Мұрын қуысының


Мұрынның клиникалық физиологиясы



бет4/5
Дата28.05.2023
өлшемі77,57 Kb.
#177841
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ì?ðûí ?óûñûíû?

Мұрынның клиникалық физиологиясы.
Адамдар үшін мұрын арқылы тыныс алу қалыпты нормадағы жағдай. Мұрын тыныс алу, қорғаныш, резонаторлық және иіс сезу қызметтерін орындаудан басқа, сол сияқты тыныс алысты және көзден жас ағуды реттеуге қатысады.
Тыныс алу қызметі.
Ішке тыныс алу уақытында, кеуде қуысының теріс қысымына байланысты ауа мұрынның екі жартысына ұмтылады. Ауа ағысы танау арқылы басында мұрынның жалпы және жартылай ортаңғы жолымен жоғары бағытталады, содан соң хоана жақтан тарту күшінің жалғасуына байланысты ауаның негізгі көпшілігі мұрынның ортаңғы жолы деңгейінде доға тәрізді төмен қарай иіліп хоаналарға барады. Сыртқа қарай тыныс шығарғанда ауаның күші (тегеуіріні) мұрын-жұтқыншақтан хоаналар арқылы шығады, сондықтан ауаның көпшілігі мұрынның төменгі жолдары арқылы өтіп сыртқа шығады. Сөйтіп, тыныс алу көбінесе тыныс алу аймағы арқылы жүзеге асады (regio respiratoria) – мұрынның түбінен мұрынның ортаңғы кеуілжірінің төменгі шетіне дейін. Ішке тыныс алғанда қосалқы қойнаулардан ауа бөлігі шығады, бұл ішке баратын ауаның жылынуына және ылғалдануына мүмкіндік туғызады. Сыртқа қарай шығатын ауаның біраз бөлігі қосалқы қойнауларға енеді. Тыныс жолдарының барлық қарсыласуының (кедергісінің) жартысына жуығы (45%) мұрын қуысында жатыр, бұл мұрын жолдарының біршама енсіз және иректеніп жатуына және оның қабырғалары беттерінің ойлы-қырлы болып келуіне байланысты. Бұл қарсыласудың физиологиялық негізі (дәлелі) бар – ауа ағысының қысымы мұрынның сілемейлі қабығында демалу рефлексінің қозуын шақырады. Егер тыныс алу ауыз арқылы орындалса, онда ішке тыныс алу онша терең болмайды, бұл организмге келіп түсетін оттегі мөлшерін азайтады және бұның өзі нерв, тамыр жүйелеріне және басқа жүйелерге әртүрлі патологиялық әсерін тигізуі мүмкін, әсіресе балаларда.
Қорғаныш қызметі.
Ішке тыныс алу кезінде мұрын жолдары механизмінің көмегімен өткен ауа жылынады, ылғалданады және тазаланады.
Ауаның жылынуы мұрын қабырғалары беттерінің жылылығы есебінен жүзеге асады, мұрын қуысы қабырғаларының тегіс еместігі арқасында, оның көлемі үлкен болады. Төменгі және жартылай ортаңғы кеуілжірлердің сілемейлі қабығында орналасқан кавернозды денелер ауаны жылытуға арналған тамырлы аппарат болып есептеледі. Суық ауа тітіркендіргіш фактор ретінде кавернозды кеңістіктің өте жылдам рефлексті кеңейіп-үлкеюіне және қанға толуына итермелейді, сол сияқты оның беті үлкен болады, осыған сәйкес мұрын жолдарының ені тарылады. Бұл жағдайларда ауа мұрын қуысынан тым жіңішке ақырын ағыспен өтеді және сырттан келген ауа олармен ұзағырақ қатынаста болады, осыдан оның қарқынды (интенсивті) жылынуы жүреді. Сырттан келген суық ауа қан тамырларына аса бай мұрын қуысының сілемейлі қабығына жақындаса келе адам денесі температурасына дейін жуықтап жылыйды (32-36°С).
Ауаның ылғалдануы мұрын қуысын жабатын сілемейлі қабықтан дымқылға қанығуы есебінен болады. Мұрын сілемейі қан тамырларынан, сілемейлі бездерден, көзжас безінен сұйықтықтың және тін аралық саңылаудан лимфаның шығуы арқылы құрылады. Үлкен адам тәулігіне мұрын қуысынан бу түрінде 500мл сұйық заттектер бөліп шығара алады, бірақ бұның көлемі сыртқы ауаның температурасына, ылғалдылығына және басқа факторларға байланысты болады.
Мұрында ауаның тазаруы бірнеше механизмдермен жүзеге асады. Мұрынның кіреберісі арқылы ауа ағысының өтуі кезінде шаң-тозаңның ірі бөлшектері кіреберіс терісінің қалың жүн түктерімен ұсталынып қалынады. Бірінші фильтр арқылы өтіп кеткен тым кішкентай шаң-тозаңдар сілемейлі қабатқа шөгеді (түседі). Ауадағы әртүрлі кішкентай бөгде бөлшектер мен микробтардың 40-60% жуығы мұрын қуысындағы сілемейде (жалқықта) ұсталып қалынады да түшкіру арқылы тазартылып отырылады. Мұрын қуысындағы сілемейде муцин мен лизоцимнің барлығы және оның сорғыштық қабілетінің болуы мұның өзі әртүрлі микробтарды зарарсыздандырады. Сол сияқты мұрын қуысындағы сілемей (жалқық) жыбырлағыш эпители талшықтарының тербеліс қозғалысы арқылы хоанаға бығытталған, бұл кезде сілемейде мұрын-жұтқыншаққа қарай жылжиды. Эпители түк талшықтарының тербелісі белгілі бір ритмге бағынады, бір минутта 250 цикл жасайды. Сілемейдің (жалқықтың) сілемейлі қабық эпителиі арқылы мұрынның алдыңғы бөлігінен хоанаға шейін жалпы өту уақыты 20-30 минут болуы мүмкін. Мұрын-жұтқыншаққа жеткен сілемей әдетте түкірікпен бірге жұтылып және асқазанда соңғы зарарсыздандыруға ұшырайды. Сондықтан мұрынға тамыртарылтқыш тамшыларды ұзақ уақыт бойы тамызуға болмайды, өйткені олар жыбырлағыш эпителиасының ағызғыш (дренаждық) қызметіне жағымсыз әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет