықтық ғылыми-техникалық концепция әлі де жетілмеген, қалыптаспаған.
Қазақстан территориясындағы бірқатар техногенді аса қауіпі бар аймақатрының бар болуы салдарынан аумақтық проблемалық блогы пайда болды.
Әлеуметтік-саяси проблемалық блогына Қазақстандағы техногенді жағдайлар салдарынан әлеуметтік және ішкі саяси мінездес пайда болатын проблемалары кіреді
Техногенді кен орындарының ерекшеліктері:
1: Қорларының көлемі бойынша көбінесе кіші және орта класс қорлары кездеседі. Бұндай кен орындар мүмкіндігінше «экологиялық» деуге болады. Себебі оны қолдану мерзімі тау-кен кешендерінде қолданылатын негізгі құрылғылардың қолдану мерзімімен бірдей. Яғни, бұл экономикалық жағынан да тиімді. Оған қоса территорияны бір арада босату мүмкіндігі бар.
2: Техногенді кен орындарына қорларының өзімен-өзі жаңару (толықытру) қасиеті тән. Олардың қорлары өндірістердің қалдық түзуінің қуаттылығы артқан сайын көбейеді. Қалдықтардың құрамы өндірістік қалдықтарының біріншілік шикізатының құрамына тура тәуелді болады.
3: Техногенді кен орындарын табиғи кен орындарында аналогтары жоқ диспергирлі (кеңістікте реттелген) кен орындары деп те айтуға болады. Оның қорлары кенді дене – «кеннің» геометриялық кеңістіктегі жиналуы – құрамайды.
Тест тапсырмалары
1. Мемлекеттің географиялық тұрғыдан қарағанда пайда болған техногенді проблемалары кіретін проблемалық блогы
А) геоэкономикалық
B) талапты-басқарылатын
C) ғылыми-техникалық
D) аумақтық
E) әлеуметтік-саяси
2. Түрлі техногенді жағдайлар салдарынан әлеуметтік және ішкі саяси мінездес пайда болатын проблемалары кіретін проблемалық блогы
А) әлеуметтік-саяси
B) аумақтық
C) ғылыми-техникалық
D) талапты-басқарылатын
E) геоэкономикалық
3. Экологиялық тұрғыдан қарағанда техногенді кен орындарын келесі түрлерге бөледі
А) қауіпсіз және атмосфера мен гидросфераны құлдырайтын
B) қауіпті және аса қауіпті
C) ластағыштар мен тазартқыштар
D) өз бетімен түзілетін және жасанды әдісімен пайда болатын
E) дұрыс жауап жоқ
4. Морфологиялық белгілері бойынша техногенді кен орындары келесі түрлерге бөлінеді
А) сусымалы және уызданатын
B) шашыратпалы және сусымалы
C) сусымалы және ағылатын
D) суысымалы және жерге сіңірілетін
E) жайылатын және сусымалы
5. ... – бұл құрамында өндірісте қолданылатын минералды шикізаты бар Жер қыртысындағы техногенді құрамдар
А) техногенді кен орындары
B) техногенді опырлар
C) техногенді қоспалар
D) техногенді қалдықтар
E) дұрыс жауап жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |