МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ


ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – Ә.ҚАСЫМҰЛЫ



бет15/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
МӨЖ

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – Ә.ҚАСЫМҰЛЫ

2.1 Әдіскер-математик Ә.Қасымұлының өмірбаяны және математиканы оқыту әдістемесі үшін сіңірген еңбектері

Ә.Қасымұлы 1889 жылы Торғай ауданында (бұрынғы Торғай облысы) дүниеге келген. 11 жасынан бастап оқуды бастайды. 1911 жылы Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген. 1917 жылға дейін бастауыш ауыл мектебінде жұмыс істеген. 1917 жылы Земск уездік басқармасының мүшесі болып сайланды. Осыдан кейін, Алаш-Орданың шығыс бөлімінде, Совнархозда, Қызылорда Қазақ халық ағарту институтында, Орынбор қаласындағы рабфакта, Алматы қаласының №12 қазақ орта мектебінде жұмыс істеген. Ә.Қасымұлының өмірбаяны мен шығармашылық қызметі әлі де болса зерттелмеген аса күрделі мәселе болып табылады . Осыған байланысты, біз мұрағат қорларында табанды түрде ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде алынған Қосанов Бағдат Мақұлбекұлының «Ана тіліндегі алғашқы математика оқулықтары» деп аталатын монографиясынан мәліметтер келтірейік. «Бұл деректер негізінен алғанда , «Личное дело преподавателя образцовой школы №12 Касымова Альмагамбета» деген атаумен 1925 жылдың 25 - тамызында басталып , 1937 жылдың 31 - қазанында аяқталған iске жинақталған екен . Назар аударалық жағдай , істін сыртындагы «1937 жыл» деген жазу белгісіз біреудің қолымен «1927 жыл» деп әдейі түзетілген , ол анық көрініп тұр. Барлығы 33 беттен тұратын осы істің басында Ә.Қасымұлының қысқаша өмірбаяны мен аткарған қызметіне төмендегідей сипаттама беріліпті» (Монографияда мәліметтер түпнұсқасы бойынша орыс тілінде берілген, біз қазақ тіліне аударуға тырысып көрдік.): Қасымұлы Әлмағамбет (түпнұсқа бойынша Касымов Альмагамбет). Туған жылы: 1889. Туған жері: Торғай ауданы, №9 ауыл. Ұлты: қазақ. Әлеуметтік мәртебесі: қызметкер. Мамандығы: оқытушы. Жұмыс орны: №12 қазақ мектебі. Атқаратын лауазымы: оқытушы. Мекеменің мекен-жайы: Ленин даңғылы – Госпитальной қиылысы. Соңғы жұмыс орны және жұмыстан босату себебі: Орынбор жұмысшы факультеті, оқытушы, қалауы бойынша. Білімі: Жоғары. Монографияда тағы да мұрағаттан алынған мынадай деректер көрсетілген: Ғылыми еңбектері: 1) бірегей еңбектері: арифметика бойынша есептемелердің II, III, IV бөлімдері; 2) аударма еңбектері: "Мектептегі Ленин сағаты", "Жердің даму тарихы және Жердегі өмір" және т. б. Еркін меңгерген: Орыс тілі. Кәсіподақ мүшесі: Жұмыс сұранысы. Кәсіби тәжірибесі: 1919 жылдан бастап. Марапаттаулар: Әулие Ата қаласындағы екпінді жұмысы үшін Казпедтехникумының грамотасы. Әлмағамбет Қасымұлы 1937 жылы өзіне қатысты саяси қуғын-сүргін үдей түскен кезеңде Қазақстан оқу-ағарту Халық Комиссарының атына арыз жолдаған болатын. Алайда, Ә.Қасымұлына тағылған айып өмірінің соңына дейін оның артынан қалмады. Ақыры көп ұзамай-ақ, тұтқынға алынып, сталиндік репрессияға ілікті. Бастауыш сыныптарда математика әдістемесін ғылым ретінде қалыптастыру бірінші кезекте бастауыш білім беру мазмұнын әзірлеумен байланысты. Осы міндеттерді шешуге М.Дулатұлы, К.Жәленұлы, Ә.Қасымұлы, Қ.Сәтпаев, Е.Омарұлы және басқалары өз үлестерін қосты. Математикадан қазақ мектебіне арналған төл оқулықтарды жазу бағытында М.Дулатұлының «Есеп құралы» жарыққа шығуынан бастау алатын игі істі жалғастырушы және дамытушылардың бірі Әлмағамбет Қасымұлы (1889-1937жж.) болды. Оған Ә.Қасымұлының математиканы оқыту әдістемесінің қалыптастыру бағытында атқарған істері дәлел бола алады:

1) Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өміріне араласып Алаш партиясының белсенді мүшелерінің бірі болды. Сондықтан да біз оны, ең алдымен, қоғам қайраткері ретінде танимыз.

2) Оқу-ағарту мәселелерімен тынбай шұғылданып, мектептер мен педагогикалық оқу орындарында ұстаздық қызметтер атқарды (1925 жылға дейін уездік оқу бөлімінің меңгерушісі, 1925-29 жж. Қызылорда Қазақ халық ағарту институтында, 1929-30 жж. Орынбор қаласындағы рабфакта, 1930-34 жылдары Әулиеатадағы педагогикалық техникумда, 1934-37 жж. Алматы қаласының №12 қазақ орта мектебінде мұғалім болып істеген).

3) «Жаңа мектеп» (кейінірек «Ауыл мұғалімі») журналында қазақ мектебінде математиканы оқытуды ұйымдастырудың келелі мәселелері жөнінде бірқатар мақалалар жазды: «Ұзындықты өлшеу», «Пішіні төртбұрышты нәрселерді стақандағы суға салып, көлемін өлшеу», «Жаратылыстану сабағы», «Ауданды өлшеу».

4)Қазақ мектебіне арналған «Есеп құралы» атты бірнеше оқуқұралдарын жазды және мынадай еңбектері жарияланған:

- «Есеп құралы. 3-жылдық» (1927ж., бірнеше мәрте басылған);

- «Есеп құралы, 4-жылдық» (1928ж., бірнеше мәрте басылған);

- «Есеп құралы. 2-жылдық» (1929ж.).

Қасымұлының қазақ бастауыш мектебінің 3-інші және 4-інші сыныптары үшін тұңғыш математика оқулықтарын жазып сол кезең үшін аса күрделі мәселені шешуі, сондай-ақ педагогикалық қызметі және мерзімді басылымдарда математиканы оқытуға байланысты әдістемелік мақалаларының жиі жариялануы оның математиканы окытудың ғылыми-әдістемелік мәселелерімен жан-жақты айналысқанын айғақтай түседі. Ә. Қасымұлының «3-жылдық есеп құралының» (бұдан әрі - 1-кітап) қысқаша мазмұны көп таңбалы сандардың нумерациясы және оларға қолданылатын арифметикалық амалдар, атаулы сандар және метр өлшеуіштері, ондық бөлшектер мен жай бөлшектер арифметикасы, проценттік есептеулер, жер өлшеу жөніндегі жұмыстар және геометрия элементтері, диаграммалар салу мәселелерін қамтиды. «4-інші жылдық есеп құралының» мазмұнын сандардың бөлінгіштігі, жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану, жай бөлшекті ондық бөлшекке (және керісінше) айналдыру, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және теңдеу құрып есептер шығару, геометрия элементтері және жер өлшеу мәселелері, процент, сандарды дәрежелеу, диаграммалар салу сияқты мәселелермен байланысты материалдар құрайды. Сонымен катар екі кітапта да есеп шығару мәселесіне айрықша мән беріліп, есептер арнайы тақырыптар бойынша (мал шаруасы, еңбекті тұрмыс, аймақтану т.б.) топтастырылып ұсынылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет