«Мұнай-химия инжиниринг» кафедрасы 6В07210 «Мұнай-газ инжинері» мамандығы



бет4/11
Дата05.07.2022
өлшемі36,43 Kb.
#147289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
20.10, англ, Ресурс6.4, Тақырыбы - сын есім, file 00127DL50348401521, Өтініш НИШ, S dnyom znaniy, 53fd365b8c564f8f88bba98d4358fe8a, Жас маман, Токугава кезіндегі Жапония (1), 47C6277F-D8EA-48C0-B57A-0746474D885A (1), konstitucia-zh-kopiya-kopiya, М.Мағауин - Әйел махаббаты, жемістер мен көкөніс
Нұсқа жанынан су айдау. Кенішке әсер етуді үдету үшін айдау
ұңғымаларын мұнайлылық нұсқасына тікелей жақын немесе мұнайдың ішкі
және сыртқы нұсқалары арасында орналастыру арқылы қол жеткізуге
болады.
Нұсқаның жанынан су айдау:
- қабатттың сыртқы аймақпен гидродинамикалық байланысуы нашар
болған кезде;
- кеніштің салыстырмалы аз көлемі кезінде (нұсқаның сыртынан су
айдауды қара);
- игеру үдерісін қарқындандыруда (өйткені өндіру және айдау
сызықтары арасындағы фильтрациялық кедергі олардың жақындауы
есебінен азаяды) қолданылады.
Алайда, сулануда тілшелердің түзілуі және судың игеру қатарының
басқа ұңғымаларына жарып өту ықтималдығы көбейеді. Сонымен айдау
ұңғымалары арасында кең тіректер түзілу есебінен мұнайдың шығындалуы
мүмкін болады. Бұл кең тіректерден мұнай тек өндіру үдерісі өте мұқият
реттелгенде және ұңғыларды қосымша бұрғылауды реттегенде ғана
ығыстырылуы мүмкін.
Энергетикалық көзқарастардан нұсқаның жанынан су айдау айтар-
лықтай тиімді, бірақ сыртқы аймақтың жақсы гидроөткізгіштігі кезінде
айдалатын су шығындалады.
Нұсқаның ішінен су айдау. Бұл жағдайда қабатқа әсер ету мұнайлылық
нұсқаның ішінде қандай да бір сызба бойынша айдау ұңғымаларының
жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл қорды алу мерзімін қысқартуға және мұнай
өндірісін тез ұлғайтуға мүмкіндік беретін, мұнай кенішіне әсер етудің
қарқынды жүйесі.
Жалпы нұсқаның ішінен су айдау әдісін кенішті айдау ұңғымаларының
сызығымен жолаққа және сақиналарға бөлу, бірнеше көлденең қатарымен
орталық бөлу қатарын құру және нұсқа ішінен су айдаумен бірлескен
сияқты, бірнеше түрге бөлуге болады.
Айдау ұңғымаларының орналасу сызбасын таңдау нақты геологиялық
жағдайлармен, қорды алудың экономикалық мақсатты мерзімімен және
негізгі, қажетті күрделі салымдар шамасымен анықталады. Ереже бойынша,
айдау ұңғымасының сызығын коллекторлық қасиеттері жақсартылған және
линзалар мен өткізгіш құмтастардың басымды созылуына перпендикуляр
қабатының аймағына орналастырады, бұл айдалатын судың қоршалуын
азайтуға немесе жоюға және қабаттың әсермен қамтылуын жоғарылатуға
мүмкіндік береді.
2 – 3/139-13
18
Нұсқаның сыртынан су айдау, нұсқаның ішінен су айдау болған кезде
мұнайдың нұсқа сыртының аймағына ығысуына жол бермеу керек, сонымен
қатар үдерісті қарқындандыру қажет. Энергетикалық көзқараста нұсқаның
ішінен су айдау, нұсқаның сыртынан және жанынан су айдауға қарағанда
тиімді, өйткені барлық айдалатын су бұл жағдайда мұнайды бөлетін
қатарлардың екі жағы бойынша ығыстыруға қолданылады.
Нұсқаның ішінен су айдау кезінде берілетін қатарлардың ұңғымалары
ығысу фронтын, яғни қабаттың суға қаныққан бөліктерінің жолағын құру
үшін мұнайды «біреуден кейін» игереді.
Суландырудың аталған жүйелері ережеге сай, үлкен нұсқаланған,
шектері анықталған және қабат сипаттамалары туралы нақты мәліметтері
бар кен орындарында қолданылады.
Блокты су айдауды үлкен нұсқаланбаған кен орындарда барлау
ұңғымасының мәліметтері бойынша, оларды орналастыру ауданында өнді-
рістік мұнайлылық бар болған кезде қолдану керек. Бұл жағдайда кен
орындары соңғы барлауға және мұнайлылық нұсқасын анықтауға дейін кен
орнының айдау ұңғымалар қатарымен игеру ұңғымалар қоры бар жеке
блоктарға бөлу арқылы объектіні игеруге жылдам енгізу мүмкін болады.
Сонда әрбір блоктың ішінде қатарлар түрінде өндіру ұңғымаларын
бұрғылайды. Қатарлардың санын және тығыздығын блок ауданында
гидродинамикалық және техника-экономикалық есептеулермен анықтайды.
Ошақтап су айдауды қабаттың ығыстыруы мен жақсы қамтылуы, сонымен
қатар қорды бөлек линзалардан немесе жақын жердегі қатарлары әсер
етпейтін қабат аймақтарынан алу үшін су айдаудың кез келген басқа
жүйесімен бірлестіріп қолданады. Ережеге сай, ошақтап су айдау қоршаған
өндіру ұңғымаларына қатысты тиімді және өткізгіштігі жоғары қабат
аймағында орналасқан өндіру ұңғымаларының біреуін пайдаланады. Бірақ
ошақтап су айдау, қабаттың үлкен көлемдегі мұнайлық бөлігін және оны
өткізгішті нашар аймақтарды әсермен қамтуды ұлғайту үшін арнайы ұңғыны
немесе ұңғылар тобы бұрғылануы мүмкін.
Өндіру объектісінің қажетті бөлшектік геологиялық зерттелуі кезінде
ошақтап су айдау кен орынды игерудің және қайта игерудің барлық
сатыларында қолданыла алады және белгілі мағынада ығыстыру үдерісін
реттейтін құрал болып табылады. Су айдаудың таңдау жүйесін ошақтап су
айдау сияқты, қалыңдығы және созылуы бойынша, көп жағдайда біртексіз
коллекторлардан мұнай қорын алу кезінде қолданады. Бұл жүйеде,
мұнайдың сумен максималды қарқынды ығыстырылуын қамтамасыз
ететіндей және қабаттың біртексіздігі линза көрінісін толық өндіруге және
мұнай алудың соңғы коэффициентіне әсерін минимумға жеткізетіндей етіп,
өнімді қабаттарының таралуының және оның жақын жердегі өндіру мен
айдау ұңғымасының бұрғылау нүктелерін, ұңғымалардың түптерімен
байланысының иондық шарттарын бөлшекті геологиялық зерттеу есебімен
анықтайды. Осының әсерінен айдау ұңғымалары коллектордың табиғи
біртексіздігін көрсетіп, ауданда бірқалыпсыз орналасады.
19
Бұл айдау ұңғымасының сумен жабдықталу жүйесін қиындатады.
Игерудің бірінші сатысында, яғни геологиялық ақпараттар шектеулі немесе
жеткіліксіз болған кезде бұл жүйе қолданыла алмайды. Ол тек келесі
сатыларда, қабаттың құрылымдық бөлшектері және ұңғымаларға негізгі су
айдау жүйесінің нәтижелері белгілі болғанда ғана тиімді.
Алаңда су айдау – бұл кен орынды игерудің ең жоғары қарқынын
қаматамасыз ететін, қабатқа әсер етудің қарқынды жүйесі. Бұл жүйе кезінде
өндіру және айдау ұңғымалары бес, жеті және тоғыз нүктелік тор түріндегі
дұрыс геометриялық блоктарымен орналасады, ондағы айдау және өндіру
ұңғымалары кезектесіп тұрады (3.1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет