МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ



бет19/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
МӨЖ

МӨЖ

Тақырыбы: «Ғ.Бегалыұлы және оның бастауыш сыныптырға арналған математика оқулықтары»

Орындаған: ММОК 202 V команда Рақым Алтынай

Сатыбалды Ақерке

Сатынай Жансая

Сахиева Жанат

Сейтқазиева Айгерім

Сыдыкова Динара



Қабылдаған: п.ғ.к., доцент Қосанов Б.М

Алматы, 2021



МАЗМҰНЫ

1

2

КІРІСПЕ

Ғали Бегалыұлы

2.1

Ғ.Бегалыұлының бастауыш саныптарды оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

2.2

Ғ.Бегалыұлының бастауыш сыныптырға арналған математика оқулықтары

3

ҚОРЫТЫНДЫ




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқытудың теориясы мен өзіндік тәжірибесін қалыптастыру бағытындағы қазақ зиялыларының көп күш-жігер жұмсап, аянбай тер төгуінен бастау алатын игілікті істі жалғастырушы, дамытушы және тың істерді атқарушылардың бірі отандық тарихта өзіндік орны бар Ғали Бегалыұлы Бегалиев болып табылады.

Ғали Бегалыұлы - бастауыш мектептегі берілетін білім мазмұнын анықтау мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері жайында құнды ой-пікірлер айтқан, жалпы ана тілінде сауат ашу және математиканы оқыту мәселелерімен жүйелі түрде айналысып, соған көп күш-жігер жұмсаған педагог. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлер, соның ішінде Ғали Бегалыұлының әдістемелік мұралары болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда маңызды болып табылады.

Оның қаламынан елуден астам  ғылыми-әдiстемелiк еңбек шықты. Бастауыш сыныптарға арналған математика  жөнiндегi  алғашқы  оқулықтардың,әдiстемелiк  көмекшi құрал-дардың тұңғыш авторларының бiрi бола отырып, ол ұлт мектептерiнiң  Қазақстанда  әдiстемелiк  ғылымның  дамуын  елеулi үлес қосты.

Ғали Бегалыұлы жалпы әдістеме мәселелерімен бірге осы білімді үйретуші маман мұғалімінің біліміне, әдіскерлік шеберлігіне де баса назар аударады. Сонымен қатар пәннің оқушылар арасындағы беделі де оны оқытушы мұғалімнің шеберлігіне байланысты, мұғалім өз пәнін қалай жолға қойса, оған деген көзқарас та соған икемделе қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларына жүйелі білім беру- бастауыш сынып мұғалімінің методикалық шеберлігі мен біліміне тікелей байланысты. Бастауыш сынып мұғалімі өз пәнін және оның әдіс-тәсілдерін неғұрлым терең біліп, оқыту сапасын жақсарта түссе, пәннің беделі де артады, оқушылардың үлгерімі де жоғары сатыға көтеріледі деген ойда болды.

Ғали Бегалыұлы

Ғали Бегалыұлы Бегалиев 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген. Ол 1966 жылға дейін Алматы қаласында өмір сүреді. 1907 жылы Қазандағы Мухамедия медресесінде оқиды. 1907-1909 жылдары Торғай облысында мұғалімдік қызметте болады. 1910-1912 жылдары Орынборда орысша курсты бітіріп, Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1918 жылы Орал қаласында бірыңғай еңбек мектептерінде мұғалімдер даярлайтын курс ұйымдастыруға қатысып, онда негізгі пәндерден дәрістер оқиды.1922-1924 жылдары Орда қаласындағы педагогикалық техникумда мұғалімдік қызметте болады. Ал 1924-1930 жылдары Орал қаласындағы «Қызыл Ту» газетінде, Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газеттерінде істейді. Осы жылдары КазПИ-де қазақ тілінен және қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ береді. Қазақ ССР оқу министрлігінде инспектор болып жұмыс та істейді. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудің әдіскер – тілшілер даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты атағын алады.

Ол әдістемелік еңбектерінде бастауыш сыныпта өтілетін негізгі тақырыптарды қарапайым да терең талдай отырып, мұғалім ұстануға тиісті негізгі тәсілдерді белгілеп береді. Грамматикалық жеке тақырыптарды оқытудың әдістемесін жасайды. Қазақ орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазып, білім беру мазмұнын ғылыми негіздеуге ат салысты. Орысша - қазақша және қазақ 7 тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға қатысты. Сонымен қоса, Ғали Бегалиевтің бастауыш қазақ мектептерінде математиканы оқыту әдістемесіне қосқан үлесі әте зор. Оның осы салаға байланысты жазған еңбектері:

«Үлкендерге бастауыш есеп» (1930);

«Есеп құралы. Бірінші жылдық» (1930ж);

«Есеп сабағы» 1-басылуы (1931ж) атты оқулықтары мен оқу құралдары бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет