«Мұнай-химия инжиниринг» кафедрасы 6В07210 «Мұнай-газ инжинері» мамандығы


-сурет. Көп қабатты мұнай кен орнының қимасы 1.1-кесте Геологиялық-физикалық қасиеттері



бет2/11
Дата05.07.2022
өлшемі36,43 Kb.
#147289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
20.10, англ, Ресурс6.4, Тақырыбы - сын есім, file 00127DL50348401521, Өтініш НИШ, S dnyom znaniy, 53fd365b8c564f8f88bba98d4358fe8a, Жас маман, Токугава кезіндегі Жапония (1), 47C6277F-D8EA-48C0-B57A-0746474D885A (1), konstitucia-zh-kopiya-kopiya, М.Мағауин - Әйел махаббаты, жемістер мен көкөніс
1.1-сурет. Көп қабатты мұнай кен орнының қимасы
1.1-кесте
Геологиялық-физикалық қасиеттері
Геолого-физикалық
Қасиеттері
Қабаттар
1 2 3
Мұнайдың алынатын қоры 200,0 50,0 70,0
Қалыңдық, м
өткізгіштік 10-3 мкм2
10,0
100,0
5,0
150,0
15,0
500,0
Мұнай тұтқырлығы
10-3 Па*с 50 60 3
1, 2-қабаттардың бір нысанға біріктірілуі өзара бір-бірінен тік жақын
орналасқан және олардағы мұнайдың өткізгіштігі, тұтқырлығының көрсет-
кіштері мәндес болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар 2-қабаттан
өндірілетін мұнай мөлшері көп емес. 3-қабаттан өндірілетін мұнай мөлшері
1-қабаттағыдан аз болса да, ондағы мұнайдың тұтқырлығы төмен және
өткізгіштігі жоғары болады. Демек, жоғарыда қарастырып отырған
мәліметтерге қарап, осы қабатты бұрғылайтын ұңғының өнімділігі жоғары
болатынын көреміз. Одан басқа, егер 3-қабаттағы тұтқырлығы төмен
мұнайды әдеттегі су айдау әдісімен өндіруге болатын болса, онда
тұтқырлығының төмендігімен сипатталатын 1 және 2-қабаттарды игеру
үшін өндіру алдында басқа техниканы қолдануға, мысалы, мұнайды бумен,
полиакриламид ерітіндісімен немесе ішкі қабаттық жағу арқылы мұнайды
ығыстыруға тура келеді.
11
Сонымен бірге, есепке алынатын нәрсе 1, 2, 3-қабаттардың арасындағы
біршама ерекшеліктерге қарамастан игеру нысандарын бөлудегі соңғы
шешім игеру нысандарына қабаттарды біріктіру нұсқаларының түрлі
технологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
негізінде жасалады.
Игеру нысандарын кейде келесі түрлерге бөледі: дербес, яғни дәл осы
кезде өндіріліп жатқан және кері, яғни қазір басқа нысанды пайдаланып
жатқан ұңғы арқылы өндіріледі.
Мұнай кен орнын игеру жүйесі деп өндіру нысандарын анықтайтын
өзара байланысқан инженерлік шешімдердің жиынтығын; оларды бұрғылау
және орналастыру тізбегін және темпін; қабаттан мұнай мен газды өндіру
үшін қабатқа әсер етуді; айдаушы және өндіруші ұңғылардың санын,
қатынасын және орналасуын; кен орнын игеруді, жер қойнауын және
қоршаған ортаны қорғауды басқаруды айтады.
Кен орнын игеру жүйесін құру – жоғарыда көрсетілген инженерлік
шешімдердің жиынтығын білдіреді.
Осындай жүйені құрудың маңызды құрылымдық бөлігі – игеру
нысандарын ерекшелеу. Сол үшін осы сұрақты төменде кеңінен қарас-
тырамыз. Алдын ала айтуға болатын нәрсе бір нысанға біріктірілген
қабаттардың көптігі – тиімді, себебі, осындай біріктіру кезінде жалпы кен
орындарын игеру үшін қажет болатын ұңғылардың саны аз болады. Бірақ
қабаттарды бір нысанға шектен тыс мөлшерде біріктіру өндірілетін мұнай
мөлшерін төмендетіп, соңғы кезекте техникалық-экономикалық
көрсеткіштерді нашарлатуы мүмкін.
Игеру нысандарын бөлуге әсер ететін факторлар:
- Мұнай мен газ коллектор жыныстарының геологиялық-физикалық
біріктіру орынсыз, себебі оларды жер қойнауынан әртүрлі орналасқан
сызба мен ұңғыма торларының тығыздығы арқылы мұнай өндірудің
әртүрлі технологияларымен игеру мүмкін болады. Парафиннің,
көмірсутектің, көмірсудың қымбат компоненттерінің, т.б. пайдалы
қазбалардың өндірістік құрамдардың кездесуі де қабаттарды
біріктіріп игерудің мүмкін еместігінің себебі бола алады.
- Көмірсутектердің фазалық жағдайы және қабат режимдері. Бір-біріне
вертикаль жақын орналасқан және ұқсас геологиялық-физикалық
қасиеттері бар әртүрлі қабаттарды қабат көмірсутектерінің әртүрлі
фазалық жағдайы мен қабат режимдерінде бір нысанға біріктіру
орынсыз болатын жағдайлар кездеседі. Егер бір қабатта айтарлықтай
газ шапкасы кездессе, ал басқасы табиғи серпімді суарынды
режимінде игеріліп жатса, оларды бір нысанға біріктіруге болмайды,
себебі оларды игеруге ұңғымалардың әртүрлі орналасу сұлбасы мен
саны, сонымен қатар мұнай мен газды өндірудің әртүрлі
технологиялары қажет болады.
- Мұнай кен орындарын игеру үдерісін басқарудың шарттары. Бір
нысанға қаншалықты көп қабаттар мен қабатшалар қосылса,
соншалықты мұнай бөлімдерінің жеке қабаттар мен қабатшаларда
орын ауыстыруы мен оны қысатын агенттерді бақылау техникалық
және технологиялық қиынға соғады (сулы-мұнайлы және газды-
мұнайлы бөлімдер). Қабатшаларға жеке әсерлер мен олардан мұнай
мен газды алу, қабаттар мен қабатшаларды игеру жылдамдығын
өзгерту қиынға соғады. Кен орынды басқарудың қасиеттерінің
нашарлауы мұнай бергіштіктің төмендеуіне әкеледі.
- Ұңғымаларды пайдалану техникасы мен технологиясы. Нысандарды
ерекшелеудің жеке нұсқаларының қолданылуының орнықтылығына
немесе орнықсыздығына әкелетін техникалық және технологиялық
себептер көп болуы мүмкін. Мысалы, игеру нысанына бөлінген
қабатты немесе қабаттар тобын пайдаланатын ұңғымалардан қазіргі
пайдаланатын құралдарға шекті болатын сұйықтың айтарлықтай
мөлшердегі шығымын алу шамалы болған жағдайда. Сондықтан
нысандарды ірілендіру техникалық себептерге байланысты бол-
майды. Соңында келтірілген факторлардың әрқайсысының игеру
нысандарына әсері алдымен техникалық және техникалық-
экономикалық талдауларды жасап, содан кейін оларды бөлу туралы
шешім қабылдауға негіз болады.
1.2 Игеру жүйесінің сипаттамасы және классификациясы
Мұнай кен орнының игеру жүйесінің анықтамасы, жалпы барлық кешен
инженерлiк шешiмдерді қамтитын және оны жер қойнауларынан пайдалы
қазбаларды өндіруге арналған тиімді құрастыруды қамтамасыз ету алдыңғы
13
1.1-бөлімде айтылған. Осы жүйенің анықтамасы – кен орындарын игерудің
түрлі жүйелерінің сипаттамасына байланысты параметрлерінің көп мөл-
шерлерін қолдану. Дегенмен мұнай кен орындарын игеру жүйелерін
тәжiрибеде екi тән белгiлерге:
1) жер қойнауларынан мұнайды өндіру мақсатында қабатқа әсердің бо-
луына немесе жоқтығына;
2) кен орындарда ұңғымалардың орналастырылуына байланысты танып
біледі.
Жоғарыда аталып өткен белгiлер бойынша кен орындарын игеру
жүйесін классификациялайды.
Игеру жүйесін сипаттайтын төрт негiзгi параметрлерді көрсетуге
болады.
1. S
c ұңғымалар торлары тығыздығының параметрi бiр ұңғымаға келетiн
мұнайлылық ауданына тең, ол айдау ұңғымасына, не өндіру ұңғымасына
байланысты емес. Егер кен орнының мұнайлылық ауданы Sұңғ-ға тең болса,
ал кен орындарындағы ұңғыма саны n болса, онда:
Sc = S/n. (1.1)
[Sұңғ]=м2/ұңғ. өлшемі. Бiрқатар жағдайларда бір өндіру ұңғымаға келетін
мұнайлылық ауданына тең параметрін қолданады
2. А.П.Крыловтың параметрі кен орындарындағы ұңғымалардың
жалпы санының мұнай қорларының сандарының қатынасына тең:
(1.2)
=тонна/ұңғ. параметрдiң өлшемi
3. ω параметрі, айдау ұңғымаларының санына өндіру ұңғыма-
ларының санының қатынасына тең:
ω = nм (1.3)
n
өнд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет