МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ



бет12/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
МӨЖ

І бөлімінде Кәрім Жәленұлы қазақ даласындағы бұрынғы ескі мектептердегі оқыту әдістерін сынай отырып, жаңадан құрылып жатқан мектептерде оқыту мәселелерін ретке салу үшін өнер - білімі артық, мәдениеті озық Еуропа елдерінен үлгі алуға шақырады. Ескі мектептерде молдалар балаларды тек қана жаттап алуға ғана үйретеді, ал Еуропа мектептерінде мұгалімдер «…балаларға бас - көз болып, оларға тұрмысқа керекті ғылымнан мағлұмат беріп, не жайында сөйлесе, соны көрсетіп, балаларға істететіпдігін" атап корсетеді. «Тек қана олардың өз ақылымен істегепі білім болып табылады, Қанша түсіндірсе де қанша әдемі сөйлеп, балаларды қызыктырса да жалаң сөз түпкілікті ойдан шықпайтын, ұмытылмайтын білім бола алмайды» - дей отырып, автор оқытудың әдіс - тәсілдерін жетілдіру керектігіне ерекше назар аударады. Ол сондай - ақ «Жаңа бағытпен оқыту бірқатар үлгілі мектептерде болмаса, көбінесе ескі ізбен кетін бара жатыр», -деп қатты алаңдаушылық білдіре отырып, Кеңес өкіметінің ескі мектептердің түрін өзгерткенімен, осы уақытқа дейін жаңа бағытпен оқыту мәселесін жүзеге асыра алмай отырғандығын сынға алады.

Дегенмен де, К.Жәленұлы жаңа типті мектептерді көптеп ашуды қажет деп түсініп, оның казак жұртшылығы үшін мүлде тың дүние болса да жасау мектеп бағытының тұрмысымызға сініп үйреншікті болып кететіндігін ескертеді. Ол мұғалімдер дайындау мәселесіне де қатты назар аударады. Бұл жөнінде былай деп жазады: «Жаңадан шығатын мұгалімдерімізге жақсы тәрбие беріп, оқыту өзгерістерімен таныстырып, жаңа мектепке жаңа мұғалімдер даярлауымыз керек».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет