Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Саятшылықта қолданылатын кәсіби атау сөздер және ұғымдар



бет21/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

Саятшылықта қолданылатын кәсіби атау сөздер және ұғымдар.
Академик Ә. Марғұлан «қазақтар құс атаулыны бір – біріне қарама-қарсы екі үлкен топқа – желбесін құстар және тұяқты құстар» деп бөледі дей келіп ары қарай:

  • Етін жеп, мамық жүнін кәдеге жарататын қазақтар «желбесін құстар» деп атаған құстарға су құстары мен суға жүзе алмайтын қыр құстарын жатқызады.

  • Тұяқты құстар тобындағыларға қазіргі ұғыммен қыран құстарды жатқызады. Оларды қолға көндіріп аң алатын «қыран заттылар» немесе аушы құстар және «керексіз заттылар» деген екі топқа бөледі.

  • Құсбегілікте қолданылатын құстарды үлкен аушы құстар және кішірек қыран құстар деп екі түрге бөледі. [25]. (70бетте қайталанады)

Жетісу бойында 1900-1906 жылдар аралығында зерттеу жүргізген венгр зерттеуші Алмаши Георгу «қазақтар аушы құстарды биікке самғайтындар және аласада қалықтайтындар, аласада қалықтайтындарға жағалтай, тұрымтай, қырғиды жатқызады және оларды «nо, nо» деп шақырады, ал басқаларын биікке қалықтайтындар» бөледі деп жазады [14].
Орта Азиядағы құсбегілікті арнайы зерттеген Г.Н. Симаковтың пайымдауынша, олар аушы құсты сұңқар тектестер және қырғи тектестер және бүркіт деп негізінен үш топқа топтастырады [134].
Аушы құстарды қазақтар бүркіт, сұңқар және қаршыға тектестерге бөледі. Сұңқар тектестерге ителгі, лашын, ақ сұңқар, тұрымтай, күйкентай, бидайық, жағалтайды жатқызады.
Ал қаршыға тектестерге тұйғын, қырғи, тұнжыр, қаршыға, мықи торғайды жатқызады.
Ұлттық спорттың үш түрінде кездесетін ұғымдар мен атау сөздерге шолу жасай келе, халық арасында кәсіптік сөздер мен ұғымдардың көп екендігін көруге болады. Сонымен қатар ел арасында әлі де бір жүйеге түспеген ұғымдардың бар екендігі, олардың қолданылуы әр жерде әртүрлі мағына беретіндігі анықталып отыр. Осы жағдайлар болашақта ұлттық ойындар мен спортқа арналған арнайы кәсіби сөздіктің қалыптасуының қажеттілігін көрсетеді. Ортақ кәсіби сөздіктің қалыптасуы оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ережелер жазуда, маман кадрлар, спортшылар даярлауда бірізділікті қалыптастырып жұмыс сапасын арттырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет