Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Бес бұрап, төрт түкіріп, толғап тоғыз



бет118/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Бес бұрап, төрт түкіріп, толғап тоғыз,
Қозғалар «құлақ күйден» жосып қобыз.
Көтерген көк түндігін күй өрнегі,
Құлатып асқарда ағын, мәңгіде мұз.

Бұл шумақтағы күй өрнегінің көк түндігін көтергенін, немесе мәңгі мұзды құлатып, асқардан ағынды арындатқанын өз алдына тамаша сурет деп бағалағанның өзінде, ақын өлеңнің ішкі дыбыс үндестілігіне баса назар аударатынын көреміз. Қобыздың құлағын ақын неге екі бұратпай бес бұратады, неге мың толғантпай тоғыз толғантады? Қобыз құлағын екі бұрай ма, он бұрай ма, қобызшы тоғыз толғата ма, жүз толғата ма, мәселе оның нақты санында емес, «бұрау» сөзіне «бес», «түкіріп» сөзіне «төрт», «толғап» сөзіне «тоғыз» сөздерінің дыбыс үндестігі жағынан т. б. «тү - тө», «то - то» болып үндесіп келуінде. Мұндай ұйқас, әрине, өлеңнің үндестілігін, музыкалылығын күшейтеді. Шумақтың басқа жолдарындағы «көтерген көк», «асқарда ағын», «мәңгі мұз» деген тіркестер де осындай. Сөйтіп, Ілияс осы ішкі ұйқас, ассонанс, аллитерация арқылы өлеңіне жан, қуат, күшті динамика беріп отырады. Бұл ақын поэзиясының өзіне тән бір ерекшелігі.


Өлеңнің ішкі дыбыс үндестіктері мен ұйқастарына формалдық тұрғыдан келуге болмайтыны сияқты өлеңді ойдан, пікірден бөліп қарауға болмайды. Үндестіктер ойды терең жеткізуге ықпал жасаса, ол – ұтымды, ал өз ара ғана ұйқасып, үндесіп мағына үндестіліктің көлеңкесінде қалса, ондай ұйқастың пайдасы шамалы, Ілияс мұны жақсы түсінген ақын.
Ал ұйқасып келетін сөздердің лексикалық жағына келетін болсақ, Ілияс өлең ұйқасын архаизм, диалектизмге құрмайды. ұйқасып келетін сөздерге жалпы халыққа түсініксіз, не кәзіргі әдеби тіл нормасына енбеген сөздерді алмайды. Бірақ орыс тілінен енген сөздерді, атауларды ақын еркін пайдаланып отырған. Мысалы: «Талай ерге – дуэльдерде – Пушкиндерге» деген ұйқастарда кісі аты, халықаралық термин, қазақ сөзі ұйқасып келсе, «жылдам - каютадан - мұздан» сөздерінің құрамы қазақ-орыс атауы болып келеді. Әрине сөз дыбыстардан тұратын болғандықтан, қай халықтың сөзі болмасын қазақ тілінен дыбыстық үндестік табуға болады. Мұнда мәселе басқа тілден енген сөздің ұйқас болып келуінде емес, сол сөз мағыналық жағынан қаншалықты қызмет атқарып тұрғандығында. Мысалы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет