Еңбек елдің күйшісі-ау,
Құлағымды қиқулат,
Көңілімді қандырат,
Тәтті-тәтті күйге тарт!
Көргеніңді күй қыла,
Құлшына тарт домбыра!45 –
дейтіні де сондықтан.
Тек домбыраның күйі, әншінің әні ғана емес, сонымен бірге ақынның өнері де сол еңбектің бір бөлшегі іспетті. «Серт» атты өлеңіндегі:
Еңбек табы екпіндеп,
Бес жылдығын төрт жылда
Орындауға етті серт,
Қыздыр ақын, қимылда!
Көмекке қалам, көмекке!46 –
деп қызған қарқын, қайнаған еңбекке өзі жәрдемге келіп, қол ұшын беріп араласып кетеді.
Жоғарыда біз талдаған I.Жансүгіровтің өлеңдері көбіне еңбек еткен адамның өзі емес, лирикалық геройдың еңбек туралы ойы. Ақын бұдан былай еңбек туралы ой түйіп қана қоймай, еңбек еткен адамдарды көрсетіп, еңбек процесін нақтылы жырлауды мақсат етеді.
«Жаңа дала», «Алтын қазан» т. б. өлеңдері осы ниетте туды. «Жаңа дала» өлеңі туралы әр кезде түрліше қарама-қайшы пікірлер айтылып келді.
1934 жылы Қазақстан жазушыларының I съезінде жарыс сөзге шығып сөйлеген Р.Уәлиахметұлы Ілиястің осы өлеңін сынап, «Еңбекші қазақ» газетінің сол жылғы 10-санында шыққан 3. Шашкиннің «Поэзия тілі туралы» деген мақаласында Ілиястың «Жаңа дала» өлеңін мақтағаны дұрыс емес, бұл өлең сыншы мақтарлық өлең емес»47 деп жазған. Шашкиннің мақтаған шумағы да, Уәлиахметұлының даттаған шумағы да осы өлеңнің:
Достарыңызбен бөлісу: |