Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


II. 3.2.5 - тармақша. Әлеуметтік – тұлғалық құзыреттілік



бет33/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

II. 3.2.5 - тармақша. Әлеуметтік – тұлғалық құзыреттілік.
Оқушының әлеуметтік – тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап отырған мәселе. Әлеуметтік – тұлғалық құзыреттілік оқушының әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің және белгілі бір әрекеті басқарудағы нақты әлеуметтік білімнің сапалы қасиетін көрсетеді. Оқушының топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын еркін, ұялмай жеткізе білуі оның әлеуметтік – тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге игі әсерін жеткізеді.

Г.Ж:Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына үлкен мән беріледі. Оның пікірінше, әлеуметтік құзыреттілік – адамның әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің, әлеуметтік технологияны жүзеге асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері.

Құзыреттіліктің қалыптасуына оқушының қоршаған ортасы, адамдармен қатынасы, игерген білімі, қабілеті мен дағдысы, іскерлігі мен біліктілігі әсер етеді. Осылардыі барлығын синтаксисті қатысымдық – танымдық тұрғыдан меңгертуде оқушының құзыреттілігін белгілі бір дәрежеде қалыптастыруымыз қажет. Құзыреттілік оқушының білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды, тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін және игерген білім, білік, дағдысының түпкі нәтиежесін көрсетеді. Сондықтан да білімді құзыреттілік тұрғысынан игерту бүгінгі таңда өзекті болып отыр.
СӨЖ тапсырмалары:
Құзыреттілік туралы конспект жасау;

Қатысымдық құзыреттілік туралы пікірлерді тезис түрінде жинақтау;

Құзыреттілік, құзырет туралы еңбектердің картотекасын жасау;

Танымдық құзыреттілік жөніндегі еңбектерге аннтоция жазу;



Құзыреттілік туралы пікірлерді жинақтап, сын – пікір жазу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет