Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет109/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Еліртер, екілентер, елбіретер,
немесе:
Толғантар, толғақ салар, толықсытар,
Кейде аяз, кейде бұрқақ, кейде қырбақ,
Кейде ерген, кейде күрбік, кейде сырғақ.

Міне, осы бір ақындық стиль Ілиястың жас балауса ақын кезінде жалт етіп, бой көрсетсе, кемеліне жеткен кезінде әбден қалыптасады.


Ілияс Жансүгіров поэзиясындағы сөздің ойнақыланып, ішкі ұйқастарының, екпін-ырғақтарының берік сақталып, аллитерацияға жиі баруы, ақынның әсіресе «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларында анық танылып, Ілиястың стильдік бетін молынан байқатады. Көптеген ақындар сөзді ойнату ниетімен айтайын деген ойын ауырлатып, мағынасын күңгірттетіп алса, Ілияс сөзді ойнатқанда ой бұлттан шыққан күндей жарқырап, айқындалып сала береді.
Сөзді ойнатудың алуан-алуан түрлері бар. Ілияс кейде ойын сұрау, жауап арқылы беруге де тырысады. Ақын «Тоғызда» деген өлеңінде:


Көзінен нұр төгіліп,
Жерінеп дүр гүл өніп,
Мажыраған бұл қай жақ?

Немесе «Нұр алғаны сол шығар» деген өлеңінде:




Қуарған қыр қуанып,
Суалған сыр нұрланып
Мажыраған бұл қай жақ?

Бұл келтірілген екі үзіндінің екеуінде де ақын даланы суреттей отырып «бұл қай жақ» деп сұрақ қояды. Әрине, ақын жауапты оқушыдан күтіп отырған жоқ, оны өзі айтпақ, бірақ оқушы назарын әдейі күні бұрын сол сұрақтың жауабына аударып алмақ. Бұл тәсіл әр түрлі дәрежеде әр ел әдебиетінде бар. Қазақ әдебиетінде, әсіресе, 20-30-жылдардың орта шеніне дейін етек алып келді. Алайда, лирикалық геройдың характерін ашуда бұл бірден бір тиімді әдіс бола алмайтынына өткен тарауда тоқталғандықтан, бұл жерде оған тағы да аялдауды артық көрдік.


Ақын өзінің ойын оқушысына жеткізуде, тек сұрақ, жауап үлгісімен қанағаттанбайды. Ол кейде сұрау арқылы да белгілі бір ойдың түйінін түйіп кете береді. Мысалы, «Құлагер» поэмасында Ілияс:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет