Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет116/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Кешегі ел кеше кеткенде
. . . . . . . . . . . . .
Өзені күркілдеткенде...

Ілияс қатар тұрған екі жолды өлеңнің барлық сөздерін ұйқастырып та көрді. Мысалы:




Қарқара (ел бесігі) жер анасы,
Қарлы ана (ел несібі) ел анасы.

Ұйқастың мұндай түрі шешендік сөздерде болмаса, қазақ поэзиясында бұрын-соңды болмаған. Бұл шығыстың ескі әдебиетінде кездесетін ұйқас үлгілері еді. Ұйқастың осындай ең қиын түріне Ілияс саналы түрде барды.


Қазақ поэзиясына тән құбылыс – ұйқастар не бірыңғай дауысты, не бірыңғай дауыссыз дыбысқа бітіп отырады. Алайда орыс әдебиетінде жиі ұшырайтын ұйқасқан сөздердің соңғы дыбысы дауысты, дауыссыз болатын үлгісі де қазақ поэзиясында көріне бастады. Мысалы:


Белгі еді ғой патшадан
Қуат еді жатса да,

немесе:



Құланы мақтады жұрт «мал басы»,деп
Тыңдады Ақан әнін «зарласын», деп.

Мұндағы ұйқасып тұрған сөздер «деп» емес, «мал басы» мен «зарласын». Бірінші ұйқас дауысты дыбысқа бітіп тұр да, екінші ұйқас дауыссыз дыбысқа бітіп тұр. Алайда, бұл өлеңнің жалпы ұйқасын бұзып тұрған жоқ.


Ілияс поэзиясында ішкі ырғақты берік сақтап, оған айрықша мән береді. Бұл жөнінде проф. Қ.Жұмалиев: «Ішкі ұйқасты бізде жалпы дамытқан, өлеңнің музыкалық жағын күшейтуде мәні зор екендігін аңғарып, оны өзінің әдемі өлең, шын мәнінде искусстволық дәрежеге көтерілген поэмаларында шебер қолдана алған ақынның алғашқы өкілдерінің бірі де Ілияс болды. Оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын оқығанда тіл бір мүдірмей есіліп отыратыны да оқушының бойын билеп, иектеп әкетуінің де бір тамыры оның өлеңдерінің әрдайым толымды болып келетін ішкі ұйқасының күшінде жатыр»18, - деп жазса, – Жалпы ассонанс пен аллитерация – Ілияс поэзиясында табиғи түрде кең орын алған ақындық құралдар. Олар еркін, өзінен-өзі ағылын, құйылып отыратын секілді»19, - деп ақын поэзиясына өте-мөте тән осы ерекшелікті М.Қаратаев та әділ бағалайды.
Көп ақындарда өлеңнің ішкі ұйқастары кездейсоқ ұшырайтын болса, Ілияс оны заңды құбылысқа айналдырған.


Жылатқандай, жұбатқандай бал бұлақ.
Жылатса да, жұбатса да да су жыры,

дегенде әрбір жолдағы екі сөз өз ара ұйқасып отырса,






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет