3- сабақ
Тақырыбы: Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі туралы мәлімет
ТЫҢДАЛЫМ
Сөздермен жұмыс істеңіздер: жастар, қоғам, өркениет, қозғаушы күш, ел тізгіні, бәсекеге қабілетті, адамгершілік-этикалық нормалары, біліктілік, ұлт болашағы, патриот.
ОҚЫЛЫМ
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.
Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.
Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мемлекеттің барлық бағдарламаларында жастар мәселесіне баса мән берілген. Жастар ел дамуының негізгі күші. Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес, ол ел болашағы.
Жастарсыз- болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған.
Бүгінгі жас- ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы-жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында.
Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек, келешек ел тізгінін ұстайтын жастардың өң бойынан әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз төгіліп тұруы қажет-ақ. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.
Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
Н.Ә. Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастардың қолдарыңда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
(http://yznaika.Ғаламтор материалдарынан).
АЙТЫЛЫМ
«Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі» туралы нақты мысалдар келтіріңіз.
ЖАЗЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |