Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет113/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Құландай құмда бір күй құлдырады
Бұлақтай тауда бір күй сылдырады, –
дегендегі «құлдырады, сылдырадылар» қиыннан қиысып тұрған ұйқас деуге болмайды. Бұл бұрыннан жаттанды, тілге үйірілгіш, дайын ұйқастар болатын. Әйтсе де құлдыраған күй құмдағы құландай, сылдыраған күй таудан аққан бұлақтай деген теңеулермен қат-қабат жұбын жазбай келгенде, әлгі ұйқастардың жаттандылығы еленбей кете береді.
Профессионал ақындар кезкелген сөзді ұйқастыра бермейді, ұйқасатын сөз айтайын деген ойдың тоба қазығындай болады, оған үлкен міндет артылады. В.Маяковский өлеңді қалай жазатындығы туралы айта келіп, ең қажетті сөзді мен әр уақытта өлең жолының соңына қоямын да, оған қайтсем де керекті ұйқасты табамын деп жазады. Кез келген, кездейсоқ, жігерсіз ұйқастарға ол бармаған. Бұрыннан белгілі ұйқастарды пайдалана отырып, құнды шығарма туғызуға бола ма? деген сауал тууы мүмкін. Мысалы: аламенен – даламенен – баламенен «немесе» ай секілді, тай секілді, шай секілді». Егерде ақын қалай да өлеңнің мағынасын әдейі осы ұйқастарға еріксіз иіп келетіндей болса, онда оның құны болмақ емес. Ал өлеңнің жалпы интонаңиялық қажеттілігіне қарай, мағынасына орай өзінен өзі осылай төгіліп келіп тұрған ұйқасты ақын пайдаланғаннан өлеңнің сапасы әлсіремейді. Міне, I.Жансүгіров негізінен кезкелген сөзді ұйқастыра бермейді, ұйқас ойдан туып отырады. Ол халықтық тілді кеңінен пайдаланады.
Өзіне дейінгі дәстүрлі поэзияның өлеңдік құрылыстарының көптеген жетістіктерін меңгерген I.Жансүгіровтің поэзиясындағы ұйқас мәселесінің өзі біраз сөз етеуге тұрарлық жәй. Оны егжей-тегжейлі зерттеуге бұл жерде орын болмағандықтан да біз ақын поэзиясындағы ұйқастың басты-басты жайларына ғана тоқталамыз.
Ең алдымен айтарымыз, халық поэзиясында ұйқастар әсіресе етістікке көбірек бітетін болса, Абай сол үлгіні сақтай отырып, ұйқасатын сөздерді басқа да сөз таптарынан ала білді. Міне, осы екі дәстүрді I. Жансүгіров те берік меңгерген ақын. Оның ұйқастары да тек етістікке біте бермейді. Кейде бірыңғай зат есімдер (жалғау, жұрнақтарын қоса алғанда) зат есім мен етістік, зат есім мен сын есім, үстеу мен зат есімдер бір-бірімен араласып, ұйқасып келе береді. Бұған мысалды ақын поэзиясының кез келген жерінен табуға болатындықтан да, орын алмас үшін әдейі келтірмей отырмыз.
Қазақ әдебиетінде таза түбір сөздердің ұйқасып келуі өте сирек кездеседі. Ал, Ілияс поэзиясында осы түбір сөздердің ұйқасып келетін жайлары да жиі ұшырайды. Мысалы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет