МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ


Ғ.Бегалыұлының бастауыш саныптарды оқыту әдістемесіне қосқан үлесі



бет20/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
МӨЖ

Ғ.Бегалыұлының бастауыш саныптарды оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Ғали Бегалыұлының әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның «Үлкендерге бастауыш есеп» (1930), «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мектептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектерінің өз кезеңінде бастауыш сынып мектептерінде оқыту жүйесі үшін маңызы зор болғанын атап өту қажет.

Өзге де замандас қаламдастары сияқты Ғ.Бегалыұлы қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту мәселесіне, алфавиттік жүйе мен байланысты өз пікірін білдіріп отырған. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде математика сабағын оқытудың тиімді жолдарын ұсынып, құнды ойлар айтады. Сабақтың өту процесін терең меңгерген ғалым тақырыпты оқыту барысында мұғалімнің алдынан шығатын қиындықтарды алдын-ала шамалап, одан шығудың жолдарын да көрсетіп береді.

Ғали Бегалыұлы оқулықтарындағы білім мазмұнын қамтитын мәтіндер мен әңгімелер бастауыш сынып баласының  бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Ондағы түрлі танымдық сұрақтар мен тапсырмалар қалыптан тыс ойлауға, өз бетімен жұмысқа, ғылыми көрегендікке баулуға және жоғары қиындыққа негізделе құрылғанына көз жеткіземіз.

Сонымен қатар, Ғали Бегалыұлы оқушыларға бір типтегі орынсыз сұрақтар бере бергеннен гөрі, мұғалімнің мәтінді өзі оқып, ішіндегі түсініксіз атауларға сілтеме жасағаны орынды деп санайды. Демек, шәкірттің оқуға ұмтылысының алғашқы сатыларында қиындық тумауын ерекше ескерген. Ғалым сабақ үрдісінде кері байланыстың жүйелі жүзеге асуын қатаң талап еткен, жаңа материалды меңгертуде ауырлық, салмақ  түсірмеу, жеңілден ауырға қарай жүру және жалқыдан жалпыға ұстанымдарын қатаң сақтауды ескерген. Оқушыны қайталаудан сақтап, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыруды көздеген.

Әдіскер Ғали Бегалиев мұғалімдердің оқытудағы әдістемелік шеберлігін жетілдіру үшін іске асырылуға тиісті шаралар ретінде мыналарды көрсетеді:

1.Тәжірибелі мұғалімдердің сабақ беру процесін киноға түсіріп тарату. Ғали Бегалиевтің пікірінше кино таспасынан методикалық кітаптан табыла бермейтін сабақтың қалай берілуі, мұғалімнің балалар алдындағы тәрбиелік такті, дидактикалық шеберлігі, жүріс-тұрысы, даусы, түсіндіруі, ойлатуы, оқытуы тәріздес көптеген мәселелер ап-айқын байқалады.

2.Педучилищелер мен педагогикалық жоғары оқу орындарында әдістеме сағаттарын көбейту, өндірістік (педагогикалық – А.О.)практиканы бірнеше айлық ету.

3.Әдістемелік оқулықтар жазу. Автор пікірінше, тақырыптық және тақырыпшалық әдістемеге баса назар аудару керек. Өйткені әдістемені жалпы меңгеру мүмкін емес және жалпылама білудің пайдасы да шамалы, «сондықтан мұғалім тілдің бір тақырыбын не тақырыпшасын оқытпақ болса, ол жазылатын оқулықтан сол тақырыпшаны оқытудың методикасын бірден тауып алатындай болсын».

4.Әдістеме сабағын мұғалім жүргізуі тиіс, мұның шарасын халық ағарту орындары ойластыруы керек; педагогикалық жоғары оқу орындарындағы курстық жұмыс тақырыптары тізіміне әдістемелік тақыптарды көбірек енгізіп, ғылыми конференцияларда әдістемелік мәселелер де талқылануы тиіс. Педагогикалық оқу орындарын бітіруші студенттер әдістеме бойынша мемлекеттік емтихан тапсырсын.

Осы сияқты әдістеме саласындағы істелінуге тиісті қыруар жұмысты айқын сезіне білген ғалымның жоғарыда санамалап көрсетіп берген маңызды шаралары қазірде жүзеге асырылуда. Ол сөз болған өндірістік практика жөнінде ғалым өзінің  ертеректе шыққан жоғары оқу орындарында тәжірибе сабақтарына байланысты өзекті проблемаларды қозғай отырып, «Бастауыш мектепке көңілдегідей мұғалім әзірлеу үшін  оқытушылар даярлайтын жоғары оқу орындарының өздеріне дербес бастауыш мектеп керек.Ондай бастауыш мектептерде мұғалім болып шығатын студенттер үнемі сабақ беретін болуы қажет. Ол студенттердің жұмысын тәжірибелі оқытушылар үнемі  басқарып отыратын болуы керек» деп, батыл ұсыныстар жасайды.Өйткені студенттердің бір-бір жарым айлық тәжірибе сабақтарының уақыт қысқалығы былай тұрысын, өз дәрежесінде көңіл толтырарлықтай  болып өткерлуінің өзі әр қашан бола бермейтіндігі оның наразылығын туғызды. Сондықтан осындай батыл ұсыныс-пікірге, бұрын қолданыста болмағандықтан көпшіліктің тосырқап қарайтындықтарын да жақсы білген ғалым Ғ.Бегалиев қайткенде де студенттердің теориялық білімі өз алдына, тәжірбені де жинақтап баруының жолдарын тынымсыз іздестіреді.

Ғали Бегалиев еңбектерінің әдістемелік, дидактикалық ерекшеліктерін сол оқулыққа көмекші құрал ретінде жазылған әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік еңбектер анықтап береді. Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда мұндай әдістемелік еңбектердің көмегі шексіз. Әдістемелік еңбектер белгілі ғылым негізіне сүйеніледі. Ғылым негізі іс-тәжірибелермен түйіледі. Ендеше Ғали Бегалиевтің әдістемелік мұралары бүгінгі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда құнды баға жетпес құндылық болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет