Ғ.Бегалыұлының бастауыш сыныптырға арналған математика оқулықтары
Ғали Бегалыұлының бастауыш қазақ мектептерінде математиканы оқыту әдістемесіне қосқан үлесі әте зор. Оның осы салаға байланысты жарық көген еңбектері: «Үлкендерге бастауыш есеп» (1930), «Есеп құралы. Бірінші жылдық» (1930ж). «Есеп сабағы» 1-басылуы (1931ж) атты оқулықтары мен оқу құралдары бар.
Ғали Бегалыұлының «Есеп құралы» атты еңбегі 1930 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан баспасынан шығарылған. Кейін 1931 жылы бұл оқу құралы түзетіліп, толықтырылып шығарылады. 1930 жылы Қызылорда қаласынан шыққан «Есеп құралы» оқулығының көлемі 75 бет, ол үлкен 4 бөлімнен тұрады. Оқулықтағы есептердің тақырып аясы кең, олар көбіне қазақ баласына таныс, жеңіл әрі қоршаған орта жағдайына байланысты, мал шаруашылығы, сауда - саттық мәселелеріне, сондай-ақ мектеп жағдайына байланысты болып келеді. Әр бөлімді алып қарағанда назар аударатын жай - есептердің жыл мезгілдеріне сәйкес келуі, оқушылардың демалыс күндері, мерекелері, сол кездегі ауыл тұрмысын бейнелейтін есептер көптеп кездеседі.
Оқулықтың мазмұны және онда қамтылған материал көлемі мен оның орналастыру ретін қысқаша аша түсетін болсақ:
I- Бөлім: «10-ның ішіндегі сандар әр қайсысы жеке қаралып, ауыз екі есептеуге, жазуға, оқуға үйретіледі». Мысалы: 1 саны беріледі, мысалдар көрсетіліп содан 1 санының баспа, жазба түрі беріледі. Кейінгі сандар да 2 ден 10-ға дейін «топтап есептеуге үйрету» әдісін пайдаланып, сандар таныстырылады. Қосылма шығатын қалдық сандар, қалдықты табуға жаттықтырылады. Ауыз екі шапшаң, дұрыс есептеуге дағдыландырылады. Бірте - бірте қосу, азайту амалдарымен таныстырылып, соңында төрт амал есептер шығартуға үйретіледі. Алғашқы кезде цифрлардың жазба, баспа түрлері беріледі. Бөлімдегі тақырыптар реті былай келеді:
1. Қосылма сандардың бірі-1, шығатын сан-1, қалдық-1. Мысалы: 8+1, 9-8, 10-9.
2. Жиынтық пен қалдықты табу. Мысалы: 6+3; 7-2.
3. Қосылма сандардың біпіншісі екіншісінен көп, шығатын сан қалдықтан аз. Мысалы: 4+3, 5+4, 10-3, 9-3.
4. Екінші қосылма сан біріншіден көп, шыгатын сан қалдықтан көп. Мысалы: 2+8, 3+5, 7-5, 9-2.
5. Тең қып бөлу, тең сандарды қосу 4+4, 5+5, 3+3 ягни, мұнда оқушылар көбейту амалымен танысады Мысалы: 2+2+2=2×3; 3+3+3=3×3
6. Тең қып б-лу, бөлу амалымен таныстыру жүреді. Мысалы: 10:2, 4:2, 6:3, 8:2.
II- Бөлім: «20-ға дейін қосу». 20-ішіндегі сандармен таныстырылып төрт амал үйретіледі, есептерді шығартуға жаттықтырылады:
5+6+3+2
Тақырыптармен таныстырып болған соң бағдарламаға сәйкес мысал есептер беріледі. Әр тақырыптың не тараудың соңында қосу, алу, көбейту бөлу амалдарына байланысты есептер тақырыпқа сәйкес беріліп отырады.
III- Бөлім: «100 ішіндегі сандарды жазуға үйрету, дөңгелек: ондықтар».
Бұл бөлімнің ерекшелігі – өлшеулер метр, грамм, килограмм, тоннаның берілуі және олардың салыстырмалы көрсетілуі, айрмашылығы мен ұқсастығын ажыратуда оқушыларға қолайлы әрі жаңа материалды меңгерулеріне көмектеседі.
IV- Бөлім: «100 ішіндегі сандар, төрт амал есептері». Бұл бөлімнің мақсаты жүз ішіндегі сандармен таныстыру, екіншіжылғы есеп сабағына негіз құру.
Қазақ тіліне икемделген, латын графикасымен жазылуы қазақ оқушысы мен мұғалім қауымына түсінікті болу жағы ескеріліп, өте сәтті де көңілге қонымды қазақы атаулардың қолданылуы, мазмұны жағынан қазақ халқының мәдениеті, тұрмыстық және ұлттық ерекшеліктерімен сабақтасып жатуы- оқулықтың құнды ерекшелігі болып табылады. Мазмұны мен сапа жағын салыстырмалы түрде алып қарағанда, математиканы оқытудың әдістемесі талап деңгейінде жазылған.
Ғали Бегалыұлының осы оқулығында басынан аяғына дейін есептер мол әрі ауқымды берілген. Әрбір тақырып есеп шығарумен қорытындыланып отырады, есептер тақырын ыңғайына қарай бірітіндеп күрделене түсетіндей етіп, әдістемелік ретпен орналастырылған. Жыл мезгілдеріне байланысты, бағдарламаға сәйкес: күзгі жаратылыс, қыс түсуі, жазғы тұрға бет алу, жазғы тұрғы тұрмыс есептері болып бөлініп беріледі.
Ғали Бегалыұлының құралындағы терминдік сөздер шұбарланбой, мүмкіндігінше математикалық терминдер үлгісінде қалданылуы тұрғысынанда ерекше бағалауға болады. Сонымен бірге, Ғали Бегалыұлының «Есеп құралының» қазіргі күні қолданылмайтын терминдері де кездестіруге болады, және де бұл терминдер сәйкес ұғымдардың мән -мағынасын ашуда қазіргі терминдерден кем түспейтіндігін байқауға болады. Мысалы: үшкіл - үшбұрыш: алу, шегеру - азайту; ауызбен санату - ауызша санау; қалынды – айырма; азаяр - азайғыш.
Ғали Бегалиевтің «Есеп құралы бірінші жылдық» атты оқулығы оқу бағдарламасы мен әдістемелік талаптарға сай жазылған. Осы оқулықта әдістемелік жүйенің математика пәнінің ерекшеліктеріне байланысты оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері мен құралдары келтіріледі. Оның ішінде оқытудың мақсаты қазіргі бастауыш мектепте математиканы оқытуда көзделетін білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешу ретінде көрінеді. Оқулықтың әдістемелік әрбір тарауы мен тақырыптарында бұл міндеттер танымдық есептер түрінде нақтыланып, оларды шешу барысында жүзеге асырылып отырады. Оқытудың мазмұнын нақты ашу үшін Ғали Бегалиев қазақ баласының ұлттық ерекшеліктерін қазақ халқының әдет ғұрпы мен салт дәстүрін, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін, аймақтық, экономикалық ерекшелігін негізге алған. Әрбір берілген тапсырма өмірмен, тұрмыспен және қазақ баласын қоршаған ортамен жанастырылып беріліп отырды. Ғали Бегалиевтің математика оқулықтарының бүгінгі күн үшін маңызын мына тұрғыдан ерекше бағалау керек. Ол - математика ұғымдарының түсінікті етіп жеткізу мақсатынып көзделуі болып табыласында да «Есеп құралы» оқулығынан бүгінгі әдістемелік - математикалық ғылыми тіліміздің деңгейін жоғары көтерер көптеген терминдерді кезестіруге болады.
Ғали Бегалыұлының «Есеп құралынан» бастауыш қазақ мектебінде математиканы оқытудың өзіндік әдістемелік жүйесін жасауда бағыт-бағдар берерлік басқа да көптеген құнды идеяларды кездестіруге болады. Атап айтқанда математиканы оқытудың мына сияқты дербес мәселелеріне қатысты озық әдістемелік идеялар бар: ауызша және жазбаша есептеулердің ара салмағын анықтау; көбейту мен бөлудің орындалу реті әрі тәрті көрсету; геометриялық материалдарды оқыту оларға анықтама беру; есеп және оны шешу процесін оқыту, есеп мазмұнының оқушыға таныс оқиғалармен оқушы үшін танымдық міндеттермен сабақтасып жатуы, есеп материалдары ретінде Қазақстан географиясына, экономикасына байланысты мәліметтердің кеңінен пайдалануы: оқушылардың жер бетіндегі өлшеу жұмыстарын жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру; шамалар және оларды өлшеу мәселелерін оқыту; алгебралық материалды оқыту т.с.с. Сонымен қатар есеп құралында пәнаралық байланыс қарастырылып оқушылардың еңбекке деген көзқарсын қалыптастыруға, олардың санасына әртүрлі шаруашылық саласына байланысты еңбектің мән - мағынасы мен маңызын жеткізуге, адам еңбегін бағалауға зерттеуде ерекше көңіл бөлінгені аңғарылады. Мысалы, есептер «Жазғы күнгі тұрмыс», «Мал шаруасы», «Егін мәселесі», «Қысқы тұрмыс» деген сияқты тақырыптармен таптастырылып беріледі. Математиканы сызу, бейнелеу өнергі пәндерімен байланыстыра оқытудың нышандары бой көрсетеді. Әр түрлі суреттер салу, геометриялық материалды оқытуда тұрмыстық мәселелерге байланысты әр алуан геометриялық фигуралардың сызбаларын сызуға үлкен мән береді. Сонымен бірге статистика білім салаларына қатысты материалдардың да жиі кездесетінін есептер бар. Ғали Бегалыұлының «Есеп құралы. Бірінші жылдық» құралында берілген есептеу саны-125-ке жуық. Амалдарды оқып-үйренудің жоғарыда көрсетілген реті бойынша алдымен жай есептер, содан кейін құрама есептер алмасып беріліп отырады. Дайындық кезеңі, сандармен таныстыру үйрету барысында көрнекілік әдісі басшылыққа алынып орындалады. Әр тақырып, тарау соңында алған білімдерді бекітіліп, қорыту тапсырмалары беріледі. Бұл еңбектің қазіргі және болашақтағы қазақ мектептері үшін маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |