1.9-сурет. Ұңғымалардың үшқатарлы жүйе кезіндегі орналасуы: 1 – мұнайлылықтың шартты
нұсқасы; 2 – өндіру ұңғымалары; 3 – айдау ұңғымалары.
23
1.10-сурет. Ұңғымалардың үшқатарлы жүйе кезіндегі орналасуы: 1 – мұнайлылықтың
шартты нұсқасы; 2 – өндіру ұңғымалары; 3 – айдау ұңғымалары.
ω параметрі үшқатарлы жүйе үшін шамамен 1/3, ал бесқатарлы жүйе
үшін 1/5-ке тең.
Үшқатарлы және бесқатарлы жүйелерді қолдану кезінде кен орны
бойынша жоғары шығымға ие болады. Әрине, үшқатарлы жүйе бесқатарлы
жүйеге қарағанда интенсивтілеу болады.
Ұңғылардың аудандық орналасу жүйелері.
Тәжірибеде кеңінен қолданылатын мұнайлы кен орындарын игеру
жүйелерін қарастырайық: беснүктелі, жетінүктелі және тоғызнүктелі.
Бұл жүйе элементі бұрыштарында өндіруші ұңғысы бар, ал ортасында
айдау ұңғысы бар квадратты сомдайды. Бұл жүйе үшін айдаушы және
өндіруші ұңғылардың қатынасы 1:1-ді құрайды, ω=1.
1.11-сурет.Беснүктелі жүйе кезіндегі ұңғымалардың орналасуы көрсетілген: 1 –
мұнайлылықтың шартты нұсқасы; 2 – өндіру ұңғымалары; 3 – айдау ұңғымалары.
Жетінүктелі жүйе (1.11-сурет). Жүйе элементі өзімен бұрыштарында
өндіруші ұңғылар, ортасында – айдау ұңғылары бар алтыбұрышты ұсынады.
Өндіруші ұңғылар алтыбұрыштың бұрыштарында, ал айдау ұңғылар
ортасында орналасқан. ω=1/2, яғни бір айдау ұңғыға екі өндіруші ұңғы
келеді.
24
1.12-сурет.Жетінүктелі жүйе кезіндегі ұңғымалардың көрсетілген: 1 – мұнайлылықтың
шартты нұсқасы; 2 – өндіру ұңғымалары; 3 – айдау ұңғымалары.
Тоғызнүктелі жүйе 1.13-сурет.Айдау және өндіруші ұңғылар қатынасы
1:3, содан ω =1/3.
1.13-сурет. Тоғызнүктелі жүйе кезіндегі ұңғымалардың көрсетілген: 1 – мұнайлылықтың
шартты нұсқасы; 2 – өндіру ұңғымалары; 3 – айдау ұңғымалары.
Қарастырылған ұңғылардың аудандық орналасу жүйелерінен интен-
сивтілігі ең жоғарысы беснүктелі, ал ең төмені тоғызнүктелі. Барлық
аудандық жүйелер «қатты» болып есептеледі
Ұңғылардың аудандық орналасу жүйесін қолдану қатарлы жүйеге
қарағанда маңызды артықшылыққа ие болады, бұл кезде қабатқа толығымен
әсер ету мүмкіншілігіне ие болады. Қатты біртексіз қабаттарды игеру кезінде
қатарлы жүйесін қолданып, су немесе басқа агенттерді айдағанда, бөлек
қатарларға тұйықталады. Ал, егер ұңғылардың аудандық орналасу жүйесінің
бір элементінің айдау ұңғысы қабатқа толтырылатын агентті қабылдамаса
немесе реттен шықса, онда элементтің басқа нүктесінде сондай сияқты
ұңғыны бұрғылау немесе көрші элементтердің айдау ұңғыларына жұмыс
агентінің интенсивті толтыру есебі арқылы қабаттан мұнайды итеруді
орындау қажет болады.
Жоғарыда айтылғандай, қатарлы жүйелер үлкен иілгіштігіне байла-
нысты ұңғылардың аудандық орналасу жүйелеріне қарағанда тігінен қабатты
қамту әсерін өсіруде артықшылыққа ие. Сөйтіп, қатарлы жүйелер тік
қималардағы біртексіз қабаттарды игеруде жақсырақ болады.
Игерудің соңғы кезегінде қабат өзінің бөлігінде мұнайды ығыстырғыш
затымен толып қалады (мысалы, су). Бірақ су айдаушы ұңғылардан өндіру
ұңғыларына жылжығанда, кейбір аудандарда жоғары мұнайға қанығу-
шылыққа ие болады.
25