«Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі» Орнындаған



бет3/3
Дата27.02.2020
өлшемі440,5 Kb.
#58621
1   2   3

Қорытынды.
Қорыта айтқанда, Мұстафа Шоқай өз уақытының перзенті, ірі тұлға болатын. Сталиннің Шоқайұлына шүйілуі тегіннен-тегін емес еді. Бүгін белгілі болғанындай, ол бірінші дәрежелі, ғаламдық масштабтағы қайраткер болатын. Оған Мұстафаның досы, Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі, профессор А. Шульгиннің: "Мұстафа —Бей мемлекеттік ірі қайраткер, аса көрнекті жазушы, әрі журналист болды, бірақ ол бәрінен бұрын өте тартымды адам еді, өзіндігі мол тұлға еді. Мұстафа-Бейді Түркістансыз көз алдына елестету мүмкін емес. Иә, ол өзінің жүрегімен де, өз Отанын, оның өткендегісі мен қазіргі сүрең келбетін бір минут та ұмыта алмайтын. Әйтсе де өзінің дәстүрлеріне адал күйінде қала отырып, ол өз бойына мейлінше әртүрлі адамдарды және тіпті бір-бірлеріне түсініксіз дерлік халықтарды өзара байланыстыра алатын әрі байланыстыруға тиісті аса бағалы, адамдық қасиеттердің бәрін дарыта білген", - деген сөзі толық дәлел.

Мұстафа Шоқайұлының тағы бір досы бұрынғы мемлекеттік Думаның мүшесі және Грузия Сыртқы істер министрі А.Чкенкели былай дейді: "Біз құрған "Кавказ, Түркістан және Украина халықтарының достығы қоғамында, ол әрине, елінің кеңдігіне қарай тиісті орнын алады. Мұстафаның Париждегі, Лондондағы, Женевадағы және Батыстың басқа орталықтарындағы қайраткерлік қызметі сан түрлі әрі жемісті болғандығы соншалық, олардың бәрін санап шығу мүлде мүмкін емес.

Ол менің күткенімнің бәрінен асып түсті, далалық азиаттан нағыз халықгың көсеміне айналды. Ол өте сабырлы, әрі бірқалыпты еді, бірақ жүрегі ыстығырақ болатын, қашан да өзінің жеке басының қауіпсіздігін ойламай, жақындарына жәрдемдесуге құлшынып тұратын.

Кеңес-Герман соғысы кезінде ол соғыс тұтқындарының бір лагерінде өз батылдығымен немістер еврей деп есептеп, атуға түскен бірнеше ондаған грузин жастарын атудан аман құтқарып қалды. Ол өз өмірін қауіпке тіге отырып, кешірілмес қателікті түсіндіру арқылы үкімнің орындалуын тоқтата алды. Міне, біздің Мұстафа осындай тағылық уақытта өмір сүріп, күресе білді. Ал, сенің есімің мен идеяң қашан да біздің арамызда. Халықтарымыздың достығының символы болып қала береді...".

Міне, Мұстафа-Бей Шоқайұлының иман, парасат ұялаған көлдария жүрегін, ұлы тұлғасын осы жолдардан-ақ терең сезінуге болады.

"Ұлы төңкеріс заманы алыптар туғызады" деп еді ертеректе бір дана. Амал не, біздің титандар топыраштар торына яғни Сталин заманына тап болып, қырылып қалды. Қазір бізді осы ұлт көсемдерінің өлетіндерін біле тұра, бой тасалап қашпағандығы таңғалдырады. Осындай ажал да бетін қайтара алмаған ұлы махаббат, халықты еріксіз ұйытатын асқақ рух жоқ жерде қоғам қайдан оңсын?

Сондықтан XX ғасырдың басында (1909) М. Дулатов: "... Оян, қазақ, көзінді аш, көтер басты" деп айтқандай, әлі де оянуымыз, алға ұмтылуымыз керек деп ойлаймын.

Бүгін бізге Мұстафа-Бей Шоқайұлының және онымен пікірлес, халықтың бағына туған көксерек таптың тағдырларын ойлап, опынғаннан пайда жоқ. Алтын құрсақты айналайын халқымыз ара-кідік болса да алыптарды тумай тұра алмайды. Ендігі үміт соларда. Олар ат жалынын тартып мініп, билік тегерішін қолына алып, бізді қыранша самалдатқанша, толық тәуелсіздікке жеткенше бәрібір Мұстафа Шоқайұлын егіле еске алуды қоя алмайтынымыз және ақиқат.

Көз аштырмаған қуғын-сүргінмен азамат соғысы аласапыранының, 1920-1923 және 1929-1933 жылдары аярлықпен жасалған ашаршылықтың азабынан тарихи тұрағынан тысқары жерлерді: Түркияны, Қытайды, Иранды, Ауғаныстанды, Моңғолияны, Шығыс араб елдерін, Еуропа мен Американы паналауға мәжбүр болған түркістандықтар (XX ғасырдың 30 жылдарына дейін Ресейде Қазақстан мен Орта Азияның мүсылман жұртын осылай атағанды) тайлы-тұяғы қалмай Тәуелсіздік алған 1990-1991 жылдардың арасында Шоқайұлы Мұстафаның дүниеге келуінің 100 жылдығын, һәм дүние кешуінің 50 жылдығын ардақтап атап өтті, сөйтіп, барша Түркістан ұлттарының тәуелсіз мемлекет, өз ықтияры өзіндегі ел болуын көксеген жанды өздерінің көсемі, дара батыры, Ақиқат жаршысы, Орта Азия мен Қазақстан халқының Бостандығы мен Теңдігінің жан аямас жоқшысы тұтып, оның рухына бас иді.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осы жылды Тәуелсіздіктің жылдығы деп атау туралы жарлық шығарды. Қазақта "өлі риза болмай, тірі байымайды" - дегендей, тәуелсіздік жолына бүкіл ғұмырын арнаған саяси, ресми тұлға Түркістан тұтастығы үшін күресіп өткен алты алаштың біртуар ұлы М.Шоқайдың Берлиндегі мұсылман зияратындағы сүйегін Отаны Қазақстанға қайта оралту бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе. Себебі, оның сүйегімен бірге Қазақстанға "Тәуелсіздік, Түркі елі, Түркістан тұтастығы" идеясы да орал ар еді деп ойлаймын.

Еліміздің Тәуелсіздік алуы бүрын аттарын айтуға қорқатын біртуар азаматтарды халқымен табыстырып, олардың сыр мен жұмбаққа толы өмірлерінің құпиясын ашуға мүмкіндік берді. Солардың жарқын көрінісі бүгінгі дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырып отырған халықаралық конференция мен Түркістанның 1500 жылдық ұлы тойы.

Тек қазақ халқының ғана емес, иісі түркі жұртының тәуелсіздігін аңсаған, сол тәуелсіздіктің көшбасшысы, көсемінің бірі болған, алты алаштың ардағы, қазақтың біртуар перзенті Мұстафа Шоқайдың туған жері - Сыр өңірі, қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 1-Май совхозы. Қазір бұл кеңшар Мұстафа Шоқай ауылы деп аталады.

Тәуелсіздіктің арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілген кезде М.Шоқайұлының Сыр өңірінде Б.Атабаев басқарған және Алматыдан Батырхан Дәрімбет басқарған "Мұстафа Шоқай қоры" құрылған.

Сондай-ақ жақында Мұстафа шоқай туралы жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Авторы – туркиялық ғалым Әбдуақап Қара. Бұл кітап оның докторлық диссертацияся негізінде жазылып, 2 бөлімнен яғни Отанындағы қызметі мен эмиграциялық еңбектері түпкілікті зерттеліп жазылған. Бұл да Шоқайтанудың бастамасы болмақ.

Оның қалдырған бай мұрасының айтарлықтай бөлігі әлі де болса көпшілігімізге белгісіз. Кешегі өткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында М. Шоқайұлының Түркиядан әкелінген еңбектері біздің құқық қорғау органдары қысымымен кері қайтарылды. Оны іздестіріп, елге жан-жақты түсіндіріп, әрі терең зерттеу, оларды том-том етіп бастырып шығару және елімізде Цензураны, демократияға қарсы қысымды жоюымыз қажет. Сондықтан да оны көлденең көкаттыға жем қылмай, астанамызда Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығын құруды оның есімін қаламызда мектептер мен көшелерде қоюды және өзіне лайық ескерткіш бой көтеруі ісін көпшілік болып ойластыруымыз қажет. Сонымен бірге, Халық Қаһармандары Б. Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, тағы басқалар сияқты Мұстафа Шоқайұлына да Халық Қаһарманы атағын берсе артық емес деп ойлаймын.

Халқымыздың біртуар ұлы, бүкіл түркі әлемінің аса көрнекі қайраткерлерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өз елімен шын мәнінде қауышуы оның рухани, ғылыми мұрасының отандастарына оралуының жан-жақты Шоқайтанудың бастамасы деп бағалағанымыз орынды.

Мұстафа Шоқайдың бүкілтүріктік идеясы мен тәуелсіздік жолындағы еңбектері бізге қалдырған аманат. Осы аманатты, яғни Қазақстанды толық тәуелсіздікке жеткізу, Еуропамен терезесі тең мемлекетке айналдыру - біздер мен сіздердің борышымыз!

Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ!



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мұстафа Шоқай. "Түркістанның қилы тағдыры" Алматы. 1992ж, 47-151 беттер

2. М.Шощй. Таңдамалы шығармалары I том. Құрастырғандар Нәрібаев, Жолдасбеков. Алматы. 1998

3. К.Нүрпейісов. " Алаш һәм алашорда" Алматы. 1995. 143-388 беттер

4. Ж.Құлиев. "Мұстафа-Бей Шоқайұлы кеш бізді... " Жас алаш 2000 жыл, 28 қараша.

5. "Жас Түркістан " журналы Алматы. 1998 ж. N2

6. "Түркістан " журналы Алматы. 1998ж. N3

7. К.Аманжолов. "Түркі халыктарының тарихы" 3-кітап Алматы. 1999 ЖЫЛ.

8. А.Оқтай. "М.Шоқай және түрікшілдік Түркістан" 1997. 58 бет

9. М.Шокай, Н.Төреқүлов, Ж.Аймауытов, Ж.Ақбаев Нискольскаялардың есімін есте қалдыру туралы. Алматы. ақшамы-1997ж. 30 мамыр

10. К.Нүрпейісов. "М.Шощй және Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927

жылдардағы қоғамдық саяси өмірі" Қазақстан тарихы, 1997. N2

11. Т.Омарбеков. "М.Шоқайдың эмиграцияға кетуінің кейбір мөселелері" Қазақ тарихы-1997ж. N2. 26-бет

12. М. Қойгелдиев. "Тұтас Түркістан идеясы және М.Шоқай" Егемен

Қазақстан —1997ж. 1-ақпан

13. А.Кәкен. "Тағы да Мұстафа Шоқай". ("Түркістан легионы" туралы).

Түркістан. 1997ж. 1-7 қаңтар

14. Ә.Спанов. "М.Шоқайдың Маңғыстаудағы іздері" Жас алаш. 1996. 19- Желтоқсан.

15. А.Шульгин. "М.Шоқайдың адамилылығы " Қазақ тарихы. 1996ж. N5

16. А.Тәкенов. "М.Шоқай өмірінің кейбір қырлары" Қазақ тарихы. 1996ж.

N5


17. Ә.Бәкіров. "Түркістан ұлттық итеті" (М.Шоқай туралы) Егемен Қазақстан. 1996. 16-қаңтар.

18. Д.Досжан (М.Шоқай тур алы) Жалын.-1993. N5.

19. Ә.Байшуақұлы. "Түркістан лeгионы туралы шындық" (Ғалым, демократ, қоғам қайраткері М.Шоқай туралы Қазақ әдебиеті, 1992. 27-қараша

20. Қ.Бекниязов. "Өз заманының озығы" Шоқайұлы туралы (Коммунизм жолы) 1990. 13 қыркүйек

21. А.Нүсіпхан. Шоқай және оның Яш Түркістан журналынан соңғы деректер. Қазақ әдебиеті. 1998. 1-мамыр

22. Мария Шоқай. "Талықсып кетіп... оянбаған..." Қазақ тарихы. 1997 N2

45-бет

23. О.Хасен. "М.Шоқай және оның шет елдегі ізбасарлары" Қазақ тарихы.



1997. N2. 5-15беттер

24. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995жыл. 30 тамыз

25. Мұстафа Шок,ай және шетелдегі қазақ зиялылары Қазақ елі. 1997 жыл. 17 қаңтар, 5-бет

26. Мұстафа мен Мағжан (архив айғақ). Қазақ әдебиеті 1999 жыл. 5 ақпан, N6. 6 бет

27. Ф.Әли. "Мұстафа Шоқай" Жас алаш 1997. 23-шілде

28. Г.Көкебаева. "М.Шок,ай және түркістандық соғыс тұтқындары" Қазақ

тарихы. 1997. N2

29. К.Нүрпейісов. "Ғасыр басындағы ұлттық интелегенция" Егемен

Қазақстан. 1997. 5 желтоқсан.

30. А.Кәкен.О "Түркістан легионы"Алматы. 2000 106-107беттер 31. "Қазақ тарихы " 1997. N2 44-бет 32. Б.Дәрімбет. "50- мақала" Алматы. 2001. 184 бет



Сілтемелер
' Ә.Әлімжанов. Мұстафа Шоқай! Ол кім? Алматы, 1992, 6-бет.

1 "Жас Түркістан". Париж. 1949-50 жж. 20-бет

1 Тагеев Б.Р."Қан төгіліп, гүл өскен алқапта" Мәскеу. Мембаспа, 1927 ж. 68-6. Жас

Түркістан. Алматы 1998. N3.



2 Народное хозяйство" журналы, N9, желтоксан, 1920. Баку. К.Аманжолов "Түркі халықтарының тарихы " 3 кітап Алматы 1999ж.

1 Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы. 1992. 151-б.

2 "Жас Түркістан" Мұстафа Шоқай мырзаның рухына. Париж, 1949-1950 жж.

1 ҚР – сы Орталық мемлекеттік архиві, 17 қор,1-тізім,2 -3 беттер.

2 Мұстафа мен Мағжан (архив айғақ) Қазақ әдебиеті 1999 ж. 5 ақпан N6, 6 бет.Нүрпейісов К.Ғасыр басындағы ұлттық интеллегнция. "Егемен Қазақстан" 1997 ж., 5 желтоқсан

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1999 жыл 30 тамыз 1 бап

1 Жас Түркістан 1998 ж. N1 наурыз 21 бет.

1 Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А; 1995, 143-бет

2 Хаттың толық тексі Кеңес Нүрпейісовтың еңбегінде жарияланған.

3 Жас Алаш", 1996 ж., 19-желтоқсан

1 Хаттың толық тексі Кеңес Нұрпейстовтың еңбегңнде жарияланған. 233бет.

2Dr.M.Delil: Istanbul, 1942. Жас Түркістан Алматы 1997 N6

3Dr. M.Delil; Istanbul, 1942. Жас Түркістан 1997 N 6

4 Esinin Agizindan Mustafa Gokaeogly, Yas Turkistan Vayinlari sayi: 22 Istanbul, 1972, 104 бет. Сонда

ОГПУ - Объединенное государственное политическое управление (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма



  1. «Жас Түркістан» журналы. А., 1988 №2

1"Жас Түркістан" журналы. А., 1998. N2

"Жас Түркістан". Париж. "Мұстафа Шоқай мырзаның рухына", 30-бет

("История Казахстана: белые пятна ", А., 1991. 301-6.).

("Заман-Қазақстан", 16.05.1997)

' "Түркістан легионы" А.Кәкен Алматы 2000. 105-110 беттер

"Наука и жизнь" журналы. N12. 1987.

2. Ә.Байшуақұлы «Түркістан легионы туралы шындық. Қазақ әдебиеті. 1992, 27 Қараша.

Көкебаева Г.М. Шоқай және түркістандық соғыс тұтқындары. Қазақстан тарихы. 1997. N2.

И.А.Дугас. Санадан сызылғандар. Кеңестік соғыс тұтқындары Гитлер мен Сталин арасында. Париж, 1994, 302-303 беттер.

1 Байшуақұлы Түркістан легионы туралы шындық. Қазақ әдебиеті, 1992, 27 Қараша .

М.Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992ж. 47 бет



Құлиев Ж. Мұстафа-Бей Шоқайұлы кеш бізді... "Жас алаш" газет, N143. 28-қарашада 2000, 3-бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет