Қорытынды
Қазақ балаларының білім алуға бет бұрып, математикалық білімдерінің қалыптасуында, қазақ тіліндегі математикалық төл оқулықтардың маңызы зор. Осы тұрғыда Ә.Қасымұлы қазақ бастауыш мектебіне арнап, «Есеп құралы» атты еңбегін жазды. Ә.Қасымұлы – аса білікті әдіскер-математик. Оны «Есеп құралы» оқулығының мазмұнына талдау жасау барысында байқадық. Автор оқулықты құрастыру барысында, қазақ балаларының математикалық терминдерді ұғынуына жеңіл болатындай әдістерді қолданған. Мысалы, сол кездегі қазақ баласына қиындау тиетін тұжырымдар мен қағидаларды аса түсінікті, әрі қарапайым тілмен баяндаған. Бұл жерден автордың әдістемелік шеберлігі тағы да бір қырынан таныла түседі.
Ал енді қорытынды ретінде Ә.Қасымұлының «Есеп құралы» оқулығына жалпылама баға беріп өтейік:
Оқулықта қарастырылатын білім көлемі қазіргі оқулықтардан әлдеқайда кең.
«Есеп құралдары» сол кездегі озық әдістемелік-математикалық идеялар негізінде дайындалған оқулық болып табылады.
Оқулықта берілген есептер қарапайым, жеңіл тілмен түсіндірілген және практикалық мазмұнды есептер қарастырылған.
Тапсырмалардың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық сипаты жоғары деңгейде.
Достарыңызбен бөлісу: |