КЕАҚ «Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
ИНЖИНИРИНГ ФАКУЛЬТЕТІ
«Мұнай-химия инжиниринг» КАФЕДРАСЫ
6В07210 - «Мұнай-газ инжинері» мамандығы
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ
Күндізгі оқытудың 2 курс білім алушысы
НГИ 20-1 академиялық тобы
Каримбоев Дилмурод
ТЕКСЕРІЛДІ:
КӘСІПОРЫННАН ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІ:
___________Сарбопеева.М.Д_________________
(кәсіпорын басшысының аты-жөні, лауазымы)
___________ ______________________________
(бағасы) (қолы)
___________________________________________
(уақыты)
УНИВЕРСИТЕТ АТЫНАН ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІСІ:
_____________Сарбопеева.М.Д _
(кәсіпорын басшысының аты-жөні, лауазымы)
_______ ___________________________________
(бағасы) (қолы)
___________________________________________
(уақыты)
АКТАУ 2022 ж
Мазмұны КЕНОРЫННЫҢ ИГЕРІЛУІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СХЕМАСЫН ТАҢДАУДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ
Кіріспе
.1 Игеру нысаны және жүйесі
1.2 Игеру жүйесінің сипаттамасы және классификациясы
1.3 Қабаттарға әсер ететін игеру жүйесі
1.3.2 Қатарлы игеру жүйесі
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
«КЕН-САРЫ»ЖШС
Толық аты: «Кен-сары»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Мекен-жайы:Қазақстан,Маңғыстау облысы
БИН:01074000060
Кәсіпорын мөлшері:Ірі кәсіпорын
Тіркеу күні:13.07.2001 (20 жыл 11 ай)
Жетекші:Смағзамұлы Жолболды
Меншік түрі:Жеке меншік кәсіпорын
Қызметкерлер саны:251-500 адам
Салық органы:Ақтау қаласы бойынша -4306
Мұнай және мұнай-газ кен орындары дегеніміз – бұл бір немесе бірнеше
оқшауланған, яғни бір географиялық пункттің жанында орналасқан
геологиялық құрылымдарда ұштастырылған жер қыртысындағы көмір-
сутектердің жиынтығы. Кен орнына жататын көмірсутектердің кені
қабаттарда немесе тау жыныстарының массивтерінде орналасады, олар жер
астында түрліше жайғасады, олардың геологиялық-физикалық қасиеттері
әртүрлі келеді. Көп жағдайларда жекелеген мұнай-газды қабаттар,
өткізбейтін жыныстармен оқшауланады немесе кен орындарының жеке
бөліктерінде ғана орналасады.
Осылайша сипаты бойынша ерекшеліктері бар қабаттар ұңғылардың
түрлі топтары арқылы өндіріледі, кейде өндіруде түрлі технологиялар
қолданылады.
Кен орнын игеру нысаны жайлы түсінік енгізейік. Игерудің нысаны –
бұл өндірілетін кен орнынан алынған геологиялық құрылым (қабат, массив,
құрылым, қабаттардың жиынтығы), оның құрамында ұңғылардың белгілі бір
тобымен немесе басқа да тау-кен техникасының көмегімен жер қыртысынан
алынатын көмірсутектердің өндірістік қорлары болады. Өндірушілер
мұнайшыларда кең таралған терминологияны қолдана отырып, әдетте әр
нысан «өз ұңғылар торымен» игеріледі деп есептейді. Игеру нысанына кен
орнының бір, бірнеше немесе барлық қабаттары біріктірілуі мүмкін.
Игеру нысанының негізі ерекшеліктері – онда мұнайдың өндірістік
қорларының және осы нысанға тән белгілі бір ұңғылар тобының болуы.
Десек те, осыған кері болуы мүмкін емес, себебі бір ұңғы арқылы
бірмезгілдік бөлу пайдалануы үшін техникалық құралдар арқылы түрлі
нысандарды игеруге болады.
Игеру нысаны түсінігін жақсы пайымдау үшін мысалдарды қарас-
тырайық. Бізге 1.1-суретте көрсетілген кен орнының қимасы берілсін. Бұл
кен орнында қалыңдығымен, физикалық қасиеттерімен және қаныққан
көмірсутектің тарау аумақтарымен ерекшеленетін 3 қабат бар. Кестеде 1, 2,
3-қабаттардың негізгі қасиеттері көрсетілген. 1-қабат 2-қабаттан 15 метр
арақашықтықта, ал 2-қабаттың табаны 3-қабаттың төбесімен 1000 м
арақашықтықта орналасқан. Қарастырылып жатқан кен орнында екі игеру
нысанын бөліп көрсету мақсатқа лайық екенін айтуға болады, 1 және 2-
қабаттарды бір нысанға (нысан І деп) біріктірсе, 3 қабат жеке нысан ретінде
(нысан ІІ деп) қарастырылады.
10
Достарыңызбен бөлісу: |