Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


II. 3.2 - тармақ. Қазақ тілін оқыту барысында меңгерілетін құзыреттіліктер



бет28/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

II. 3.2 - тармақ. Қазақ тілін оқыту барысында меңгерілетін құзыреттіліктер.
Жоғары білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін іргелі реформалар іске асырылуда. Еліміздің білім беру саласы білім беру нормаларын мақұлдаған Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, оның басты міндеттерін шешуге ат салысып және Болон үдерісіне қосылуы білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізіп, оқыту үдерісінде жаңа әдістерді қолдануды талап етуде.

Қазіргі білім нарығы нақты білімді емес, студенттердің құзыреттілігін, олардың дара тұлғалық сапасын талап етіп отыр. Осы уақытқа дейін студентке білім беру кезінде мамандықты ғана игертіп келген болсақ, қазіргі кезде әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзыреттілік қабілетіне сүйену арқылы нәтиежеге бағдарланған білім беруді көздеп отырмыз. Осымен байланысты оқытуды құзыреттілік тұрғысынан ұйымдастыру, түпкі нәтиежені құзыреттілік тұрғысынан айқындау туралы мәселелер білім беру үдерісіне дендеп енді.

Қазақстан ғалымдары да құзыреттілік мәселесін соңғы жылдары жан – жақты зерделеп, қарастыра бастады. Білім беру нәтиежесін құзыреттілік тұрғысынан бағамдауға айрықша ден қойылуда. Атап айтқанда, Ш.Х.Құрманалина технологиялық құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін айқындаса, Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың жолдарын ұсынды. Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігін жетілдірудің амалдарын анықтаса, Б.Қасқатаева болашақ қазақ тілі сұғалімнің әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру туралы сөз қозғады. М.В.Семёнова жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерделесе, С.И.Ферхо мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігін қалыптастыру жөнінде өз әдістемесін ұсынды.

Ғылыми - әдістемелік еңбектерде болашақ маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы мәселе құзыреттілік және құзырет ұғымдары арқылы айқындалып жүр.

Құзыреттілік терминіне сөздіктерде мынандай түсініктемелер берілген: competere (латынша) сәйкес, жарамды, compoeten (французша) құзыретті, құқықты, competere – сай болу, қабілетті болу деген мағынаны, орыс тілі сөздіктерінде құзыреттілік «белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді біреудің жетік білуі» деген мағынаны білдіреді. Қазақша сөздіктерде «біреуге тиесілі істер, сұрақтар шеңберінде белгілі бір адамның не мекеме өкілдігінің құқықты болуы» деген анықтама берілген.

«Құзырет» термині көбінесе «нәтиежелік», «жетістікке жету», «түсіну», «меңгеру», «сапа», «мөлшерлік» сөздерімен бірлікте қолданылатынын, ал «құзыреттілік» термині кәсіби қызметтегі білім мен тәжірибенің бірлігі мағынасында түсінілетіні байқалады.

И.Л.Зимняя тілдік құзыреттіліктің өзін Еуропада стратегиялық, әлеуметтік, әлеуметтік – лингвистикалық, тілдік және оқу деп жіктеу кездесетінін айта келіп, шетелде бес түрлі құзыреттілікке айрықша мән берілетінін сөз етеді. Олар: саяси және әлеуметтік құзыреттілік (әртүрлі жағдаяттарды бейбіт түрде шешуі, топтық шешім қабылдай алуы, жауапкершілікті сезінуі, демократиялық институттарды қолдауы және соған қатысуы); мәдениаралық құзыреттілігі (көп мәдениетті қоғамда өмір сүре білу қабілеті, басқаларды сыйлауы, олардың мәдениеті, тілі, салт – дәстүрін сыйлай отырып, өмір сүре алуы); қатысымдық құзыреттілік (ауызша және жазбаша коммуникацияны игере білуі, жұмысы мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруі, бірнеше тілді меңгеруі); танымдық қызыреттілік (өмірде өзінің білімін үздіксіз жетілдіруі, кәсіби тұлғасы мен әлеуметтік өмірін үнемі дамытып отыруы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет